Жайна Астана » Қазақша білім сайты
Жарнама



Жайна Астана

Тәрбие сағаты

Тақырыбы : «Жайна Астана!»

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы, Тәжен ауылы,

Тәжен мектеп – балабақшасының тәрбиеші:

Баймұханова Сағира

Тақырыбы:«Жайна Астана!»
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
- Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.
- Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанның тарихындағы орнын сезіне білуге және елжандылыққа, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер,»Астана айшықтары», Қ.Р – ның рәміздері

Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!
- Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!
Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Астана!
Келдік саған қуана!
Тәрбиеші:
- Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.
Деніміз сау болсын!
Күніміз күлімдесін!
Еліміз аман болсын!
Ата - анамыз қасымызда болсын!
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз бақытты болайық!
Аспанымыз ашық болсын!
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші:
- Кәне, балалар отырайық. Біз бүгін Отан туралы әңгімелесеміз. Балалар Отан деген сөзді қалай түсінеміз?
Балалар: туған жерім, атамекенім, отбасым, халқым.
- Дұрыс балалар, Отан дегеніміз біздің еліміз, туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.
- Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтін себебіміз, бұл жерде ата - бабаларымыз тұрған, енді сол жерде біз тұрамыз. Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды. Біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы, ұлтымыз - қазақ.

Тәрбиеші:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
- Қазақ тілі
- Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады? Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?
- Орыс, өзбек, түрік, қытай.
- Мемлекеттік рәміздерімізді кім атап береді?
- Әнұран, ту, елтаңба.
- Ел ордамыз қай қала?
- Астана.

Қанекей балалар «кім жылдам» ойынын ойнап жіберейік. Балалар әдеттегідей кім жылдам ойынын ойнайды.
О, Астанам ,Астанам!

Жарқыра күндей бас қалам!

Қарыштай бер, қанат қақ,

Ғасырларға бас қадам!-дей келе «Жайна Астана» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!

Ілмек сөздер: Жайна Астана, Астана
Автор: admin | 10-04-2017, 12:12
Қарау саны: 293
    
Жарнама

Пікірлер -
3


Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :