» » Матадан жасалған аппликация


Матадан жасалған аппликация

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылы, №166 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі

Шыныбекова Рая Пиярқызы

Пәні : Еңбекке баулу

Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы

Матадан жасалған аппликация

 

Сабақтың мақсаты

Күтілетін нәтиже

 

 

Білімділігі: Оқушыларды аппликация ұғымымен таныстыру. Аппликацияны бейнелеуге қажетті құралдармен жұмыс жасаудың әдіс - тәсілдерімен таныстырып, бейнелеу іс - әрекеттерін меңгеруге баулу.
Тәрбиелігі: бастаған ісін аяқтауға, ұқыпты орындауға тәрбиелеу Дамытушылығы: Оқушыларды матамен жұмыс жасауға баулу, қол икемділі қабілеттерін қалыптастырып, жетілдіру. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу
б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық

Көрнекіліктер

Көрнекілігі: Түрлі қағаздан, матадан жасалған аппликациялық суреттер.
Керекті құралдар: Түрлі түсті қағаздар, мата түрлері, қайшы, желім, қарындаш т.б.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.Бір - біріне жақсы тілектерді айту .

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Топқа бөлу

Оқушыларды құрал саймандар арқылы топқа бөлу

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылар сұрақтарға жауап береді , өткен сабақтан алған білімдерін пысықтайды.

Қызығушылықты ояту

 Матадан жасалған аппликация

Жаңа материалмен жұмыс.

«Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.
Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі 16 ғасырда Италия мен Испанияда, 17 ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18 - 19 ғ. Россияда жақсы дамыды. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация Қазақстанда да жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою - өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.
Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздарды, открыткаларды безендіруде қолданылады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою - өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.
ІV. Сарамандық жұмыстың орындалу барысымен танысу Керекті құралдар: желім, қайшы, қағаз, мата, қарындаш. 1.Алдымен бір парақ қағазды алып, екіге бүкте 2.Парақтың бүктелген қырына көйлектің жарты бөлігінің нобайын сызып қиямыз. 3.Қағазды ашып, көйлектің үлгісін алып таста. 4.Бір парақ қағазға гүлді матаны желімде. 5.Матаның бетіне көйлектің үлгісі ойып алынған қағазды жапсыр.

Сергіту сәті

Бір саусағым тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусағым бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды Жүгіртеді қаламды Өнерлі екен он саусақ Қала салсақ, жол салсақ. Жұмбақ шешу 1.Танауында арқаны, Бір батып, бір шығады, Алға қарай тартады. (ине) 2.Қос таяқ, бастары дөңгелек, Тұтасты кеседі бөлек-бөлек. (Қайшы) 3.Саусаққа киіп ем тобатай,Инені жүгірттім оп-оңай. (Оймақ) 4.Жарқылдаған қос қылыш,Қолға тисе жоқ тыныш. (қайшы

Ой толғаныс

а) «Аппликация» қай елдің сөзі?
ә) Қазақша қандай ұғымды білдіреді? Қалай орындалады?
б) Түрлерін ата
в) Қазақ халқы аппликацияны қайда қолданған?
г) Алғаш қай елде пайда болды?
д) Сәндік аппликация түрлері қайда қолданылады?
(открытка, қабырға газеті, альбом т. б.)

Үйге тапсырма беру.

Аппликацияны аяқтап келу.

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Матадан жасалған аппликация

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор: dauke | 2-03-2017, 21:21
Қарау саны: 1120
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :