Дос болайық, бәріміз! » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Дос болайық, бәріміз!


Дос болайық, бәріміз!

Қарағанды қаласы
КММ ЖББО №53 мектеп-лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Абеуова Гульмира Халеловна
4 «Ә» сынып


Дос болайық, бәріміз!

Мақсаты: Балалардың « достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
- достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту
- достыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: үнтаспа, мақал-мәтелдер,среттер,карточкалар

Балалар бүгін сендермен жиналған себебіміз Өйткені біздің халқымыздың анасы өзін-өзі тану пәнін сендер үшін ұсынған Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні. Сара Алпысқызы балалар үшін «Бөбек» қорын ашып, халқымыздың барлық балаларын қамқорлығына алып, бүкіл жағдай жасап отыр.Сендерге жақсы үлкен азамат болуларыңа, денсаулықтарың әрқашан мықты болуына, ата-аналарыңды құрметтей білуге, жастарың ұзақ болуды тілейді және бір-бірлеріңмен достаса білуді, достықты қадірлеуді тілейді
Шаттық шеңбер
Балалармен шаттық шеңбер құрып,сәлемдеседі. Оқушылар бір-біріне тілек тілейді
Бүгінгі сабағымызда достық тақырыбын жалғастырамыз. Сабағымызды бір-бірімізге деген жылы лебімізбен бастайық;
-сені көргеніме қуаныштымын
-Қайырлы күн,
Сені көргеніме ризамын
Балалармен бірге
Күнде шат күліп күн
Шаттанамыз бәріміз
Мәңгілік достықпен
Мақтанамыз бәріміз

Балалар сендер «достық» дегенді қалай түсінесіңдер?
2 топқа бөліп қағаз тарату Достық дегеніміз не?
«Достық»-деген жақын қарым-қатынас арқылы бір-біріне сену,қызығу,араласу.
Өздеріңнің достарың барма?
Кім? атаңдар қайда тұрады?
Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Достыққа байланысты
«Асты көрсең кәдір тұт,
Досты көрсең әділ тұт.»
«Досыңа ауыр сөз айтпа»
«Шын достық қиын сәтте табылады» мақал-мәтелдің мағынасын ашу
Жағдаяттар шешу
1- топ
Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді.
Жанар мен Сырымның шын достар деп айтуға бола ма?Неліктен?
Олардың достықтары қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?


2-топ
Санжар,Қайнар,Айдос үшеуі орманнан серуендеп келе жатты. Бір кезде өзенге жетті. Өзендегі көпір тар екен. Үшеуі қатар өте алмайтын болды.Бір-біріден өтпек болды.
-Сен бірінші өт-деді СанжарҚайнарға.-Сен үлкенсің,сені сыйлаймыз.
-Дұрыс,Қайнар бірінші өтуі керек,-деді айдос.
Қайнар көпірмен өтіп брады.Бір кезде оның аяғы тайып, байқамай суға түсіп кетті.
-Ойбай,құтқарыңдар! -деп айқайлады Қайнар
- Санжар,сен секір! Қайнарды құтқар! Тез-тез
-Өзің секір»-деді Санжар
-Мен секірер едім, суық судан қорқамын.Суық тиіп қалады,-деді Айдос
-Санжар мен Айдостың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Кейде біз өте асығып жүріп, ізгі сөздерді айтуға үлгермей» қаламыз.Одан досымызды ренжітіп аламыз.»Рақмет»,»Кешір» деген сөзді айтуға ұмытып кетеміз.
Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап,ренжітпейді,кешірімшіл болады.Достар қиын сәттерде көмекке келеді,татулықты қадір тұтады.
Енді балалар достықтың өз заңдары бар
1.достықты қадірлей білу
2. доспен шыншыл болу
3. кешірімшіл болу
4.әр сәтте жанында табылу
5. көмекке келу
6. сыйлай білу
7.досқа адал болу

Ал енді дотық туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Оқушылардан тақпақтарын сұрау
Қорытындылау –балалар бүгін кімнің туған күні?Ол кім?
Сабағымыз қандай тақырыпта болды? Ол туралы не білдік?
Рефлексия: адамдардың бір-біріне деген ең қымбат сезімдердің бірі-достықАл адам бойындағы ең игі қасиет достаса білу.Сол себепті,балалар әрқашанда дос болайық, бәріміз!

Автор: dauke | 9-02-2015, 22:08
Қарау саны: 812
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :