Отты жылдар жаңғырығы » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Отты жылдар жаңғырығы


Отты жылдар жаңғырығы

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы : Отты жылдар жаңғырығы

Бастауыш сынып мұғалімі

Аширбаева Карлыга Смайыловна,

Тәжен мектеп - балабақша кешені

Тәжен ауылы,Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы

 Сыныбы: 2

Мақсаты:1941-1945жылдардағы Ұлы Отан соғысы оның зардаптары,Ұлы Жеңіс туралы оқушыларға түсінік беру.Сөздік қорын молайтып,нақты деректерге сүйене отырып,ой-өрісін дамыту.Герман фашизмінің әділетсіз,қатігез болғандығын айту.Отандастарымыздың жанқиярлық ерлігін шынайы әңгімелеу.Өз Отанын және Отанды қорғаған ерлерді үлгі ете отырып оларды қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Ұлы Отан соғысының алаңдарындағы архив суреттер,батыр қалалардың суреттері,мерекеге орай қабырға газеті,плакаттар,қанатты сөздер,шарлар,үнтаспа,гүл шоқтары

Жүргізушінің кіріспе сөзі:

-Армысыздар ,құрметті қонақтар,ұлағатты ұстаздар!Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас,әрі көптен күткен мереке 1945 жылдың 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне оралтады.Біздің мерекелік шарамыз Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады.Жеңіске жету жолында Отандастарымыздың асқан ерлігі мен әскери жан қиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды.Сондықтан бұл күннің маңызы өте зор.Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап,1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен,қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.Бүгінгі «Отты жылдар жаңғырығы»деп аталатын ашық тәрбие сағатымыз Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады.

1-оқушы:70 жыл бейбіт көктем таңы атқалы,

70 жыл шуақты күн таратты әнін.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлемінде қайта орнады .

Жүргізуші:Ұлан-ғайыр даламыз бастан не кешірмеді дейсің?Не бір төңкеріс,не бір көтеріліс,не бір жеңіс пен жеңілісті,қызық пен қиындықты өткерді емес пе?

Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)

Жүргізуші:Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады.Десе де ұмытылмайтын,ескірмейтін оқиғалар болады.Фашистік Германияның негізгі мақсаты Кеңес Одағын(КССРО)жаулап алу еді.Осы мақсатын орындау үшін «Барбаросса»жоспарын жасады.Оны Германияның басшысы 1940 жылы 18 желтоқсанда Гитлер бекітті.

1941 жылы маусымның 22 күні,күн сәскеге түскенде кенет радио көңілді музынканы кілт үзіп,Москвадан неміс фашист жендеттерінің соғыс жарияламастан елімізді басып кіргендігі жөнінде қаралы хабар таратты.Сөйтіп,Ұлы Отан соғысы басталды.

2-оқушы:

Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық дедіде,
Қолдарына қару алды ерленіп.

3-оқушы:

Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,

Оған несін жармасты?!

Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?

Соғыс деген— аққан соры ақсүйектің, құлдыңда,
Соғыс деген— төккен ары ұлдың және қыздыңда.
Соғыс деген— сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген— соғыс деген— зұлымдықтың айнасы.

4-оқушы:

Қиылды,
Қанаты тәтті арманның.
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде еңсұмдық күн ана үшін—
Майданға азаматтар аттанған күн.
5-оқушы:
Жабады,
Дала төсін нала, қайғы.
Шын қайғы жас кәріге қарамайды.
Қып-қызыл көлдің бетін
Сұңқылдаған,
Аққулар қанатымен сабалайды.
Долданып,
Лайланып тасқын әні
Сай-сайды тастарымен бастырады.
6-оқушы:
Күннің дежүзі қызыл күндегіден,
Иттердің ұлуы көп үргенінен.
Қан шапшып, қауызыннан райханның,
Еменнің жас тамып тұр діңгегінен.
Жас бала дір-дір етті мұны көріп,
Жіберді төгіп, мұңын ерік.
7-оқушы:
Найзағай жиі-жиі шақпақталып,
Майданға азаматтар жатты аттанып.
Ежелден біздің елдің рухы асқақ,
Сенімін қалды сонда сақтап халық.
Жүргізуші:Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» деген ұранмен бүкіл Кеңес халқы,ал Қазақстаннан 1миллион 366 мың адам майданға аттанды.Халықтың қалыпты тіршілігін күрт өзгерткен қатерлі де қаһарлы,қатал да ауыр кезең туды.Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Бір күшке жиналған орыс пен тәжік,грузин мен беларус,қазақ пен украин жауға алынбас қамал болып жұмылды.Сол кездегі Кеңес Одағының халқымен бірге жауды талқандап,жеңіске жету үшін қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.

Би:Катюша

Жүргізуші:Ат ауыздығымен су ішкен,ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып,Отанын қорғауға батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп,батырлықпен қаза тапты.

1-оқушы: Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген,шын аты Мансия.Анасы еркелетіп Моншақ деп атап кеткен.Мәншүк кішкентай кезінен «дәрігер болсам» деп әкесіне еліктеп өскен. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанған. Он тоғызға жаңа шыққан талдырмаш,пысық жігерлі қыз еді.Елімді қолыма қару алып қорғаймын деп алдыңғы шетке сұранады. Невель түбіндегі ұрыста болған ұрыста пулеметтен оқ жаудырып,фашистердің шабуылына тойтарыс берді.1943 жылдың 15 қазанында қантөгіс соғыста жауыз жаудың Мәншүккеқарсы атқан оғы оның ажал оғы болып.өрімдей қызды қыршыннан қиып түсірді.Ерен ерліктері үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

2-оқушы:Әлия Казачиха деревениясы үшін болған ұрыста асқан батылдық көрсетеді. Әлия өзі жараланғанына қарамастан « алға» деп атой салып, жау траншеясына басып кіреді. Осы ұрыста Әлия 19 жасқа толмаған кезі еді. Әлияның денесі осы селоға батыр, жауынгер зиратына қойылған. Сол жерге ескерткіш орнатылған. Өзі оқыған мектепте Әлияға арналған арнайы бөлме бар. Кеңес Одағының Батыры атанған ержүрек қыз Әлия соғыста таңғажайып ерлік жасады. Ол тамаша соғыс шебері, мерген, барлаушы, автоматшы, керек кезінде қол бастаған командир міндетінде атқарған. Әлия Молдағұлованың қысқа өміріне жасаған ғаламат ерлігін қастерлеп жауынгер достары да оны «батырдың батыры» деп атап кеткен. Ару Әлия,қаһарман Әлия «Отаным, елім» деп соққан жүрегін мирас етті...

Жүргізуші:Қазақ халқының екі көзінен үзіліп түскен қос тамшысындай Әлиясы мен Мәншүгі жарық жұлдыздай болып,аспан төсіне қадалып жатты.Алайда Еуропада іздерін қалдырып туған топырағына аман-есен оралған апаларымызда баршылық.Солардың арасында қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш әскери ұшқыш Хиуаз Доспанова апамыз.

3-оқушы:Оны«дала сермеңдесі»,«аспан перісі»,«қанаттылар ханы»-деп құрмет тұтты.Дәл осындай текті құстың болмысын қазақ ұлы,Кеңес Одағы Батыры атағын екі рет алған қыран текті Талғат Бегелдинов еді.Ажал қорғасындары аспан көгін осқылап жатқанд тұста,қазақтың кең даласынан түлеп ұшқан сарша қыран көкке темір тегеурінді әскери ұшақты 305 рет көтерген екен.

Жүргізуші:Соғыстың қысылтаяң кезеңінде емізулі баласын жөргекке орай салып , колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан олардың жарлары мен ата-анасын, туыстарын «өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін болсын!» деген игі ниетті асыл сезімін кім есінен шығара алады. Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарына майданда да, тылда да есі жаңа кіріп келе жатқан жас баладан бастап, жасы жүзге келген атамыз Жамбылға дейін жауға қарсы майданға жаппай қатысты. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өнерім» атты жүрек жарды, жалынды жырын майдандағы «жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір» жауынгер балаларына жолдады.Соғыс жылдары-ақ Қазақстандық бес әскери құрамға құрметті атақ беріліп,олардың туларына әлденеше рет ордендер тағылды.Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды.Соның ішінде атақты 28-гвардиялық Панфилов дивициясы бар.Оның құрамынан шыққан 28 батырдың батальон,кейіннен дивиция әскери қолбасшысы болған Бауыржан Момышұлының,Мәлік Ғабдуллиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

4-оқушы:Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі Бауыржан Момышұлы.Соғыс кезінде қолбасшы Ракоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындайды.Бауыржан Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшылық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылды. Бірақ, атақ кешіктіріле берілді. Еңбекқор Бауыржан Момыш ұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» деген кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Костроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысындағы ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.

Ән:«Ақ көгершін»

1-оқушы:Сен неткен Отан— анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер Ұлы Отаным— қазақ елім.

 2-оқушы:Желбіре, көгілдірТу, көк аспанда, 

Нежетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім, кием-дағы,
Айбардың айтсын сөзді адасқанға.

3-оқушы:Біздің ұлы жеңісіміз көктем боп,

Көңілдерге шұғыласын төккен көп.

Сонау жылы тоғызыншы мамыр күні,

Алмастырған қуанышқа қайғыны.

4-оқушы:Жеңіс күні бар әлемге әйгілі

Көктем шуақ-тоғызыншы мамыр күні

Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,

Кездейсоқпа көктемге сай келуі.

Би: «Бейбіт күнде»

Жүргізуші:

Еліміздің амандығын,жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз.Олар еліміздің жарқын болашағын,жас ұрпақтың өмірін,халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды.Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп,алаңсыз мектептен білім алып жатқанымыз шаттана күлгеніміз,жайраңдап күлгеніміз-бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі.Біз бейбіт күннің батыры болуға тырысайық.Балалар, Отандарыңды сүйіп қастерлей біліңдер,ата-баба дәстүрін әдет-ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті,кішіге ілтипатты болыңдар. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.

Автор: admin | 10-04-2017, 12:08
Қарау саны: 385
    
Жарнама

Пікірлер -
2


Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :