Табиғатқа аялы көзқарас » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Табиғатқа аялы көзқарас


Табиғатқа аялы көзқарас

ШҚО Семей қаласы.

«№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат» КММ

Тәрбиеші.Жармухамбетова Гулбану Солтановна

Табиғатқа аялы көзқарас

Мақсаты:

1. Табиғат тіршілік көзі екендігін,табиғи заңдылықтарды қатаң сақтау керектігін,табиғаттың құдіретін түсіндіру

2. Табиғатты сүюге, қорғауға , байқағыштыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

3. Оқушылардың дүниетанымын,сезімін,өз ойын айта білу икем-дағдыларын дамыта түсу

4. Көзге ауыртпашылық түсірмеу

I. Ұйымдастыру.

Жұмбақ шешу:

Бізді қоршаған ортамызсың,

Барлық әсемдіктің негізісің.

Бар тіршілік табынып бір өзіңе,

Бар тынысын алады бір өзіңнен.

Бұл не?

Жауабын үш тілде айту:Табиғат-Природа-Нейча.

Тәрбиелік шараның мақсатын айту.

II. Ой шақыру -Табиғатқа нелер жатады?

-Табиғаттың түрлері қандай?

-Табиғат бізге не береді? Кластер жасау.

III. Табиғат туралы өлеңдер оқу.

Туған жерді сүю парыз,

Сүю үшін білу парыз.

Қасиетін ұғу парыз,

Күзетінде тұру парыз.

 Сұлу дала ,менің сүйген еркемсің,

Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О,туған жер, тамашасың көркемсің.

 Ойласаң табиғат пен адам егіз,

Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?

Табиғатсыз қоғам жоқ,болған емес,

Ал қоғамсыз,табиғаттың өзін де өлі деңіз.

 Табиғаттың бауырысың,досысың,

Аянбау да керек шығар дос үшін.

Екеуіңнің араңдағы байланыс,

Өмір бақи үзілмесін, қосылсын.

IV. Табиғаттағы құбылыстар

Жұмбақтар шешу:

Әуелі жарқылдайды,

Кейіннен сартылдайды ( Найзағай ,күннің күркіреуі)

 -Қалпағыңа ие бол,

Алып қашып жүрер ол (Жел)

-Мөлдіреген жүзімді,

Ұстап едім, үзілді (Шық)

 -Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Өрімнен мен түскенде

Өңі кірер даланың (Жаңбыр)

«Жау-жау жаңбыр» әні

V. Көзге арналған жаттығулар

Офтальмотренажермен көзді жаттықтыру ( 1-3 рет)

VI. Табиғатқа байланысты айтылған мақал-мәтел,тыйым сөздер, халық болжамдары

Оқушылар сұрыптап қалташаларға салады.

-Мақал-мәтелдер:

Көк құрақ-көлдің сәулеті,

Құс пен аң-ердің дәулеті.

Таза ауа- дертке дауа.

Сулы жер-нулы жер.

-Тыйым сөздер:

От шығарып ойнама!

Жалғыз ағашты кеспе! Құмырсқаның ұясын бұзба!

-Халық болжамдары:

Қыста қаздар қаңқылдаса, жылы болады.

Сауысқан шықылықтаса, қонақ келеді. Жаз жауынды, күз жылы

болса,қыс ұзақ болады.

VII. Табиғат туралы жаңа түсініктер

Күнделікті өмірде экология,

экологиялық мәселе, экологиялық апат сөздерін жиі естисіңдер.

Экология -грек сөзінен «экос» - тұрақ, мекен. «логос» - ғылым деген

мағынаны білдіреді.

VIII. Поэзиялық минут

Оқушылар табиғат туралы тақпақтар айтады

IX. Табиғат тамашалары туралы ролик көру

Қазақстанның әдемі табиғаты

X. Менің табиғатқа тілегім...Ауызша пікірлерін білдіреді.

XI. Табиғат сәні неде?

Оқушылар ертегі қойылымын қояды.

XIII . Қорытындылау

-Тәрбие сағатынан қандай әсер алдың?

-Сабақ ұнады ма?

- Бүгінгі тәрбие сағатымызды «Ертегілер» әнімен аяқтаймыз.

Автор: admin | 29-05-2017, 09:57
Қарау саны: 217
    
Жарнама

Пікірлер -
4


Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :