Оқушыларға ұннан жасалынатын тағамдардың дұрыс дайындалуының әдіс-тәсілдерін үйрету » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Оқушыларға ұннан жасалынатын тағамдардың дұрыс дайындалуының әдіс-тәсілдерін үйрету


Оқушыларға ұннан жасалынатын тағамдардың дұрыс дайындалуының әдіс-тәсілдерін үйрету

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ұннан жасалынатын тағамдардың дұрыс дайындалуының әдіс-тәсілдерін үйрету.

Білімділік мақсаты:

Оқушыларға қамырдан жасалған тағамдар түрлерімен, дайындау ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру, қабілеттерін, шеберліктерін, іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларды әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді қалыптастыру тексеру

Сабақтың әдісі

Түсіндіру, ой-қозғау, сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі

Слайд, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларға ұннан жасалынатын тағамдардың дұрыс дайындалуының әдіс-тәсілдерін үйрету

 1)Оқушылар мен сәлемдесу, түгендеу.

2) Сабаққа назарын аудару

3)Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ

Наннан тағам аспайды,

Нан бәрін де бастайды

Басса да адам Құранды,

Нанды бірақ баспайды.

Нан қарағым киелі,

Нанды халық сүйеді.

Қастерлеген адамға , шапағаты тиеді.

Нан - ас атасы. Ұлт дастарқанында нанның орны мен бағасы өте зор. Бидай ұнынан пісіріледі. Оның қалай дайындап пісіретіндігі барлық жұртқа белгілі болғандықтан оны қайталап айтып жатпаймыз. Айтар сөз, нан - қазақ ұғымы мен салтында қасиетті, киелі ас. Оны жерге тастамайды, үстінен аттамайды. Үстіне зат қоймайды. Нанды бір қолмен үзудің өзі күнә. Нан - астың басы, құдіреті, әрі символы. Үйге келген адамға да дәм ауыз тигізгенде нан усынады. Қауіпті, алыс сапарға шыққанда, ауырып емделуге кетіп бара жатқанда қазақтар бір тілім нанның жартысын жеп, жартысын үйіне таза жерге сақтатып қояды.

Ұлттық салтымызда алдымен шайдастарқанын дайындаған. Шай дастарқанының басты тағамы бауырсақ. Бауырсақ сөзі қазақ тілінде бауырмал, жақын» деген мағынаны білдірген. Қазақ бауырсағы әр түрлі пішінде – ши бауырсақ, ашыған бауырсақ, жол бауырсақ, жалпақ бауырсақ деген түрлері бар. Бауырсақты ашыған қамырдан пісіреді.

Ұлттық ұн тағамдарының бірі шелпек. Шелпекті мұсылманның діни мерекелері- ораза айт, құрбан айтта және жұма күндері жеті күлше таратылады. Шелпек ашымаған қамырдан пісіріледі.

Қауіпсіздік ережесі

Үйде мамаларыңызға, апаларыңызға көмектесесіздер. Сіздер 7- сыныптарда «Ұннан кондитер бұйымдарын пісіру» тарауымен танысып, машықтық жұмыстар жасаған болатынбыз. Үйге тапсырма ретінде ұннан жасалатын тағамдар жасап келіп, жасалу жолдарын айту тапсырылған болатын. Ал осы тағамдарды пісіру барысында қандай қауіпсіздік ережелеріне сүйенесіңдер (электр пештерімен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері).

1. Қызып түрған кастрөлді немесе басқа да ыдыстарды үстелдің шетіне қоюга болмайды.

2. Қызып тұрған шәйнекке мүздай су құйғанда өте абай бол, мұндай жағдайда шәйнектің тұтқасын немесе қақпағын арнайы тұтқышпен ұста.

3. Ыстық тағамның дәмін татып көру үшін ұзын қасықты пайдалан немесе оның салқындағанын күт.

4. Қасық пен шанышқыны ыстық кастрөл мен табаның үстіне қалдырма.

5.Отта қайнап тұрған кастрөлдің қақпағын өзіңе қарай аш.

Анаграмма шешу

Ашытқы қамыр дайындауға арналған азық-түліктер: ШЫҚАТЫ АНТҚ ҮТС НҰ ҰТЗ

Ашытпалы қамыр.

Ашытпалы қамырды дайындау үшін алдымен ашытқыны дайындайды. Ол үшін 30- 40°С-қа дейін жылытылған сұйыққа жылы суда сұйытылған ашытқыны қосып, үстінен еленген ұн себеді және араластырады.

Ашытқыны күшейту үшін ашытпалы қамырға аздап қант қосуға болады. Одан кейін қамырды илейді. Ашитын қамырдың қоюлығы қаймақтың қоюлығындай болуы керек. Ашытпалы қамырдың бетіне жұқалап ұн сеуіп, таза орамалмен жауып қояды. Сосын ашыту үшін 1-2 сағат жылы жерге қояды. Ашыту аяқталғанда қамырдың көлемі 2-2,5 есе үлкейеді. Бетіне көпіршік іздері байқалады. Яғни, беті жарылады.

Ашытқы қамырдың дайындығын сыртқы түрінен біледі. Ашу біртіндеп баяулайды, бетіндегі көпіршіктер азаяды, ашытпалы қамыр аздап басылады. Ашытпасыз қамыр.

Ашытпасыз қамырды құрамындағы қоспаларды қосып бірбей илейді (пряниктің жасалу жолдарын айтып түсіндіру). Тағамдарды пісіріп болғаннан кейін оның әшекейлеуіне де үлкен мән беру керек.

"Білгенге маржан...”

Ырым тиым сөздерді мағынаны ашу.

Нан- дән басы. Сондықтан да дастарқан- ға алдымен нан қою керек.

Нанды төңкеріп қоюга болмайды.

Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

Қорытынды

Ұнның қандай сорттары болады?

Қандай кондитер бұйымдарын білесіңдер?

Кондитер бұйымдарын пісіруде қай сортты ұнды пайдаланамыз?

Ұнның дымқылдығын қандай әдіспен анықтайды?

Ұнда құрт пайда болмас үшін не істеу қажет?

Үйге тапсырма

Үйден ұннан жасалынатын өнімге кесте сызып реферат жазып келу.

Ілмек сөздер: оқушы, қуырдақ, үйрету
Автор: admin | 29-05-2017, 09:53
Қарау саны: 189
    
Жарнама

Пікірлер -
3


Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :