» » Аспаптар сыр шертеді


Аспаптар сыр шертеді

Қызылорда облысы

Әйтеке би кенті

№7 «Балдырған» санаториялық - бөбекжай балабақшасы

Музыка жетекшісі: Марат Роза

Тақырыбы «Аспаптар сыр шертеді»

Мақсаты: - Балаларды қазақ ұлттық аспаптардың түрлерімен, әуен

ерекшеліктерімен таныстырып, оларды қалай пайдалану тәсілдерін игеруге болатынын үйрету.

Дауыс жаттығуы арқылы дауыс диапазонын ашып, жоғары төмен дыбыстарды ажырату,есту,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Әдіс – тәсілі: Әңгімелеу, тыңдау, сұрақ – жауап, көрсету, жаттату, сергіту, жұмбақ жасыру, тірек сызба, ойын.

Көрнекілігі: Киіз үй макеті, доп,асықтар, түрлі – түсті шарлар, музыкалық аспаптар суретті ролигі,үнтаспа,проектр, асатаяқ..

Мотивациялық – қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі:

«Қазақ маршы» Затаевич

Балаларды марш ырғағымен қарсы алу. «Амандасу жаттығуын» айтып, «Киіз үй» әуенді ойынын қимыл-қозғалыста жасауды ұсыну.

«Киіз» әуенді ойыны:

Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керілер.

Уықтары шаншылып,

Өрімдей боп өрілер,

Қол ұстассақ айнала

Киіз үй болып көрінер.

Ал балалар, шеңберге біз тұрайық,

Киіз үйдің шаңырағын құрайық

 Шеңберге тұрып мәтінге сай қимыл жасайды.

Балалардың көңілін эрандағы суреттерге аудару.

 -Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не істейміз? Кане, суреттерге қарап айтайық.

Балалар суретке қарап оқу іс-әрекетінде не болатынын айтады.

-Ән тыңдаймыз

-Ән айтамыз

-Аспаптармен танысамыз

-Аспапта ойнаймыз

-Би билейміз

-Ойын ойнаймыз

Ұйымдастырушылық – ізденістік

-Балалар біз бүгін аспаптардың сырын білу үшін мен сендерге түрлі жұмбақтар жасыратын боламын, ал сендер мұқият тыңдап, жауабын ойланып отырыңдар.

«Күйдің атауы»

(Үнтаспадан күй тыңдалады)

-Балалар бұл күйде нелердің үні естіледі?

-Аспаптардың үні

- Дұрыс.

- Ендеше біз осы аспаптардың түрлерімен танысамыз.

 - Ал енді жұмбаққа келейік, егер дұрыс тапсаңдар сиқырлы киіз үйдің ішінен жауабы табылады.

Жұмбақтар айтылады. Балалар жұмбақты шешуін табады.

-Балалар сендер білесіңдерме, біздің қазақ халқымыздың ұлттық аспаптары өте көп.

Олар бірнеше түрге бөлінеді екен.

Слайд арқылы жеке-жеке аспаптардың түрлерімен және олардың үндерімен таныстыру. Балаларға тыңдату, ажырата білу жұмыстарын жүргізу.

Балалар аспаптардың үндерін тыңдайды,есте сақтайды.

Ұрмалы аспаптар

Қоңырау

Дауылпаз

Дабыл

Асатаяқ

Шертпелі аспаптар

Домбыра

Шертер

Үрлемелі аспаптар

Сыбызғы

Мүйізсырнай

Ұран

 Екі ішектің бірін қатты

Бірін сәл-сәл кем бұра,

Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра – деп айтқандай бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аспаптар жайында болғандықтан, өзіміздің қасиетті аспаптың бірі домбыра жайлы ән шырқасақ қайтеді?!

-Ол үшін алдымен дауысымызды жаттықтырып алайық.

Жаттығулар:Ауыз қуысына арналған жаттығулары:

( Проекторда жаттығуға байланысты суреттер көрсетіледі,суретке сәйкес балалар жаттығу жасайды.)

-Тілдің ұшын тістейміз,

-Тілді жаңқалаймыз,

-Астыңғы ерінді тістейміз,

-Үстіңгі ерінді тістейміз,

Проекторда жаттығуға байланысты суреттер көрсетіледі суретке сәйкес балалар жаттығу жасайды.

-«Кәмпит» жаттығуы ,тілді кезек- кезек екі ұрттың арасында

-жүгіртеміз,

-«Щетка» жаттығуы, тілді тістің бойымен айналдырамыз,

-«Қарбыз»жаттығуы, ұртымызды ауаға толтырамыз,

-«Қияр» жаттығуы, ұртымызды ішке қарай тартамыз,

Гамма жаттығуы: До-ре-ми-фа-соль-ля-си-до

Дауыс ырғақтарын қалыпқа келтіреді.

Балаларға жаңа тақырыпты хабарлап, жаттату:

Ән: «Домбырасыз ән қайда?»

Әннің сөзін модульдік технологияның әдісі «Тірек сызба» арқылы жаттату.

Ән жолдарын «Тірек сызба» арқылы қайталап, жаттайды.

-«Домбырасыз ән қайда?» әнін аспаптармен сүйемелдеп көрейік.

 (барлық балаларға аспаптар таратылады, әннің ырғағына байланысты аспаптарда ойнайды және қосылып ән айтады.)

Балалар ән айта отырып, аспаптармен сүйемелдеуге, еліктеп тырысады.

-Балалар енді барлығымыз би қимылдарын жасап көрелік.

-Би «Асатаяқ биі» деп аталады.

Балаларға экрандағы Астаяқпен би қимылдарын ілесіп орындауды ұсыну.

Әуенге сәйкес би қимылдарын экранға қарап ілесе жасайды.

-Балалар енді аздап көңіл көтеру үшін ойын ойнайық.

-Ойын: «Әуенді тап» деп аталады. Берілген тақырыпқа сәйкес алдарыңда көңілді текшелер арқылы кез келген әуеннің ырғағын суреттен көрсетіп, дұрыс тапсаңдар бір шумағын шырқап бересіздер.

« ӘУЕНДІ ТАП »

·Патриоттық марш ырғағымен әндер

·Отан,туған жер жайлы әндер

·Жыл мезгілдері жайлы әндер

·Балалар әндері

·Ана туралы әндер

( балалар берілген тақырыптар бойынша жасырылған әуендерді табады. «Әуенді тап» ойыны арқылы балалардың есте сақтау қабілеті, зейіні, тыңдай білу қабілеті дамиды.)

Ойын: «Әуенді тап». балалар берілген тақырыптар бойынша жасырылған әуендерді табады. Мұқият тыңдайды, нақышына келтіре орындайды.

Рефлексивтік - түзеткіш

-Балалар оқу іс-әрекетінде не жайлы әңгімеледік?

-Қазақтың ұлттық аспаптары жайлы.

-Аспаптар қандай түрлерге бөлінеді?

-Шертпелі, ұрмалы, үрлемелі

-Қандай ән шырқадық?

-«Домбырасыз ән қайда?»

-Бүгінгі оқу қызметімізде не істедік?

-Ән тыңдадық, ән айттық, аспаптармен таныстық, аспаптарда ойнадық, би биледік.

-Жақсы, енді мен сендерге дайындаған көңілді кескін белгілерін сыйға тартамын.

(балаларды мадақтап көңілді кескін бейнеленген ноталарды тарату).

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Аспаптарды және олардың түрлерін ажырата білуді.

Игереді: Әуенді – қимыл қозғалыстарды ырғаққа сай жасауды, әнді мәнерлі көтеріңкі көңіл - күйде орындауды.

Меңгереді: Аспаппен би қимылдарын жасауды, аспапта ойнауды.

Автор: admin | 14-03-2017, 15:05
Қарау саны: 934
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :