» » БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ МУЗЕЙІНДЕ ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚҚА КЕЗЕКТІ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ


БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ МУЗЕЙІНДЕ ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚҚА КЕЗЕКТІ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ МУЗЕЙІНДЕ

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚҚА КЕЗЕКТІ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

 Бүгінде еліміздегі барлық саяси партия, ірі қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар және азаматтық қоғам өкілдері Елбасы жолдауына өз үндерін қосуда. Сондай шараны Бейбітшілік және келісім музейі де ұйымдастырып, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚР Ұлттық мұражайы және Бейбітшілік және келісім мұражайының қызметкерлерімен бірге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішүлы Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК» тақырыбындағы жолдауға сараптамалық талқылқылау жасап, ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстелдің алғысөзін Бейбітшілік және келісім музейі директорының орынбасары Е.Б.Асқарбеков бастап, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Жолдау арқылы бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қозғап, алғы бағыттарымызды айқындағаны жөнінде баяндама жасап тоқталып өтті.

Талқылауға Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылым жөніндегі орынбасары Ж.Таймағанбетов, Халық қазынасы институтының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты А.Оңғар, ҚР Ұлттық мұрағат басшысы М.Әбсеметов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істер комитетінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директорының кеңесшісі А.Мұқашев, PhD докторы Е.Мәртенов және Бейбітшілік және келісім музейінің қызметкерлері қатысты.

Жаңару мен жаңғырудың даңғыл жолына түскен Қазақстан ширек ғасырдың ішінде бүкіл әлемге қуатты, ілгері дамыған, ынтымағы мен бірлігі жарасып, ырысы артқан мемлекет ретінде танылды. Оны бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды.

Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдауы жылдағыдан мүлдем ерекше болды. Бұл жолы Президент жиын өткізіп, теледидар арқылы емес, елдің даму жоспарын тұңғыш рет жазбаша түрде жариялады. Мұндай қадамын президент алдын-ала арнайы үндеу арқылы түсіндіріп берді. Президенттің айтуынша, заңға сәйкес, Елбасы xалыққа арнаған жолдауын ауызша, я болмаса, жазбаша түрде жолдай алады. "Биыл мен екінші жолды таңдадым", - деп атап көрсетті ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы: «Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Мен оның бес негізгі басымдығын көріп отырмын. Олар экономиканың əлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге жəне 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған», деді өз Жолдауында».

Қазақстанның кезекті жаңғыруы — еліміздің ілгері басуы деп білеміз. Біздің еліміз неғұрлым дамыған елдер қатарына қарай батыл ұмтылуда. Жаңғырту жолдарына басымдық берген бұл мәлімдеменің мәні мен маңызы Қазақстан халқы үшін аса маңызды. Жолдауда ел азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы нақты айтылады. Бұл мақсатпен зейнеткерлерге төлінетін ақылар, түрлі әлеуметтік төлемдердің деңгейін жоғарылату, әлеуметтік-экономикалық саланы жаңғырту бойынша міндеттер қойылады. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің үздік 50 елдің қатарында, алайда алдымызда үздік отыздыққа ілігу мақсаты тұр. Сондықтан біздер, қазақстандықтар, білім деңгейімізді, құқықтық және қаржылық сауаттылығымызды жоғарылатып, жан-жақты дамуымыз қажет.

Кездесу барысында қонақтарымыз ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем, ырысы артқан берекелі қазақ еліне қызмет жасап жатқан Жолдаудағы бұл жолғы басымдықтардың маңызы зор, міндеті анық, бағыты айқын екенін тарқатып айтты.

Шара соңында мәдениет саласының қызметкерлері ендігі кезекте әрбір қазақстандық осы береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, еліміздің іргесін бекіте түсуі қажет деп атап өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Бейбітшілік және келісім музейінің ғылыми қызметкері,

филология магистрі Қажымұрат Алмагүл

Автор: admin | 3-02-2017, 11:27
Қарау саны: 897
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :