Орманды сақтау » Қазақша білім сайты
Жарнама



Орманды сақтау

ПӘН МҰҒАЛІМІ

Алиева Асель Кожабековна

ПӘНІ

Қазақ тілі

КЛАСЫ

8 класс

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

Орманды сақтау

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ

 

Орманды сақтау керек екенін, орманды сақтудың пайдасын түсіну. Әдістер арқылы ауызекі тілін дамыту. Оқушылардың сөздік қорын арттыру

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

 

Оқушылар тиімді диалог құру арқылы және сұрақтарға жауап іздестіру арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді. Оқушылардың сөздік қоры артады, шығармашылық қабілетін дамытады.

ТҮЙІНДІ ИДЕЯ

Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа. (Сайф Сараи)

Сабақ кезеңдері / уақыты

Сабақтағы іс-әрекет

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе

 

Амандасу

Психологиялық ахуал тудыру.

Оқушылар бір біріне қарама қарсы тұрып, қолдарын ұстап, осы сабаққа байланысты жылы лебіздерін айтады

«Сұрақты ұстап ал» ойыны арқылы өткен тақырыптарға шолу

Мұғалім допты кез-келген топтағы оқушыға сауал қоя отырып лақтырады. Оқушы сұраққа жауап беріп мұғалімге қайтарады.

Суреттер арқылы топқа бөлу (орман, өзен, тау) Әр топ өз атауларына қысқаша шолу жасайды

 

Видеосуреттер арқылы жаңа тақырыпқа шолу. Түрткі сұрақтар:

Өрттің болу себебі неде?

Оны болдырмаудың шаралары қандай?

 

 

 

Бас бармақ

 

 

 

 

 

доп

 

 

 

 

 

суреттер

 

 

 

 

Жаңа материалдың таныстырылымы

Мәтінмен жұмыс. «Орманды сақтау»

«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі арқылы оқушылар оқығандары бойынша бір бірлеріне сұрақ қояды.

 

бір бірін бағалау

оқулық

Жаңа материалды қолдану

 

 

Топпен жұмыс. 1тапсырма. Эссе

І топ: Егер де жер бетінде орман болмаса, .....

ІІ топ: Орманда жалғыз қалсам, ....

ІІІ топ: Орманның қорғаушысы болсам...

 

Сергіту сәті «Қай ағашты таңдайсыз?»

Төменге түспей жатып мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз.


Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?

1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз.Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз.Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды.

3. Ақылды және ойшыл жансыз.Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін.

4. Зерек жансыз.Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.

5. Сенімді жансыз.Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.

6. Мейірімді және сезімтал жансыз.Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз.Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.

8. Әдемі және қайратты жансыз.Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі "Қолдаймын" деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз.

9. Жолы болғыш адамсыз.Сіз үшін өмір - сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.

 

Әр оқушының алдарында ноутбуктардағы тапсырмаларды орындайды. Сабақта өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауп береді. Ол екі тапсырмамен берілген ретінде берілген.

 

1 тапсырма. Деңгейлік тапсымаларды орындау (жазбаша) Оқулықпен жұмыс

 

2 тапсырма. «Сәйкестендіру» әдісі. 197 бет. 4-тапсырма. Берілген сөйлемдердің сыңарын екінші бағаннан табу.

 

Оқушылардың сабаққа қатысымы мен белсенділігін бағалау парақтары арқылы бағалау

Оқушының аты-жөні

 

1-тап-ма

 

2-тап-ма

 

3-тап-ма

 

Белсенділігі

 

Ұпай сандары

 

Мұғалімнің бағалауы

 

Қалай бағалау керек?

Толық жауап – 2 балл

Толық емес – 1 балл

Мүлдем жауап берген жоқпын – 0 балл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ноутбук бағалайды

 

 

 

 

 

 

интерактивті тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ноутбук

Қорытынды

 

 

 

«Бес жлды өлең» әдісі

Зат есім

Сын есім

Етістік

Сөз тіркесі

Сөйлем

 

БҮҮ стратегиясы

 

Үй тапсырмасы: 197 бет. 3-тапсырма

 

 

топты бағалау


өте жақсы

 

жақсы


 

қанағаттанарлық

 

стикерлер

 

 

Автор: dauke | 31-03-2017, 18:58
Қарау саны: 356
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :