» » Формула бойынша есептеу


Формула бойынша есептеу

Математика 5 сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Формула бойынша есептеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды «формула» терминімен таныстыру, формула құрастыру,

формуладағы бір шаманы екінші шама арқылы өрнектеу білігін қалыптастыру,

есеп шығару барысында және есептеулер жүргізу кезінде формулаларды

қолдану.

Дамытушылығы: Оқушыларды ойландыруға, ойын жеткізе білуге белсенділігін көтеруге,

ұқсастық пен қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру.

Тәрбиелігі: сабақ барысында оқушылардың белсенділігін, ынтасы мен жауапкершілігін

арттыру және зейінді болуға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Білімді практикада қолдану

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өткізу әдістері: қайталау, баяндау, практикалық

Сабақтың барысы:

І. Оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау.

ІІ. Үйге берген тапсырманы тексеру.

Үйге берілген тапсырманы тексеріп қарап шығу.

Шаршының периметрін табу формуласын қолданып, Р периметрі арқылы а қабырғасын өрнектеңдер. Егер Р периметрі 1) 12 см 1) м 3) 2,8 болса, онда а қабырғасын табыңдар

 

 

ІІІ. Негізгі бөлім.

Шаттық шеңбер құру бүгінгі сабаққа бір – біріне тілек тілеу. Топқа бөлу. Видеоролик көрсету.

Өткен сабақты қайталау ретінде оқушыларға үшбұрыш және төртбұрыш беріледі, оқушылар фигуралардың ауданын және периметрін тауып формулаларын тақтаға жазады.

Есеп шығару

Бүгін біз сабақта Макаров ауылына саяхат жасайтын боламыз. Ол үшін біз мыны алдарыңда тұрған тапсырмаларды орындауларың керек яғни көк үйдің, қызыл үйдің, дүкеннің, әкімшіліктің, балабақшаның және мектептің осылайша біз ауылымызға саяхат жасап шығамыз.

Көк үйдің тапсырмасы №1

Формула   бойынша  есептеу

І топ

Қабырғасы а болатын шаршының

P периметрін;

Қабырғалары a, b, c болатын тіктөртбұрышты параллелепипедтің

V көлемін есептейтін формуланы жазыңдар.

ІІ топ

Қабырғалары а және b болатын тіктөртбұрыштың P периметрін;

Қабырғасы а болатын шаршының

S ауданын есептейтін формуланы жазыңдар

Қызыл үйдің тапсырмасы №2

Формула   бойынша  есептеу

 

 формуласын қолданып, кестені толтырыңдар:

 

1 топ                                                                                      2 топ

Формула   бойынша  есептеу
Формула   бойынша  есептеу

 Дүкеннің тапсырмасы №3

Формула   бойынша  есептеу

Кесте бойынша формула құрастыр

1топ

Формула   бойынша  есептеу

 

2 топ

Формула   бойынша  есептеу

 

Әкімшіліктің тапсырмасы №4

Формула   бойынша  есептеу

 

Есептің мәтіні бойынша формула құрастырып, оның мәнін анықтаңдар

1 топ Жолдың а км-ге тең бөлігі жүрілген. Енді одан 10 км кем жол жүру керек

1) а=15,25 2) а=10 7/1болса, онда барлық жүрілген жолды табыңдар

 

2 топ Салтанат кітаптың а бетін оқыды. Енді ол оқыған беттің санынан 40-қа артық ьет оқуы керек. Кітаптың қанша беті бар?

1)а=45,16 2) а=42 3/2болса, онда кітапта қанша бет болған

 

Балабақшаның тапсырмасы №5

Формула   бойынша  есептеу

1 топ Көп қабатты үйдегі екі бөлмелі пәтер саны бір бөлмелі пәтер санынан 3 есе артық. Осы үйде қанша екі бөлмелі және бір бөлмелі пәтер бар? Егер бір бөлмелі пәтер саны 1) 36; 2) 50 болса, онда осы үйде барлығы қанша пәтер бар?

2 топ Елді мекенде тек бір қабатты және екі қабатты үйлер бар. Екі қабатты үйлер саны бір қабатты үйлер санының -ін құрайды. Екі қабатты үйлер саны бір қабатты үйлер санынан қанша кем? Егер бір қабатты үйлер саны

1) 300; 2) 450 болса, онда қанша екі қабатты үйлер бар

 

Мектептің тапсырмасы №6

Формула   бойынша  есептеу

Саяхатшы жылдамдығы а км/сағ пойызбен 2 сағ және жаяу b км/сағ жылдамдықпен 3 сағ жүрді. Осы уақыт аралығында ол қанша километр жол жүрді?

І топ ІІ топ

а=56,8, b=3,4 a=90,b=3,5

Сабақты бекіту:

 

-Төртбұрыштың ауданының формуласы қалай?

-Төртбұрыштың периметрінің формуласы қалай?

-Көлемнің формуласын айт?

Бағалау:Сабаққа белсене қатысып,тапсырманы толық орындаған оқушылар бағаланады.

Үй тапсырмасы:Үй тапсырмасы тақтадағы әр түрлі деңгейлік есептерді таңдау арқылы беріледі.

Автор: dauke | 5-03-2017, 19:58
Қарау саны: 1673
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :