» » Жұлдызым менің жоғары


Жұлдызым менің жоғары

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

 

Тақырыбы: Жұлдызым менің жоғары

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:Жақсылыққа ұмтылу, адамгершілік пен имандылық, ізгілік , сенім, мейірімділік.

Мұғалім: Суатова Тогжан Болатовна

Сыныбы: 10а, 10ә

Оқушы саны 10 , 13

Мақсаты:

Жақсы тілек, сенімінің айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру.

Міндеттері:

- Білімділік:Жақсы тілек, жақсы сөздің айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру;

- Ішкі сенімдерін дамыту;

-Тәрбиелілік: Ізгілікке тәрбиелеу

Ресурстар

(құралдар, мәліметтер)

«Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. 5Т Тәртіп, тыныштық, талап, тазалық, татулық

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым.

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру

«Жүрегім соғып тұрғанда»

- Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:

- Қалай ойлайсыз үлкендер неліктен жұлдызым жоғары болсын деп неге айтқан?

- Өз жұлдызыңыз қандай деп ойлайсыз?

- Адам жұлдызы жоғары болу үшін не істеу керек?

- Әр адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

- Біздің ұлттық мінезіміз қандай?

 

 

 

Дәйексөз.

«Талапты ерге нұр жауар»

Халық сөзі

 

Мұғалім сыйы

Тарих не дейді?

Жұлдыздар әлемі әр алуан. Шығыс халықтарында біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырдың өзінде-ақ алғашқы астрономиялық түсініктер пайда болыпты. Ежелгі Қытай мен Вавилонда негізгі уақыт бірлігінен басқа, Күн мен Ай тұтылуының қайталану периоды белгілі болған. Грекияда Жердің шар тәрізділігі туралы ілім қалыптасты.

Негізі ата-бабаларымыз бір күндік немесе бір маусымдық ауа райының, жолсапарда бағыт бағдарын Ай мен Күннің, Үркер, Темірқазық сынды жұлдыздардың орналасуы, құбылуы арқылы бағамдап біліп отырған. «Қарашаның қайтуы, күннің тоқырауы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, қыс тоқсан, ай тоғамы» деген ұғымдарды пайдаланған. Қыста күн құлақтанса, ол қатты аяздың белгісі, жазда күн кенет ысып кетсе - көп ұзамай жаңбыр жауады, қыста кемпірқосақ туса - жыл берекелі, мал төлді, егін, шөп бітік болады, шолпан жарқырап туса - егін, шөп, жеміс бітік бітеді, ай қораланса - жаз жаңбырлы, қыс қарлы, боранды, жазда жұлдыздар жарқырап тұрса - келер күн ыстық болады деп жорамалдар жасаған. Ал ең негізгі мәліметтер жұлдыз-жорамал арқылы туады. Оның қазіргі адамдар өміріндегі маңызы мен орны, жұлдыз жорамалға деген көзқарас, күннен күнге оң пікір тудырып, тіпті жұлдыз жорамалға сеніп өмірлік серігіне қосылып, немесе жұлдыз жорамал арқылы жолға шықпайтындар да кездесіп жатады.

 

Шығармашылық жұмыс

«Жұлдызым менің жоғары» тақырыбына эссе жазу

 

 

Топпен ән айту.

Көңілді күн

1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

 

Қ-сы:

Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!

 

2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп келгенімде

Қуандың ау балаша мені көріп.

 

Қ-сы:

Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!

 

Үй тапсырмасы.

Н.Исабеков

«Жақсылық дәні»

 

Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

 

 

 

Автор: dauke | 19-02-2017, 17:43
Қарау саны: 4036
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :