» » Біздің өміріміздегі маңызды қасиеттер


Біздің өміріміздегі маңызды қасиеттер

Біздің өміріміздегі маңызды қасиеттерАстана қаласы

№76 мектеп-лицейі

Ағылшын тіл пән мұғалімі

Қ.Б.Қожахметова

Подпись: «Өз еңбегін талдай және қорытындылай білетін мұғалім, ең білімді тәжірибелі педагог» В.А.Сухомлинский

The most important things in our life (Біздің өміріміздегі маңызды қасиеттер), грамматикалық тақырып бойынша

"Should” модаль етістігі

(«Кеңес беру» модаль етістігі)

Сабақтың мақсаты: Адамдар қарым-қатынасындағы жеке, топтық, ұжымдық қарым-қатынастың мәнін ұғындыра отырып, ынтымақтастықтың маңыздылығын бағалай білуге бағыт беру.

Көрсеткіштері

 

/0-3 ұпаймен бағаланады/

 

«27-30» - өте жақсы,

«23-26»- жақсы

«0-22»-қанағаттанарлық

 

 

 

 

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Сабақтың мақсаты мен міндетінің қойылуы

Өткен тақырыптың қайталануы

Оқушы зейінін жаңа тақырыпқа тарту

Жаңа материалды игерудің әдіс-тәсілдері

Өткен сабақтың жаңа сабақпен байланысы

Сабақта проблемалық мәселені қоя білу

Таным белсенділігінің дамуы

Ауызша (сөйлесу) тіл дамыту, жазу дағдысының қалыптасуы / бірыңғай орфографиялық ережелердің сақталуы

Ұжымдық, саралап, даралап, дамыта оқытуды ұйымдастыру

Оқушының сабаққа және пәнге деген қызығушылығы

Ұпайы:

3

3

3

3

3

3

2

2

3

3

Ұтымды жақтары: Сабақ барысында кіріспе кезеңінде оқушылар cұранысын қанағаттандыру және олардың арасында тұлғааралық байланысты орнатуда, ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында «Жүректен жүрекке» стратегиясын қолдандым. Оқушылар бір-біріне әдеттегіден де ыстық лебіздерін білдірді. «Жүректен жүрекке» стратегиясын ұтымды пайдаландым деп есептеймін себебі, оқушылардың жүздерінен жағымды эмоциялық күй, өз ойларын ашық, еркін, тіпті әзілмен де білідірді.

Тұсаукесер кезеңінде, тақырыптың мазмұнын ашу мақсатында «Ой қозғау»тәсілін жүзеге асыруда, "Humanity” тақырыбында сөзжұмбақ шешілді. Сөзжұмбақ сұрақтары жазбаша түрде және айтылымымен бірге көрсетілді, тыңдатылды. Себебі, ағылшын тілінде міндетті түрде айтылымды, көрсетілімді, тыңдалымды жүзеге асыруды қажет етеді. Сөзжұмбақты шешіп болған соң, оқушыларға сұрақ қоюдың «Сынақтан өткізу сұрақ» техникасы бойынша сұрақтар қойылды. What are they? S: The qualities of humanity.

T: So, the theme of our lesson is the most important things in our life.

Оқушыларды суреттердің қиындысын таңдау арқылы төрт топқа бөлдім. Әр суреттің артында топтың атаулары болды. Атап айтсам, «Бағалаушы топ» (2 оқушы), «Достық» (Friendship) тобы (5оқушы), («Даналық»)"Wisdom” (5 оқушы), «Денсаулық» (Health) (5 оқушы) болып бөлінді. Топқа бөлінген соң, «Ауызша журнал» әдісі бойынша тапсырма берілді. Тапсырмада, poster арқылы таныстырылым дайындау берілді. Тапсырманы орындау барысы түсіндірілді. Барлық топ таныстырылымын жасап, тапсырманы жақсы деңгейде жасады, регламент уақыты: дайындалуға -5 минут, қорғауға -5 минут берілен болатын, оқушылар уақытты сақтай білуге дағдылынып келеді.

Ең ерекше болғаны ол «Даналық» тобы берілген уақыт ішінде таныстырылымды жасап шықты. Осы сәтте, мен Ақботаның дарындылығын (өлең шығару)анықтай алдым. Бір шешімге келуде, оқушылардың қабілеттері мен дарынды және талантты қабілеттерін анықтау мақсатында «Топтас-ойлан-бөліс» стратегиясын тиімді қолдана білдім. Тапсырманы барлық топ өз деңгейінде орындап шықты. Қуанарлық жағдай, ол зерттеуге алған «В» деңгейдегі оқушым Гауһар, постер жұмыс барысында жақсы белсенділік танытты, эмоциялық күйі жайлы болды.

Уақытты үнемдеу үшін және оқушылардың бір-бірімен бірлесіп, еркін пікір алмасуына жағдай туғызу мақсатында регламент уақытын сақтай білуге шақырдым. Яғни, қойылған мақсатқа бірлесе орындау арқылы өте жақсы жетті. Ағылшын тілі сабағында оқушылар жаңа сөздермен жұмыс жасайды, «Екі түрлі түсіндірме күнделігі» бойынша жаңа сөздердің мән-мағынасын толық ашуға тырысты. Оқушылар арнайы ресурстармен қамтамасыз етілді (скотч, қайшы, желі, түрлі түсті қағаздар және т.б.) Осы топтық жұмыстардан соң, сергіту сәтін «Just dance» биін ұйымдастырдым. Оқушылар тақтадағы көрсетілім арқылы биді қайталап орындады. Сергіту сәтін әуенмен жасау барысында оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйлерін байқадым.

Қорытынды кезеңінде, «Бағалау өлшемі» бойынша «Бағалаушы» топ өзара бағалап шықты. Бағалауда әділ, нақты өлшемге сүйене отырып бағалай білуге дағдыланды. Үйге тапсырма бермес бұрын, жаңа сабақ барысындағы алған білімін саралап, өздерінің бүгін не үйренгенін байқап, тереңдете түсу мақсатында әр оқушыға сабаққа дейінгі және сабақтан кейінгі әсерлері «Блоб ағашы» толтыру арқылы анықталды. Оқушылар өз ойларымен сабақтан алған әсерлерін жазып берді. Сабақ аяқталған соң, оқушылардың жазған жазбаларын оқи отырып, сабақтың қызықты, сабақтың өту барысының ерекше болғаны және де көп мағлұмат алғандары, сергіту сәтін ұнағаны анықталды.

Формативті бағалау оның ішінде:

Mадақтау: Жарайсың! Бәрекелді! Өте жақсы!

Good Luck! (Қол соғу) әр кезеңде жоспарға сай жүзеге асырылды.

Ұтымсыз жақтары: Таныстырылым қорғау барысында топ оқушыларының толық қамтылмауы. Уақыт тиімсізідігі. (5 мин)

Ұсыныстар: Тапсырманың көлемін есепке алу, «Бағалаушы» топтағы әр оқушыны сөйлетуге дағдыландыру, ой-пікірін білуге мүмкіндік туғызу.

 

Автор: dauke | 18-02-2017, 21:17
Қарау саны: 835
    
Жарнама

Пікірлер -
1


Arnoldbum - 20 ақпан 2018 06:42
Ссылку я тебе оставлю внизу, посотри как сможешь

-------

активатор бесплатно

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :