Адамгершілік – адамның асыл қасиеті » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Адамгершілік – адамның асыл қасиеті


Адамгершілік – адамның асыл қасиеті

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті
52. Балалардың адамгершілік қасиетін тұсінуінің негізін дамыту.
3. Балалардың адамгершілік қасиеттерді күнделікті өмірде қолдануын әдет,
дағдыға айналдыруын тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Пікір алысу, ой бөлісу
Сабақтың көрнекілігі: Оқушыларға таратылатын сары жолақ, күн бейнесі, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
1.Кіріспе
2. Абайдың 38-ші сөзін талқылау
3. Адамгершілік бастауы
4. Негізгі қағидалары
5. Мейірімдңілік туралы әңгіме тыңдау.
6. «Құпия қасиет» ойыны
7. Қорытындылау.
Оқушылар біз сабағымызды бастамас бұрын, дәл қазіргі көңіл-күйімізді қағаз бетіне салып көрейікші. (оқушыларға фламастер, қағазберіледі, суретті салып болған соң әр оқушы түсіндіреді).
Жақсы, енді оқушылар мен сіздерге «Абайдың 38-ші қара сөзі» оқылады. Сіздер тыңдап болған соң талқылап көрейік. Абайдың 38-ші қара сөзі оқылады.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшінші-залымдық деп білесің.
Надандық – білімніің-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсе оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.
Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хибасына қосылады.
1. Оқушылар біз осы сөзден нені ұқтық? Қалай түсінеміз? Әр бала өз ойын айтып шығады.
2. Енді оқушылар жаңағы айтылған түсініктерді көз алдымызға елестете отырып, алдымыздағы параққа әрқайсысымыз бейнелейміз. Мұнда да салған суретті қорғап шығады. Осы жағымсыз қылықтардың неге әкеліп соқтыратыны, адам қандай жағдайларға бой ұратыны туралы түсінік беріп шығамыз.
3. Ендеше осы қылықтарымызды бойымызға жуытқымыз келмейді ғой, ендеше бәріміз жыртайық, әбден аяғымыздың астына салып таптаймыз.
Бойымыздағы жаман қасиеттерден арылдық, енді бойымызда қандай қасиеттер қалды? – Жақсы қасиеттер қалды. Мысалы, өтірік, өсек айтпау, шыншыл, адал, мейірімді, т.б. Олай болса, оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі тақырыбы «Адамгершілік – адамның асыл қаиеті».
Адамгершілік адамдардың бір-бірін құрметтеуі, сыйлауы, бір-біріне инабаттылығы, ұлттық салт-дәстүрімізді білу.
Оқушылар сіздер адамгершілікті қалай түсінесіздер, әдеп нормаларын білесіздер ме, осы жөнінде өз ойларыңызды айтып көрсеңіздер.
1-оқушы: Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
2-оқушы: Жанұядағы тәрбиені адам өз өмірінің «алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарына үйренді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық яғни рухани адамгершілік тағылымдарын еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.
3-оқушы: Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті. Адам қандай жоғары лауазымды қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалпауы тиіс.
Мұғалім: «Қартайса, қарт бабаңды сыйлап біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі бүгілмес дейсің» деп Бұхар жырау данамыз айтқан екен.
Енді оқушылар адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?
Кешірімді боолу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік, рұқсат сұрау,кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық.
4-оқушы: Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу- бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез құлықтың нормасы.
5-оқушы: Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады.
6-оқушы: Рұқсат сұрау- адамдардың қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын әдептілік қағидаларының бірі. Адамның меншік құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.
7-оқушы: Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
8-оқушы: Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатігездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді.Қайырымды бала қашанда ата-ана мақтанышы.
Мұғалім:
Жақсы оқушылар мына бір мейірімділік туралы әңгімені тыңдап көріңіздер. Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?- деп сұрапты» Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен кейін түсінесің», - деді анасы. Бірақ, балапан шыдамсыз еді. Ол жауапты тезірек білгісі келіп жолға шығады. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «менде уақыт жоқ,- деді балапан, - мен мейірімділіктің не екенін білуім керек» - дейді де әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан қыз баланы кездестіреді, ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан, балапан, маған шарды алуға көмектесіп жіберші», - деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ»,- деді балапан, - мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді. Ал мен білемін. Менің анам әрдайым қайырымды адамдар туралы әңгіме айтады. Маған да айтшы – деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер». Балапан ұшып барып шарды алып береді. «Мінекей сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы». «Қандай оңай?» деп таң қалды балапан.
- Мейірімділік деген не?
- Неге мейірімді болу керек?
- Қалай мейірімді болуға болады?
Оқушылар: Мейірімділік – ол басқалардың игілігіне қамқор болу. Қайырымды болу жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді. Мейірімділік адамдармен, табиғат және жан-жануарлармен қарым-қатынаста байқалады, айқындалады. Мейірімді болу дегеен адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға, өзіңе жасағаннан артық болмаса, кем қамқорлық жасамау.
«Құпиялы қасиет» ойыны.
Барлық балалар бір шеңберге тұра қалады да, қолдарын алдарына қарай, алақандарын бір-біріне тигізіп, созады. Мұғалім қолында, мейірімділік қасиетін білдіретін белгі ретінде, тиын ұстап тұрады. Мұғалім екі алақандарының арасындағы тиынды балалардың алақандарына салған сияқты тигізеді де, былай дейді: «Ақбота мейірімді», «Мәдина мейірімді» және т.б. Балалардың әрқайсысы өзінің алақанына тиынды салғандай алақанын жабады. Мұғалім шынында тиынды 1 оқушының алақанына салады. Мұғалім барлық балаларды шеңбер бойымен аралап өткенде, балалардың біреуі тиын кімде екенін шешуге тырысып былай деп айтады: «Ақбота өте мейірімді». Сонан кейін Ақбота алақанын ашады, тиын бар ма, жоқ па екенін көрсетеді. Балаларға тиынды кімде екеін табуға 3 рет мүмкіндік беріледі. Таба алмаған оқушы өзі жасаған мейірімді ісі туралы әңгімелеп береді.
Мұғалім:
Қазақтың қлттық дәстүрі бойынша, үлкенді сыйлау, құрметтеу, оның кісілігін үйрену әрбір жастың парызы. Үлкендерге сәлем беру, төрге шығарып құрметтеу, көңіліне ұарау адамгершілік болып табылады. Адамдар сеніміне ие болу, одан айырылып қалмау жас күннен бойға сіңгені жөн.
Енді оқушылар адамдардың бір-біріне жақсы тілек айтып, жақсы сөз, нышан білдіру, адамға үлкен рухани қазына береді. Осы мақсатта халық мақалы «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп тегін айтылмаған. Жақсылық тілеу де, кешіре білу де оңай емес, оған дағдылану керек. Олай болса бір-бірімізге жақсы тілек, жағымды сезім сыйлайық. Оқушылар мен барлықтарыңызға бір-бірден сары жолақ таратамын. Осы сары жолаққа тілек жаза отырып, тақтаға күннің бейнесін жасаймыз.
Барлықтарыңыз әрбір күндеріңіз осындаай жарқын болсын деп бүгінгі «Адамгершілік – адамның асыл қасиеті» тақырыбындағы сабағымыз аяқталды.
Автор: dauke | 1-03-2015, 23:48
Қарау саны: 1750
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :