Оқушыларды химия пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары. » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Оқушыларды химия пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары.


Оқушыларды химия пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары.

Оқушыларды химия пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары.
Абай ауданы
Кеңгірбай би ауылы
«Шәкерім атындағы орта
мектебі» КММ-нің
химия пәні мұғалімі
Абылхаева Марзия
Оқушыларды химия пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары.
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі" – деп белгілі қаламгер Жүсіпбек Аймауытов айтқандай өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап ,кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу ұстаздар қауымының еншісіне тиіп отыр. Бүгінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін және білім сапасын көтерудің басты бағыттарының бірі-Ұлттық бірыңғай тестілеу болып отыр. Бұл жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Қазіргі кезде мектеп бітірушілерін қазақ тілінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты.
Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі қалыптасқан.
ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы – мұғалім.
Дайындық жұмыстарын неден бастаған дүрыс?
1) Жылдық жүмыс жоспарын жасау. Жыл бойы жасалатын
Жұмыстарды алдын ала жоспарлау алудың маңызы зор. Жоспар оқулық материалдары негізінде жасалғаны дұрыс.
2) Тест жұмыстарын жинақтау, тақырыптар бойынша бақылау тестілері.Менде 2005 жылдан бергі барлық тест түрлері жинақталған. Тест оқушылардың білімін салыстыруға , білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады.
3) Бірнеше жауабы бар тест сұрақтарын талдау- Бұл тестпен жұмыс
жасау кезінде байқағаным оқушының қызығушылығы басым болады екен. Әрқайсы қасындағы оқушыдан көбірек жауап тапқысы келіп мұқият зерттеп қарай бастайды екен. Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өте қажет тест түрі.
4) Сұрақтармен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
Сұрақтармен жұмыс жасағанда, ең бірінші ескеру керек нәрсе оқушының қызығушылығын ескеруіміз керек. Сұрақтарды баланы жалықтырмау үшін түрлендіріп отырған дұрыс. Сұрақтың мазмұнын ғана емес, берілу түрінде түрлі үлгіде жасаған дұрыс.
5 ) Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар; Деңгейлік тапсырмалар негізін мен «Достық» орталығынан бір оқушының алған журналынан көріп, соның негізінде жасай бастадым.
4) Логикалық тапсырмаларды талдау- Соңғы жылдары ҰБТ кезінде
берілетін сұрақтардың ішіне логикалық тапсырмаларда енгізіле бастады. Соған орай дайындық кезінде оқушыға осындай сұрақтардың кездесуі мүмкін екенін түсіндіре отырып, логикалық тапсырмаларменде жұмыс жасап үйреткен дұрыс.
5. Тағы бір оқушы ҰБТ-ға дайындыққа байланысты төрт дәптерлері бар
1. дәптерлері 10-сыныпта жазғызу керек.
2. Тесті Ереже белгілеу дәптерлері
3. Сұрақ жазу дәптерлері
4. Тест сұрақтарын дайындау дәптерлері
лар арасындағы қиындық, кейде олар өздері таңдаған мамандыққа сәйкес емес пәндерді таңдап алады. Оның мынадай себептері болуы мүмкін:
1.Сол таңдаған пәніне қатысты мамандық түрлері көп және оқуға грантпен түсу мүмкіндігі бар деп ойлауы мүмкін;
2. Сол пәнді оңай деп ойлауы мүмкін;
3. Пән мұғалімдеріне қарап таңдауы мүмкін.

6. Бұл қиындық таңдау пәндерінің арасында болатын жағдайлар. Оқушыны өзіміз шатастыратын кездерімізде көп. Мысалы: оқушы биологияны таңдаса, биология пәнінің мұғалім сен физиканы таңда, ол пәнді таңдасаң грантпен оқуға түсу мүмкіндігің көп деп басқа пәнге шығарып салуы мүмкін. Мұндай жағдайларда біз оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, өзіне қажеттісін таңдауға көмектесуіміз қажет.
«Ұстаз ұстаз емес, өз шәкірті үшін күймесе, шәкірт шәкірт емес, өз ұстазын сүймесе»,- деп қазақтың белгілі ұлдарының бірі Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай бұл жетістіктерге ұстаз бен оқушының бірлесе жасаған жүмыстарының арқасында жетіп отыр десем болады.
Менің шәкірттерім:
1. Қайырбаева Талшын 19 ұпай жинап (80%), қазір Шығыс Қазақстанның техникалық университетінің химия бөлімінде.
2. Сапашева Айнұр 18 ұпай жинап (78%), қазір Өскемен қаласындағы Аманжолов атындағы университеттің органикалық химия саласында ІҮ курс студенті. Өз мектебіне келіп мұғалім мамандығында іс-тәжірибеден өтті.
3. Ғабдулкакимова Салтанат химия пәнінен 14 ұпай жинады. (60%).
4. 2013-2014 оқу жылында Егізғалиқызы Еңілік 18 ұпай жинап қазір Шәкәрім атындағы СМУ-нің химия бөлімінің І курс студенті.
«Ең ұзақ сөйлемнің де соңына қойылатын нүктесі бар,- деп қазақтың белгілі жазушысы Ғабиден Мұстафин айтқандай мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші соңғы нүкте - Ұлттық бірыңғай тестілеу болып отыр. Олай болса, сол қойылар соңғы нүктеміз сәтті сөйлемнің соңынан қойылса деп тілейік.
Автор: dauke | 1-03-2015, 23:54
Қарау саны: 1609
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :