Теміржол желісінің өткізгіштік қабілеттілігін арттыру жолдары » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Теміржол желісінің өткізгіштік қабілеттілігін арттыру жолдары


Теміржол желісінің өткізгіштік қабілеттілігін арттыру жолдары

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бұхар Жырау 9

КГКП «Қарағанды политехникалық колледжі»

 Авторы:

Теміржол пәндері кафедрасының оқытушысы

Искаков Думан Сайлауханович

Тел: 87015551242.

 Мақаланың атауы: «Теміржол желісінің өткізгіштік қабілеттілігін арттыру жолдары»

 Аңдатпа

 Бұл мақалада теміржол желісінің сапалық және сандық жұмыс көрсеткіштерін сипаттайтын көрсеткіштердің ең маңыздысы желінің өткізгіштік қабілеттіліктерін арттырудың жолдары қарастырылады. Вагондарды коммерциялық бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу теміржол желісінің жұмыс үрдістерін жылдамдатып, сапасын арттыруға және және пайдалану шығындарын азайтуға жол ашылады.

 Теміржол желісінің өткізгіштік қабілеттілігін арттыру жолдары

 Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының теміржол көлігінің техникалық жарақтандырылуы, байланыс және басқару жүйелері, түбегейлі жаңартулар мен жоғары бәсекеге қабілетті әлемдік даму үрдісіне сай реформаны қажет етеді. Бұл бағытта аз болса да, белгілі бір шаралар атқарылып та жатыр, ал дәл қазіргі уақытта теміржол көлігінің мүмкіншіліктерін толық пайдалану, оның өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктерін арттыру жолдарын анықтап, жаңа жобаларды жүзеге асыруға әрекет ету керек.

Өткізгіштік қабілеттілікті арттыруға кедергі келтіріп отырған негізгі себептер төмендегідей:

- теміржол жолдарының көп бөлігіне толық жөндеу жұмыстарының (релістерді, шпалдарды ауыстыру, жер төсемдерін жаңарту) жүргізілмеуі;

- жол төселген жердің еңіс- дөңестілігі, жол жағдайына байланысты жолдың қисық сызықты, бұрылысты болуы;

- пайдаланып отырған локомотив қуатының төмен болуынан, бір реттік жол бағдарындағы тасымалдау мүмкіншілігінің аз болуы;

- әртүрлі категориядағы пойыздардың қозғалыс жылдамдығының әркелкі болуынан, пойыздардың жоғары жылдамдық пен үзіліссіз қозғалуына кедергі келтіруі;

- инфроқұрылымның жағдайына байланысты жылдамдықтың шектелуі;

- сигнализация және байланыс, автоматты басқару, диспетчерлік орталықтандыру жүйелерінің барлық жол телімдерінде толығымен бір текті қолданылмауы;

- жол телімдеріндегі жолдардың санының әркелкі болуы;

- тиеп-түсіру жұмыстарын кешенді механизациялау мен автоматтандырудың артта қалуы;

- тәуліктік жұмыс жоспарының артықшылықтары мен кемшіліктерінің жүйелі түрде талданылып, тиісті қорытындыларыдың өз уақытында жасалмауы;

- компьютерлік озық технологиялар мен жылдам әрі сенімді ақпарат алмасуға негізделген жаңа мазмұндағы бағдарламалардың енгізілмеуі;

- вагондар мен пойыз құрамаларына жүргізілетін коммерциялық тексерістердің автоматтандырылған жүйелерінің енгізілмеуі салдарынан вагондардың коммерциялық операциялар үшін стансаларда көп бөгелуі;

- барлық кемшіліктер мен алға жылжуға кедергі келтіріп негізгі себептерге салыстырмалы талдаулардың, мемлекеттік деңгейдегі ғылыми ізденістер мен өзгерістердің кешенді түрді іске аспауы және т.б.

ТЖ көлігінің инфроқұрылымының дамуының жоғарғы деңгейдегі көрсеткішке жетуі өте көп уақытты және аса ірі көлемдегі қаржыны қажет етеді. Әйтсе де, уақыт талабы мен тұтыну нарығының сұранысына сай көлік қатынасының қарқындылығын арттыру кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Сондықтан теміржол көлігінің өткізгіштік қабілетін арттыруға қажетті шараларды іске асыру үшін барлық қаржылық, іскерлік мүмкіншіліктерді қолданған дұрыс.

Енді теміржолдың өткізгіштік қабілетін арттыру шаралары мен оған кедергі келтіретін жоғары да көрсетілген кемшіліктерді жою жолдарын қарастырып көрейік:

- ең алдымен барлық жол телімдерінің қажетті жүк және жолаушылар тасымалының өткізгіштік қабілеттілігін қамтамасыз ете алатын техникалық жарақтандырылуын, жалпы көлік инфроқұрылымының сапалы әрі қарқынды дамуын назарға алу керек;

- тасымалданатын жүктің көлемі мен сипаты бойынша сұраныс және ұсыныс нарығын маркетингтік зерттеу және алдын- ала болжай білу керек;

- математикалық модельдеу үлгісін қолдана отырып, пойыздардың жүрісінің тиімділігі мен локомотивтің жанармайды тұтыну көрсеткіштері тәрізді маңызды пайдалану сипаттарының кестелік есептемесін жүргізген дұрыс;

- пойыздардың қозғалысының альтернативті схемасын анықтап алу керек;

- арнайы бағдарламалармен қамтамасыз етілген математикалық үлгілерді пайдала отырып, пойыздардың қозғалысын диспетчерлік орталықтан басқаруды модельдеу;

- тәуліктік жоспар керегенін құрудың, ақпарат алмасудың электрондық жүйесіне көшу;

- қажеттілікке сәйкес жаңа теміржол бағыттарын салу барысында техникалық даму үрдісімен теңдесе алатын жаңа құрал - жабдықтар мен жобаларды іске асыру керек;

- вагондарды коммерциялық бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін жол желісіндегі барлық стансаларға қажеттілікке сәйкес енгізіп, біртұтас ортақ ақпарат алмасу жүйесіне көшу;

- көп көлемді жүктерді тасымалдау жүзеге асатын бағыттарда ауыр салмақты жылжымалы құрамаларды өткізе алатын мамандандырылған жол телімдерін салып, өткізгіштік қабілеттілікті арттыруға болады.

Вагондардың тиелуін қашықтықтан бақылайтын тепловизиялық кешен (АСКО ТПВ) - құйылмалы жүгі бар вагондардың тиелу деңгейін тікелей байланыссыз қашықтықтан бақылау арқылы алынған мәліметтерді құжаттарға түсіріп сақтауға және өңдеуге арналған пойыздар мен вагондарды коммерциялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі.

Қолданылу мақсаты:

1. Құйылмалы жүктердің сақталған күйде тасымалдануын келесі шаралар арқылы арттыру:

-жүкті тасымалдауға берген кезде вагонның пломбысын шешпей-ақ оның деңгейін тексеру;

-жүкті қабылдаған кезде тасымалдау құжаттарындағы өтініш бойынша тасымалданатын жүктің массасының ауытқуын пломбыны шешпей-ақ анықтау;

-жол бойында жүктің ұрлану фактілерін дәл уақытында анықтау;

2. Сақталмаған күйде тасымалдау жағдайларын тергеу мен жауапкершілікті анықтау сапасын арттыру;

3. Вагоннан түсірілмей қалған жүк қалдықтарын оның ішінде суық мезгілдерде құйылмалы жүктердің (мазут, битум) толық түсірілмей қалу нәтижелерін өз уақытында анықтау арқылы жылжымалы құрамдарды тазалауға, жүктің азаюына кететін шығындарды азайту.

Тепловизиялық кешеннің құрамына кіреді:

-тепловизиялық және телевизиялық камералар арқылы вагондарды бақылау жүйесі;

-вагондарды санау жүйесі;

-оператордың автоматтандырылған жұмыс орны;

-жарықтандыру жүйесі;

-ақпараттарды беру құрылғылары.

Кешеннің жұмыс істеу принциптері:

Цистернадағы құйылмалы жүктің деңгейін тепловизиялық камера арқылы бақылайды. Жылжымалы құрама өткен кезде тепловизиялық және телевизиялық камералар арқылы оператордың компьютерінде нақты уақытымен цистернадағы сұйықтықтың деңгейі анықталған бейнелі суреті көрсетіледі.

Жылжымалы құрама өткен соң цистернадағы жүктің салмағы мен деңгейінің есебі жасалады. Нәтижесінде келесі мәліметтерді жинақтаған кесте құрастырылады:

-цистернадағы сұйықтың деңгейінің нақты биіктігі;

-жүктің салмағы;

-тасымалдау құжатында көрсетілген жүктің салмағы мен жүктің есептік салмағының айырмашылығы көрсетіледі.

Оператор жылжымалы құрама туралы мәліметтерді қайтадан қарауға және бейне жазбадағы жылжымалы құраманы тура, кері бағытта жүргізу арқылы көруге, басып шығаруға мүмкіндігі бар.

АСКО ТПВ кешені арқылы стансадағы коммерциялық бақылау операцияларын сапалы түрде жүзеге асырып, пойызды өңдеу уақытын бірнеше есе қысқартып вагондардың бос тұруын азайту арқылы теміржол желісінің өткізгіштік қабілеттілігін арттыруға және жергілікті жұмыс сапасын елеулі түрде жақсартуға қол жеткізуге болады.

Автор: dauke | 14-03-2017, 17:29
Қарау саны: 318
    
Жарнама

Пікірлер -
1


AlvinDab - 7 сәуір 2017 10:57
Может кому надо отдам по дешевке Перейти
https://goo.gl/wPVx0P

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :