Антонимдер

5 -сынып

Сабақ тақырыбы: Антонимдер.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға антоним туралы мағлұмат беру, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін бекіту; толықтыру

Дамытушылық: Талдау жұмыстары арқылы білімдерін, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін дамыту, ойлау дағдысын , көркем жазу мен сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды талдауға алынған мысалдар арқылы ақыл-ой, адамгершілік, ізгілік қасиеттерге, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақ әдісі: түсіндіру,ойландыру, сыни тұрғыдан оқыту стратегиялары,шығармашылық жұмыс

Көрнекілік: интерактивті тақта, кеспе қағаздар, сызба –нұсқалар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

ә) Үй тапсырмасын тексеру

84-жаттығу. Мына сөздердің синонимдерін тауып жазыңдар.

85-жаттығу.Төмендегі сөздердің синонимдерін атаңдар.

(Интерактивті тақтада берілген сұрақтар арқылы өткен сабақтарды пысықтау)

1. Лексика саласы нені зерттейді?

2. Омоним дегеніміз не? Мысал

3. Синоним деп қандай сөздерді айтамыз? Мысал

 

б) Жаңа сабақ

Сабақтың мақсатымен таныстыру

1.« Ойлансаң,ойлы боларсың» кезеңі

Интерактивті тақтада берілген сөздердің омоним,синонимдерін табады

Батыр, жарық, қара

Оқушыларға осы сөздерге қарсы мәндес сөздерді тапқызу

Қорқақ, қараңғы, ақ

Мысалдарға қарай отырып,жаңа сабақтың ережесін тапқызу.

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.

2.«Талдау-табыс кілті»

Оқулықпен жұмыс

87-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Тірек сөздерді тауып,астын сызыңдар.

Әсем, тез,шебер,зор сөздерінің антонимдерін тауып жазыңдар.

 3. «Бинго» ойыны.Интерактивті тақтада 10 сөз беріледі. . Оқушылар олардың ішінен 5 сөзді дәптерлеріне жазып алады. Ойын басталғанын хабарлап, тақтаға жазылған 10 сөздің ішінен 5 сөздің антонимі тақтадан көрсетіледі. Оқушылар өздері жазып алған сөздерден антонимі бар сөзін белгілеп отырады. Ойын соңында ең көп сөзі сәйкес келген оқушы жеңіске жетеді.

Ұзын, әсем, жақсы, әке, күн, тату,кіші, қуаныш, кем,дос

Тақтада жазылған антоним сөздер: араз, жаман, қас, шеше,қысқа

Антонимдер

2 . 89-жаттығу.Құпия, жас,шық, үйір, тіл,ерсөздерінің омонимдес, синонимдес, антонимдес сыңарларын тауып жазыңдар.

3. «Кім жылдам?» Берілген мақал-мәтелдердің ішінен антонимдерді тез табу

  1. Қорқақты көп қусаң,батыр болады.
  2. Кіші үлкенмен керіспес
  3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,шеше тұрып қыз сөйлегеннен без.
  4. Жаздың қамын қыс ойла
  5. Көп сөз - көмір,аз сөз-алтын

Антонимдер

г) Үй тапсырмасы

90-жаттығу. Мәтіннен антоним сөздерді тауып,астын сызыңдар. Антонимнің емлесін жаттау.

«Менің досым» деген тақырыпта құрамында антонимдер кездесетін шағын әңгіме жазу.

д) Оқушыларды бағалау

Автор: admin | 16-02-2017, 11:50
Қарау саны: 1407
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :