» » Өнерлі жігіт, Заттың сынын білдіретін сөздер


Өнерлі жігіт, Заттың сынын білдіретін сөздер

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылы, №166 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Кенжегүл Мейрамбайқызы

Сынып: 2

Пәннің аты: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Өнерлі жігіт, Заттың сынын білдіретін сөздер

Сабақтың мақсаты :

 Білімділік: Заттың сынын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін кеңейту. Ғалым жігіт туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Өнерді бағалай білуге тәрбиелеу

Дамытушылық : Әңгіменің мазмұнын жүйелі баяндау дағдысын жетілдіру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру, дамыту.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі : Жаңа білім игеру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Көрнекілігі : суреттер, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

-Олай болса оқушылар қуанышты көңіл күймен бүгінгі сабақтағы мақсатымызға қол жеткізейік.

Мақсат қою(сын есім туралы түсінігімізді кеңейту, өнер туралы түсінік алу)

Достарымыздың, өзіміздің керемет көңіл-күйімізбен үй тапсырмасын айтып көрейік.

II.Үй тапсырмасын тексеру

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Ахмет Байтұрсынұлының «Тарту » өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу.

-Оқушыларға  өлеңді мәнерлеп оқыту. Әр оқушыға екі жолдан оқыту.

-Осы өлеңде Ахмет атамыз жақсылыққа жету үшін қандай болу керек дейді?

-Өзіміз не үшін білім алғымыз келеді?

-Білімімізді шыңдап көп оқысақ қандай азамат боламыз?(оқушылардың жауаптары тыңдалады) . Тақтадан А. Байтұрсынұлымен Әл-Фарабидың суреті көрсетіледі.

-Балаларды оқу-білімге, даналыққа шақырған атамыз кім?

-А.Байтұрсынұлы.

-Олай болса өз бетінше еңбектеніп, талаптанып, білім алып данышпан ойшыл атанған адам Әл-Фараби екен.

-Әл-Фараби туралы не білеміз?(оқушылар өз ойларын айтады). Әл-Фараби туралы мағлұмат беру.

 

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> 870жылы Отырар                                                        150 ге тарта еңбек жазған 

<!-- [if gte vml 1]>

 

Әл -Фараби

<!-- [if !vml] --> Овал: Әл -Фараби <!-- [endif] --> Қаласында дүниеге                                                     «Ғылымдардың шығуы»,

Келді                                                                            «Бақытқа жету», т.б

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->  

 

 

Ұлы ойшыл математик,                                          950 жылы Сирия, Шамда

Ғалым                                                                    қайтыс болды.

 

-Фараби туралы аңыз әңгімелер ел аузында айтылып ұрпақтан –ұрпаққа жетіп отырған. Сондай әңгімелердің бірін тыңдап көрейік.

III. Жаңа сабақ

(Тақтада суреттер бойынша әнгіме тыңдалады)

-Ал енді осы әңгімедегі жігіт қандай?

-Өнерлі

-Олай болса бұл бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз

«Өнерлі жігіт» әнгімесі

- Әңгімедегі жігіт қандай?

- Өнерлі (сұрақ қояйық, қай сөз табы?). Жігіт сөзіне сұрақ қояйық?

- Өнерлі сөзі қалай айтылып тұр?

- Жіңішке.

- Не себепті жіңішке айтылып тұр?

- Дауысты дыбыстары жіңішке болса, сөзде жіңішке айтылыды.

- Өнерлі сөзін буынға бөлейік?  3буын

- Ал осы мәтінде бізге таныс емес сөз барма?

Дирхем –ақша

Диуана дәруіш-ел кезіп қайыр сұрайтын адам.

Дирхем сөзіне дыбыстық талдау жасау.

- Қазір бізде ақша қалай аталады?

- Теңге

- Ең алғашқы теңге 1993 жылы қараша айында шықты.

- Алғашқы теңгелерге ақын, күйші, ойшыл, ғұлама бабаларымыздың бейнесі салынған.

- Басқа елдердің ақшасын білемізбе?

- Өзбекстан, Қырғызстан,Түркіменстан, Ресей, Қытай

- Осы елдің ақшалары қалай аталады? (Өзбекстан- сум, Қырғызстан-сом,

Ресей рубль, Қытай-юань).

- Олай болса ойын ойнап көрейік. Шарты: әр мемлекеттің ақшасын өз банксіне салу.

IV. Білімді бекіту.

Тест тапсырмалары :

1.Қандай ? Қай? Сұрақтары қандай сөздерге қойылады?

А) Заттың сынын білдіретін сөздерге

Ә)Заттың қимылын білдіретін сөздерге

Б) Заттың атын білдіретін сөздерге

2.Әл- Фараби кім?

А) Батыр

Ә) Ақын

Б) Ойшыл, ғұлама

3.Әл –Фараби қайда барды?

А) Базарға

Ә)Моншаға

Б) Мектепке

4.Әл –Фараби жігіттің қандай өнерін байқады?

А) Билегенін

Ә) Өлең айтқанын

Б) Тісімен шеге суырғанын

5. Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті?

А) Ғалым болды

Ә)Әнші болды

Б) Жалқау болды

Тест жауаптарын тексеріп бағалаймын

V. Үйге тапсырма:  «Өнерлі жігіт »мәтінін оқу, мазмұнын айту

132-жаттығу

Автор: dauke | 28-02-2017, 21:44
Қарау саны: 630
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :