» » А.Әуезов Жас Мұхтар


А.Әуезов Жас Мұхтар

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылы, №166 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тұрғанбаева Айгерім Жанайдарқызы

Сынып: 4

Пәннің аты: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы

А.Әуезов Жас Мұхтар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабдығы

Түрі

Жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы ақын Абаймен байланысты балалық шағы туралы түсінік беру, тақырыптың мазмұн – мәнін ашып, таңдау, жинақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Абай мен Мұхтартануға бағыттап, ізденімпаздығын арттыру.
Тәрбиелік мәні: Абай өсиеттерінен тәлім тәрбие алу, қарасөздерінен ғибраттану, Мұхтар Әуезовтің жазушылық ізгі жалына баулу.
Сабақтың әдісі: Сыни ойлау әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Абай, Мұхтар портреттері (интерактивті тақтадан).
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.

Психологиялық ахуал

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық даярлық. Топқа бөлу
II. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.

Сұрақтарға жауап беру.
- Жетім кім?
- Қорлық көрсетуші кім?
- Қасымның тағдыры не болды?
Табиғат балаға қалай көрінеді?
Қасым неліктен жеті түнде жалғыз, жаяу келе жатыр?
Қасымның тағдыры неліктен қиын болды?
Әңгіме неліктен «Жетім» деп аталынды?
«Жетім есіркегенді ел елейді». Енді қазіргі кездегі жетім балалар мен сол замандағы балаларды салыстыру. (Ауызша)


«Бұл дәуірде өз тілін,
әдебиетін білмеген,
қадірлемеген адам
толық мәнді адам емес». М.Әуезов.
Жаңа сабақ. Блум таксиономиясы (сұрақ-жауап)
Негізгі бөлім.
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жеңіл тиіп,
Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы
- Балалар бұл кімнің өлеңі?
- Абай
- Абай Құнанбаев кім?
- Қазақтың ұлы ақыны.
- Дүние жүзіне, әлемге әйгілі еткен кім?
- Мұхтар Әуезов.
- Ол Абай Құнанбаев туралы қандай эпопея жазды?
- «Абай жолы» 4 томдық эпопеясын жазды.
Мұхтар ес білгелі Абайдан үлкен тәрбие алды, үлгі – өнеге алды. Атам ескіше оқып, хат танып, әріпті жаза бастаған соң, Мұхтарға, бәрімізге Абай өлеңін, қара сөзін үйрете бастады.
(Ахмет Әуезов)
Мен, балалар, сендерге Мұхтар туралы мини лекция айтайын. Сонымен Абайды әлемге танытқан Мұхтар. Ал өзін әлемге танытқан «Абай жолы» эпопеясы болды.
Абай жолының сөздік қоры, мәні өте зор. Бұл кітапта 1000-ға жуық кейіпкерлер рөлге қатысады. Осы кейіпкерлерді диалогке түсіріп жазу кез-келген жазушының қолынан келмейді, әрине.
Бұл тақырып үзінді Мұхтардың балалық шағы туралы. Бұл әңгімені жазған Мұхтардың інісі Ахмет Әуезовтің естелігінен.
Мұхтар – дана.
Мұхтар – дара, жазушы.
Ал енді оқулықпен жұмыс жүргізейік «Жас Мұхтар»
1. Мәнерлеп іштей оқиық.
2. Мәнерлеп дауыстап оқиық
Кубизм стратегиясы
Суреттеңіз.

1. Бала Мұхтар неге «Қоңыр қозы» атанған?

Зерттеңіз.
1. Мұхтарды кішкене кезінде кім деп атаған?
2. М. Әуезов бала кезінен бастап нені оқып үйренді?
3. Атасының аты кім?
4. Атасы қандай жырлар мен ертегілерді айтып берді?

Салыстырыңыз.
1. Тақырып кім туралы?
2. Кейіпкерлер кімдер?

 

Қолданыңыз
1. Естілген нәрсені ұмытпас үшін әрбір оқушы қандай болу керек?
2. Мұхтар Әуезовтің шығармаларын ата?

Шығармашылық жұмыс. Эссе. әңгіме жазу.


1 – топ
Әңгімеге жоспар құрайық;
А) Абай ауылында
Ә) Атамның тапсырмасы.
Б) Естігенді ұмытпау
В) Абайдың қара сөздері
Г) Ауыз әдебиеті
Д) Мұхтардың шығармалары.

2 – топ
1. Кейіпкерлер кімдер?
2. Естіген нәрсені ұмытпас үшін әрбір оқушы қандай болу керек?
3. Диалог сөйлемдерді тауып оқу.
4. Абайдың қара сөздерін кім біледі?

3- топ
1. Мұхтар Әуезов бала күнінде қандай болды?
2. Оны бала күнінде атасы мен әжесі кім деп атады?
3. Мұхтар Әуезовтің шығармаларын ата?
4. Мұхтар Әуезов қандай ойынды жақсы көрген?
5. Мұхтар Әуезовке мінездеме берейік
Мұхтарға көзқарас – болжам.
Мінезі жұмсақ
Өте ұқыпты
Ұлы жазушы
Жазуға өте сауатты.
Нәтижесі Абайша сауаттанып ілім білім жинаған ұлы ғалым.

Әңгімеге сатылай кешенді талдау.
1. Авторы: ___________
2. Тақырыбы: __________
4. Жанры: ___________
5. Идеясы: ____________
6. Кейіпкерлер:______________
7. Оқиға қалай басталды: ______________
8. Оқиға немен аяқталды:________________
Топпен жұмыс
1 - топ. Мұхтарға үйреткен Абайдың қара сөзін тауып жазу.
2 - топ. Мұхтар тыңдаған жырлардың атын тауып жазу.
3 - топ. Оқу - білім туралы мақал - мәтел жазу.
Тест тапсырмасы

 

Қорытынды бөлім: М.Әуезов кім? Мен Мұхтар Әуезов туралы не білдім ? 6 азат жолда Ауыз әдебиеті туралы айтылған. Демек ауыз әдебиеті дегеніміз не?
Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады.
Үй тапсырмасы.
Жас Мұхтар, М Әуезов туралы деректер іздеу,
Абайдың қара сөзін жаттау.

Қызығушылықты ояту

Ой толғаныс

Жаңа сабақ

Шығармашалық тапсырмалар

Сергіту сәті

 

 

 

Рефлекция:

Үй тапсырмасы.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Автор: dauke | 28-02-2017, 22:07
Қарау саны: 1285
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :