» » Еуразияның зерттелуі


Еуразияның зерттелуі

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылы, №166 қазақ орта мектебінің география пәні мұғалімі Нұртазаева Райхан Маханбетқызы

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Еуразияның зерттелуі

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға Еуразия материгінің зерттелу тарихы мен зерттеушілер еңбектерін, соның ішінде қазақтан шыққан тұңғыш географ Ш.Уәлиханов еңбектеріне шолу жасау, PIZA тапсырмаларын беру арқылы оқушылардың құзырлығын анықтау.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар сыни ойлау мен диалогтық қатынас орната отырып Еуразия материгін зерттеушілер-Ш.Уалиханов, П.С.Семенов, Н.П.Прежевальскийдің еңбектерін біледі.

Түйінді идеясы: сыни ойлау мен көшбасшылық жасау арқылы Еуразия материгін зерттеген зерттеушілерді толық меңгерту , жеке тұлғаны таныту мақсатында өздеріне жұмыс жасату арқылы толық білдірту.

Сабақтың әдісі, жұмыс түрі: Топтық таныстырылым, электронды оқулық тапсырмасы, кесте мен картамен жұптық, топтық жұмыстар, венн диаграммасы

Ресурстар :Интерактивті тақта, Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус , маркер шығу парағы,үлестірмелі қағаздар

Бағалау:Формативті бағалаудың 12 стратегиясын қолдану(Смайлингтер)

Сабақтың барысы:

 

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Кіріспе

1.. Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Оқушыларды түгендеу

2. Жалпы географиялық шолу жасау,оқушыларға «Ең,ең ерекшеліктерін меңгерту» мақсатында үй тапсырмасын сұрау.

3.Сәйкестендіру кестесімен 3 топқа жеке

таратпалар беріледі (жауабы интертақтадан көрсетіледі.

1.Оқушылар мұғалімге құрмет көрсете отырып амандасады, топтарға өзара ынтымақтаса отырып бөлінеді. Топтағы міндеттерімен бөліседі.

2.Әр топ өздеріне берілген «Тест жұмысымен» жұптаса отырып жұмыс жасауға әрекеттеседі.

Үй тапсырмасын «Серпілген сауалдармен» тарауға пысықтау жасайды.

10 мин

Тұсаукеср

Еуразияның зерттелуі

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
Еуразияның зерттелуі

 2. «Ой шақыру» Бұл материктің басты ерекшелігі жерінің көлемі жөнінен дүние жүзінде 1-орында 54 млн жерді алып жатқан материк,4 мұхит суы шайып жатқан ,екі дүние бөлігінен тұратын қай материк?

Оқушылармен ой бөлісіп жаңа тарау, жаңа тақырып «Еуразия материгінің жер бедері мен географиялық орны» тақырыбын өз беттерінше оқуға шақыру.

1.Оқушылар берілген тапсырманы ой қозғау арқылы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

2.Дәптерге электронды оқулықтан берілген мәліметтерге көз жүгірте отыры дәптерлеріне қысқаша мәліметтерді жазып алады.

25

мин

Негізгі

бөлім

 

1.-тапсырма: Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді.

А) ««Инсерт»»әдісімен жеке тапсырма ретінде тақырыппен танысу беріледі.

Ә) Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар 3-топқа бөліне отырып жұмыс жасауға әрекеттенеді.

1топ: Еуразияға ең, ең ерекшеліктерімен сипаттама беру.

2топ: Географиялық орнына жалпы сипаттама беру.

3 топ: Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, бұғаздар, шығанақтарға сипаттама беру.

2-тапсырма: «Картамен жұмыс» жеке тапсырма кескін картаға шеткі нүктелерін түсіру.

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.

1.Топтық жұмыс: оқушылар «Инсерт»әдісі

мен оқулықтан оқи отырып ,постерге берілген тапсырмаларды топтасып отырып сипаттама береді.

2-жеке жұмыс: Оқушылар «Жадыңда сақта»ойыны арқылы картаға түсіреді.

 

10 мин

Бекіту кезеңі

1. PIZA тапсырмаларын беру

 

Оқушылар топпен PIZA тапсырмаларын орындайды, жауаптарын дәлелдейді.

 

2 мин

Үйге тпсырма

 

1.Мазмұны

2.Зерттеушілердің саяхат жолдарын кескін картаға түсіру.

Еуразия материгін зерттеген зерттеушілердің саяхат жолдарын кескін картаға түсіреді.

 

3 мин

Кері байланыс

«Интервью» әдісі

Үйге тапсырма кескін картаға жағалаудағы нысандарын түсіріп, мәтінді оқу

Әр оқушы бағалау бетшесіне қойған бағаларының арифметикалық ортасын шығарады:

жұлдызша-5

төртбұрыш-4

үшбұрыш-3

дөңгелек-2


 

PIZA тапсырмалары

1. Қазақтың тұңғыш географ ғалымы Шоқан Уәлиханов Орталық Азияның 19 ғасырға дейін белгісіз болған ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Ол өз саяхаты кезінде Ыстықкөл, Тянь-Шань таулары мен Қашғарияға дейін жеткен.

Қашғарияның алтын шаһарына саудагер ретінде жасырын барған Шоқан қандай құнды мәліметтер жинақтады ?

Құнды мәліметтер

Иә немесе жоқ

1

Көне тарихи кітаптар

Иә/жоқ

2

Этнографиялық бағалы бұйымдар

Иә/жоқ

3

Өсімдік түрлері

Иә/жоқ

4

Тау жыныстарының үлгілері

Иә/жоқ

 Ескерту: Әр жауапты түсіндіру (неге «иә», неге «жоқ»)

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2.19 ғ екінші жартысында Еуразия туралы жинақталған мәліметтер жиһанкездерді қызықтырды.Осы кезеңде Н.М.Пржевальски ,П. П. Семенов-Тян-Шанский, Ш.Уалиханов келді.

Осы ғалымдардың зертеулерінде осыған деиін белгісіз болып келген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін анықтау кезінде жабайы жануар табылды

 (Ол қандай жануар және оны кім тапты) 

Құнды мәліметтер

Иә немесе жоқ

1

Н.М.Пржевальский жабайы жылқы

Иә/жоқ

2

П. П. Семенов-Тян-Шанский жабайы түйе

Иә/жоқ

3

Ш.Уалиханов жабайы қой

Иә/жоқ

Ескерту: Әр жауапты түсіндіру (неге «иә», неге «жоқ»)

Автор: dauke | 18-02-2017, 20:42
Қарау саны: 1899
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :