» » Қарым-қатынас мәдениеті


Қарым-қатынас мәдениеті

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Тақырыбы: Қарым-қатынас мәдениеті

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Мейірімділік, жанашырлық,ізгілік

Пән мұғалімі: Суатова Тогжан Болатовна

Сыныбы: 7 «а, ә»сынып Оқушы саны 17,19

Мектебі: Қаракөл орта мектебі

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын сыйластыққа, сүйіспеншілікке құруға үйрету.

Міндеттері:

-оқушыларға жағымды, ізгілікті қарым-қатынас жасаудың мәнін, маңызын түсіндіру;

-жағымды қарым-қатынас жасай алу дағдыларын дамыту;

-жағымды қарым-қатынас жасай алуға, ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)

«Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше, шарлар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым.

Сабақ барысын талдау:

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру

Робинзон Крузо

Д.Дефо

-шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

- кейіпкердің сағынышының сыры неде?

-Ол неліктен адамдар қауымына талпынды деп ойлайсыңдар?

-оған калай көмектесер едіңдер?

-адам өмірін жалғыз өткізе ала ма?

 

Дәйексөз.

«Өмір-теңіз, жүзем онда демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз».

Рудаки.

 

Мұғалім сыйы: Аңыз әңгіме «Білім мен тәжірибе».

Бір күні шәкірті қария данышпанға келіп:

-Ұстазым, сіз өмір бойы біліммен сусындап келесіз. Білімнің сіз алмаған қамалы жоқ шығар. Айтыңызшы, күнделікті тұрмыста да сондай шеберсіз бе?-деп сұрайды. Артынша ұстазының жауабын күтпестен:-Мен болсам, балтамен ағаш бұтауды шебер меңгердім. Алдыма жан салмаймын. Сізді де жеңетініме сөз жоқ, жарысып көрейік,-дейді. Данышпан асықпай, сабырлылықпен: -Мен дайынмын,-деп жауап берді. Олар орманға барып, әрқайсысы өзіне жер бөліп алады да, жарысты бастап кетеді. Шәкірт дем алмастан ағашты шаба береді. Ұстазы жаққа құлақ салып қояды. Ол данышпан балтасының даусын естімей қалса, демалып отыр екен деп қуанып қояды. Жарыс біткен кезде, данышпанның шапқан ағашы көп болып шығады. –Қалайша?-деп айқайлап жібереді шәкірті. –Сіздің кейде ағаш шаппай, демалып отырғаныңызды естідім ғой... –Иә, ол кезде мен балтамды қайрап отырғанмын. «Ісім өнсін» десең, алған біліміңді өмірде дұрыс қолдана біл, балам. Қайралған балта сияқты білім де тәжірибемен шыңдалып отыруы керек,-дейді данышпан шәкіртіне. Шәкірт ұстазының сөзі мен ісінен өзіне мәңгілік сабақ алды.

-Данышпанның өз шәкіртімен жарысқа мәні неде?

-Ұстаз шәкіртіне дұрыс өмір сүруді қалай үйретті? 

 

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жағдаяттарды талдай отырып, айналамен жақсы қарым-қатынасқа түсудің құпиясын ашу, пікірлесу.

1.Жанар қандай да бір жарыссөзге түсер кезде, оның ойында тек қана қайткенде де қарсыласын сөзден ұту ниеті ғана тұратын. Қанша ұтымды ойлар айтқанмен, ол жеңіліске ұшырап қалатын, Себебі неде деп ойлайсыңдар?

2.Бір үйдің екі қызы бар. Ата-анасы екеуіне бірдей жағдай жасайды. Бірақ ағайынды екі қыздың бірі ылғи, ешнәрсеге көңілі толмай, көңілсіз жүреді. Ал, екіншісі керісінше шат-шадыман. Себебі неде деп ойлайсыңдар?

 

Топпен ән айту.

«Аңса, жаным»

Сөзі: М.Мақатаев

Әні: М.Төлендиев

 

Мен тілейін, жарқыным сен де тіле
Жақсылық орнасын де жер бетінде
Аққу тіле айдынның келбетіне
Айдын тіле аққуды
Айдын тіле аққуды
Айдын тіле аққуды тербетуге
Мен аңсаймын, сен-дағы аңса, жаным
Жақсыдан жайлап ескен жан самалын
Аңса жаным, зарығып шарша жаным
Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың
Мен сағынам, сен-дағы сағын, жаным
Адамнан тек жақсылық табылғанын
Ашусыз, ала көзсіз бауырлардың
Аңсаймын алқам-салқам
Аңсаймын алқам-салқам
Аңсаймын алқам-салқам қауымдарын
Мен аңсаймын, сен-дағы аңса, жаным
Жақсыдан жайлап ескен жан самалын
Аңса жаным, зарығып шарша жаным
Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың
Көңілім болса-дағы қанша жарым
Солармен білінбейді шаршағаным
Жақсыдан жайлап ескен жан самалын
Жабықпай аңса жаным,
Жабықпай аңса жаным,
Жабықпай аңса жаным,
Аңса, Жаным

 

Үй тапсырмасы.

Өсиет әңгіме

«Теректің асқақтығы».

 

Соңғы тыныштық сәті.

Ал, енді, балалар, бір минут тыныштықта бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар.

 

Автор: dauke | 18-02-2017, 21:04
Қарау саны: 840
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :