БИОЛОГИЯДАН ОЛИМПИАДАЛЫҚ СҰРАҚТАР » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » БИОЛОГИЯДАН ОЛИМПИАДАЛЫҚ СҰРАҚТАР


БИОЛОГИЯДАН ОЛИМПИАДАЛЫҚ СҰРАҚТАР

Бактериялар
Прокариоттарға жатады: қалыптасқан ядросы болмайтын жасушалар
Прокариотты ағзалар: бактериялар, цианобактериялар
Бактериялардың көпшілігінің мөлшері: 0,2-0,5 мкм
Жүзім сияқты жинақталған шар тәрізді бактериялар: стафилакокк
Бактериялар қозғалады: талшықтар арқылы
Таяқша тәрізді біржасушалы бактериялар: бациллалар
Бактерия жасушасына тән органелла: рибосома
Бактерия мезосомасы- бұл: тыныс алатын ферменттер мен фотосинтездеуші пигменттері орналасқан цитоплазмалық мембрананың ішке қарай жирылуы
Бактерия жасушасындағы ядроның аналогы: нуклеоид
Спора түзу қасиеті тән бактерия: таяқшатәрізді
Бактерия споралары … қызметін атқарады : таралу
Қолайлы жағдай туғанда бактерия споралары: ісінеді және жаңа бактерия жасушасы өседі
Автотрофты бактериялар: фото-, және хемотрофты
Гетеротрофты бактериялар: сапрофитті және паразитті
Сапрофиттер – бұл өлі ағзалардың немесе тірі ағзадан бөлінген органикалық заттарды қорек ретінде қолданатын организмдер
Паразиттер- бұл тірі ағзалардың органикалық заттарын қорек ретінде қолданатын организмдер.
Қоректену түрі бойынша бактериялар: автотрофты және гетеротрофты
Сапротрофты бактериялар … жүзеге асырады: шіру және ашу
Автотрофты бактериялар: органикалық заттарды бейорганикалық заттардан өздері синтездейді
Минерализация- бұл қарашіріктің минералды заттарға айналу процесі
Азотфиксация – бұл өсімдіктерге немесе басқа тірі ағзалардың ауа құрамындағы азотты басқа қосылыстарға айналдыру процесі
Түйнек бактериялары : өсімдік тамыры жасушасында тіршілік етеді және көбейеді
Оттекті қолдануына байланысты бактериялар: анаэробты, аэробты, факультативті анаэробты болады.
Бакетриялар көбейеді: жасушаның қарапайым екіге бөлінуі арқылы ( бинарлы)
Бактериялардың коньюгациясы: ДНК бөлшегін тура бір бактерия жасушасынан екіншісіне беруі
Трансдукция – бұл бактерия жасушасындағы ДНК молекуласының екі еселенуі
Пастерлеу – 65 градус температурада 10-20 минут залалсыздандыру
Патогенді бактериялар - тірі ағзада ауру туғызатын бактериялар
Бактериофаг – бактерия вирусы
Цианобактерияның бактериядан айырмашылығы: а – хлорофиллінің болуында.
Цианобактериялар – 2 сатылы фотосинтез процесін жүзеге асырады.
Цианобактериялар селбеседі: саңырауқұлақтармен ; жоғары сатыдағы өсімдіктер тамырымен.
Судың «гүлдеуі» - бұл цианобактериялар мен балдырлардың көбеюі нәтижесінде ашық су бетінің бояуының өзгеруі
Саңырауқұлақтар.Қыналар.
Саңырауқұлақтар тіршілік етеді: топырақта, суда, ағзаның бетінде және ішінде, тағамдық өнімдерде, ағаштан жасалған бұйымдарда.
Саңырауқұлақтардың вегетативті денесі – мицелий
Мицелий – жіңішке түссіз жіпшелер – гифтерден құралады.
4. Саңырауқұлақ жасушасындағы ядро саны- 1,2,көп
5. Қоректік заты – гликоген
6. Жасушасындағы органеллалары: 1 немесе бірнеше ядро, митохондрия, рибосома, ГА, ЭПТ
7. Саңырауқұлақтарды өсімдіктермен жақындастыратын белгілері: қабықшасының болуы, қозғалмайды, спорамен көбейеді, қанша тіршілік етсе, сонша өседі, заттарды сору арқылы сіңіреді.
8. Жануарлаға ұқсас белгілері: гетеротрофты, гликоген, хитинді жамылғы, зат алмасу нәтижесінде мочевинаның бөлінуі
9. Саңырауқұлақтар қоректену типі бойынша: гетеро – , автотрофты болады.
10. Саңырауқұлақтардың көпшілігі: сапрофитті
11. Селбеседі: балдырлармен, цианобактериялармен, жоғары сатыдағы өсімдіктермен.
12. Саңырауқұлақтар өсімдік тамырынан органикалық заттарды алады.
13. Саңырауқұлақтар өсімдіктерді қамтамасыз етеді: минералды заттармен, витаминдермен, сумен
14. Саңырауқұлақтар көбейеді: жынысты және жыныссыз жолмен
15. Мукордың споралары: шар тәрізді спорангияларда жетіледі.
16. Саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі: конидие спроалар, спорангиеспоралар, мицелий бөлігімен.
17. Саңырауқұлақтардың жынысты көбеюі: аталық, аналық гаметалар, гаметангиялар, өсімді мицелий жасушалары арқылы.
Мукордың гифтері: көп ядролы бұтақталғанжіпшелер тәрізді жасушаларъ
Пеницеллдің мицелийі : жасушалары бір – бірінен бөлінген бұтақталған гифтер
Ашытқы саңырауқұлағы: бір жасушалыағзалар
Ашытқының вегетативті көбеюі: бүршіктену арқылы
Ашытқы оттектің қатысынсыз қантты ортада : ашу процесі жүреді
Қалпақты саңырауқұлақтардың жемісті денесі: спора түзеді
Қалпақты саңырауқұлақтар мына өсімдіктермен микориза түзеді: ашықтұқымдылар, гүлдіөсімдіктер
Улы саңырауқұлақтарға жатады:
Микозы – адамның саңырауқұлақ ауруы
Паразит саңырақұлақтар:
Саңырауқұлақтар қолданылады: ақуыз, антибиотик, өсу заттары, лимон қышқылы, ферменттер, витаминдер
Саңырауқұлақтармен уланған адамды құтқару қиын: уланған белгілер тек 12-24 сағаттан соң ғана белгі береді, бұл кезде улы токсиннің қайтуы қиынға соғады.
Қына – саңырауқұлақ, цианобактерия, балдырлардың селбесуі нәтижесіеде пайда болады.
Қыналар бекінеді: ризоидтар, ризиналар, гаптералармен
Қыналардың өсу жылдамдығы: жылына 0,1-10 мм
Қыналардың гомеомерлі қабаты: саңырауқұлақтардың гифтері борпылдақ орналасқан, арасында автотрофты компоненті бар қабат
Қыналардың гетеромерлі қабаты:дифференциалды қабат, (үстіңгі және астыңғы қабаты, автотрофты компонент, өзек)
Қыналар көбейеді: вегетативті
Қыналардың вегетативті көбеюі: қабаттары арқылы, соредия және изидиялар арқылы
Соредия және изидия – саңырауқұлақтардың гифтермен қоршалған автотрофты компонентті жасушалары
Өсімдіктер дүниесі
.өсімдіктерге жататын ағзалар: эукариотты, фототропты ағзалар
Өсімдіктерге қажетті минералды заттар: азот,фосфор, калий
Қоректік көмірсулары: крахмал
Өсімдік жасушасына тән белгі: центроильдің болмауы, пламтид, қабықша, жасуша шырыны бар вакуольдің болуы
Өсімдік жасушасының қабықшасы тұрады: целлюлоза, гемицеллюлоза және пектинді заттар
Өсімдіктер өседі: тіршілік барысында
Өсімдік ағзасының бір – бірімен байланысы: фитогармондар арқылы жүзеге асады.
Тропизм- қоршаған орта факторының бір бағытта әсер етуінен пайда болған өсу қозғалысы
Өсімдікттің фотосинтездеуші құрылымдық бірлігі: хлоропласт
Балдырларға тән қоректену түрі: фототрофты
Жасыл балдырлардың жасушасында : хлорофилл а, в, каратиноидтар бар
Балдырларға белсенді қозғалыс тән ба? Талшықты балдырларға тән
Балдырлардың әр түрлі түсті болуы : жарық сәулесін әр түрлі ұзындықтан (қашықтықтан) қабылдай алу қасиетіне байланысты
Балдырлар талломы: тілімделген болады.
Балдырлардың ауа көпіршіктерінің қызметі: су бетінде тұрып, жарық сәулесін қабылдауға мүмкіндік береді.
Хломидомонаданың жирылғыш вакуолінің қызметі қандай: судың артық мөлшерін шығару
Хломидомонаданың жынысты көбеюі: қолайсыз жағдай туғанда
Хломидомонаданың жыныссыз көбеюі: зооспора арқылы
Хломидомонаданың жыныссыз көбеюінде неше зооспора түзіледі:4-8
Талшықсыз, суда тіршілік ететін, біржасушалы, қоректік маңызы бар балдыр- хлорелла
Екі талшықты, жасушалары басқалардын морфологиялық және функционалды ажыратылатын, шар тәрізді колонна түзетін балдыр – вольвокс
Улотрикстің тіршілік формасы- жіп тәріздікөпжасушалы балдыр
Улотрикс көбеюі: жынысты, жыныссыз
Спирогираның жынысты көбеюі: коньюгация деп аталады.
Қоңыр балдырлар: судың терең қабатында тіршілік етеді, себебі олар көгілдір және күлгін жарықты сіңіре алады.
Көпшілік балдырлар: тұщы және ащы суларды өседі.
Балдырлар су және қоректік заттарды сіңіреді: барлық денесімен
Қоректену түрі бойынша балдырлар: фототрофты
Балдырлар денесі: таллом немесе қабат деп аталады.
Жасыл балдырға жатады: спирогира, улотрикс
Қоңыр балдыр: фукус, ламинария
Балдырларды жіктеудегі негізгі фактор: хлоропластарының формасы
Қызыл балдырлардың талломы: ашық қызыл, сары, көгілдір- жасыл түсті болуы мүмкін
Балдырлардың биосферадағы ролі: фотосинтез нәтижесінде орг заттар түзеді, судан көмірқыщ\шқыл газын сіңіріп, оттекпен байытады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер белгілері: денесінің ұлпа, мүшелерге бөлінуі, ұрпақтарының заңды түрде ауысуы, жынысты көбеюі
Төбе меристемасы орналасқан: сабақтың басында, тамырдың ұшында
Жаңа жасушалардың түзілуі және сабақтың жуандап өсуі: камбийге байланысты.
Даражарнақтылардың сабағы бірінші айларында ғана жуандап өседі, себебі оларды камбий жоқ.
Эпидермис- бір қабатты тығыз тірі жасушалардан тұрады
Лептестік- хлоропластары бар екі тұйықталған жасушалардан тұратын эпидермистегі саңылау
Лептестік қызметі- суды буландыру (транспирация), газ алмасу
Перидерма – жабын ұлпа- бірнеше өлі жасушалардан және бірнеше тірі жасушалардан тұрады.
Тірек қызметін атқаратын ұлпалар- колленхима, склеренхима
Өткізгіш қызметін атқаратын ұлпалар- ксилема, флоэма
Судың қозғалысы мен еріген минералды заттардың қозғалысы- сүрек түтікшелері арқылы жүзеге асады.
Ксилема – сүректелген қабықшасы бар ұзын өлі жасушалы түтіктерден-(трахеидтер), тірі паренхима жасушаларынан тұрады.
Флоэма –
Сүзгілі түтіктер- көптеген саңылаулары бар тірі ядросыз жасушалар
Плаунтектестерде алғаш рет тамыр пайда болды.
Тамырдың өсуі барысында мына процестер жүзеге асады: жасуша бөлінеді- жасушаның созылуы- жасушаның дифференциациясы- негізгі тамырдан қосалқы тамырдың бұтақтануы
Тамыр түктері- тамырдың эпидермисіндегі сыртқы өсіндісі
Өсімдіктің суды буландыруы- су мен минералды заттардың қозғалуына әсер етеді.
Лептестік саңылаулары –жапырақтың астыңғы және үстіңгі беттерінде болады.
Фотосинтез жапырақтың бағналы жасушаларында жүреді.
Жапырақ жүйкесі – талшықты шоқтардан, сүзгілі түтіктерден, тін талшықтарынан түзіледі.
Мүктер су мен мин заттарды топырақтан ризоидтарымен, сабағымен, жапырағымен сіңіреді.
Мүктердің жапырағына тән: лептестік түзуші жасушаның болмауы, саңылаулары бар.
Папортниктердің спорасынан: ұсақ көпжасушалы гаметафит түзіледі
Папортниктердің ұрықтануы: су тамшылары болса жүреді.
Папортниктердің ұрықтануынан соң зиготадан спорофитті ұрық пайда болады.
Эндоспермде – триплоидты хромосома
Қарақатқа тән жеміс – жидек
Қиярдың жемісі- ас қабақ
Тұшала(қарлыған) жемісі- жидек
Орманжаңғақ (лещина)– жаңғақ
Таңқурай жемісі- көпсүйекті
Ас бұршақ жемісі- бұршаққап
Көкнәр – қауашақ
Черемуха – сүйекті
Бидай- дәнек
Картоп- жидек
Қойбүлдірген- құрғақ жаңғақшалы жеміс
Тұқымның өнуі барысында мына құбылыс байқалады: судың әсерінен тұқым ісінеді- тұқым қабығы жарылады- тез өсетін тамыршасы көрінеді – тұқымжарнағы және бүршігі бар алғашқы сабақша пайда болады.
Жануарлар
Қарапайымдылардың мөлшері: микроскопиялы, кейбірінің мөлшері 1,5-2 см дейін
Барлық қарапайымдылар: жыртқыштар, фильтраторлар.паразиттер
Жасуша қабықшасы болмайтын қарапайым: тамыраяқтылар
Қарапайымдалар қоректенеді: қатты заттар мен еріген органикалық заттармен
Қарапайымдылар жасушасында ядро саны : 2 ден аспайды
Школьная олимпиада – биология. В.С.Кучменко, В.В.Пасечник
Аюбадам сабағындағы паренхима жасушалары: өзекті құрайды.
Түймедақ себетінің шеткі гүлдері: жыныссыз гүлдер, жалған тілшікті
Жер бетінде тіршілік ететін балдыр: плеврококк
Қарағайдың жасыл қылқанды жапырақтары: қысқарған өркенде орналасқан
Қызғалдақтың жемісі- қауашақ
Қауырсын тәрізді жапырақ тән: түзу қазтабан
Жапырақтың газалмасу қызметі: лептестікке байланысты
Көктемде сабақтың өткізгіш ксилема элементері арқылы: еріген органикалық және мин заттар өтеді.
Бір жылдық аққайыңның жабын ұлпасы: эпидерма
Эпифиттер- жермен байланысы болмайтын автотрофты өсімдіктер, басқа өсімдіктердің бұтағында, сабағында тіршілік етеді. (орхидея, мүктер)
Эфемерлер- дамуы өте қысқа мерзімде өтетін біржылдық өсімдіктер
Эфемероидтар-жер үсті мүшелері күзден көктемге дейін өсіп, жазда өледі, жер саты мүшелері(түйнек, пиязшық) бірнеше жылға дейін сақталатын көпжылдық өсімдіктер.
Литофиттер- тастар мен құздарда өсетін өсімдіктер.Алдымен бактериялар мен балдырлар, сонан соң қыналар, мүктер, жоғары сатыдағы өсімдіктер өседі.
Тамырдың түзуші ұлпасы: өсу аймағын түзеді
Транспирация өсімдікке: температураны реттеуге және миералды заттарды үнемі алуға көмектеседі
Жыртқыш өсімдіктер насекомдарды ұстағанда: нәруыз синездейтін азот алады
Хлорофилл түзуші бірақ құрамына кірмейтін элемент: темір
Гидрофитті- суда тек төменгі бөлігі ғана болатын өсімдіктер (күріш, тростник)
Гидатофиттер – толығымен суда өсетіндер
Галафитті –жоғары тұзды ортада өсетін өсімдіктер (жусан)
1898ж С.Навашин лалагүл тұқымдасының екі өсімдігі арқылы қосарлы ұрықтануды ашты
Андроцей – гүлдің аталықтарының жиынтығы
Геницей –гүлдің аналықтарының жиынтығы
Хамефиттер- өсу нүктесі жер үстінде 20-30см биіктікте болатын, қар астында сақталатын өсімдіктердің тіршілік формасы (брусника, черника, мүктер)
Гелиофиттер – күнді жақсы көретін өсімдіктер (қарағай, аққайың, емен, астық тұқымдастар)
Фанерофиттер- өсу нүктесі жер үстінен биік, қолайсыз жағдайдан соң да өсуін жалғастыатын өсімдіктердің тіршілік формасы( ағашьар, бұталы өсімдіктер)
Терофиттер- жылдың қолайсыз жағдайында тіршілігін тұқым түрінде сақтайтын бір жылдық өсімдіктер тіршілік формасы (көкнәр, шаршыгүлділер)
Космполиттер- әр түрлі экологиялық жағдайларда өсу мүмкіндігі бар өсімдіктер немесе жануарлардың тобы(эндемиктерге қарсы)
Рудералдар – құрылыс, жол бойында, қоқыстар арасында өсетін өсімдіктер, қорғаныш тікені, т.б. болады. (қалақай, лопух)
Изогамия- сыртқы пішіні бірдей, бірақ биохимиялық, физиологиялық қасиеттері жағынан айырмашылығы бар жыныс жасушаларының қосылу процесі (балдыр)
Оогамия- жұмыртқа жасушасы мен спермотозоидтар қосылуы арқылы жүретін жыныстық процесс
Зигогамия- сырт белгісі бойынша аталық пен аналыққа бөлінбейтін жыныс жасушаларының қосылуы (саңырауқұлақтар)
Гетерогамия – сыртқы белгілері бойынша әр түрлі жасушалардың қосылуы (оогамия)
Конъюгация- балдырлардың өсімді мүшелерінің қосылуы арқылы көбею түрі, инфузорияда ядроның сұйықтықтарының қосылуы, генетикалық материалдың берілуі
Плаундардың гаметофиті 10 жыл бойы түзіледі
СО2 биосинтезге қажет екенін алғаш дәлелдеген: Сенебье
Клейстотеция (клейстогамия)- гүлі ашылмайтын өсімдіктерде өздігінен ұрықтану немесе тозаңдану (арахис, фиалка,пеницелл)
Зигомицеттер –жынысты көбеюі зигогамия саңырауқұлақтар (паразиттер, мукор)
Базидиомицеттер – базидиямен көбейетін жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар
Склеренхима – тірек ұлпасы, тін талшықтарынан тұрады, склереид – ұлпа түрі, (жаңғақ сүйегі, шие сүйегі)
Колленхима – жас өсімдіктердің тірек ұлпасы, (клей)
Аплоноспор- талшықсыз спора (холрелла)
Фотосинтездің жарық фазасы- тилокоидтарда жүреді
Фтотсинтездң қараңқы фазасы- хлоропластардың стромасында жүреді
Жарықтың құрамына өсімдіктер родопсиннің белсенділігімен жауап береді.
Алғашқы эндоспермі болмайды: көкнәр мен томаттан, үрмебұршақ пен асбұршақтан.бидай, арпа, бұрыш, інжугүл, пияз. хурма
Тұқымында эндоспермі болмайды: емен, орманжаңғағы
Астық тұқымдасына тән гүлшоғырлар: күрделі масақ, сүлтан, сыпыртқы
Жануарлар
Жауынан өзінің іш құрылысын сыртқа шығарып қорғанады: голотурия (инетерілілер кл )
Өрмекшілердің өрмек сүйелдері- түрі өзгерген құрсақ аяқтары
Скаттың электр тогын түзуші мүшесі: басы мен кеуде жүзбеқанаттарының ортасында болады.
Гидраның денсіне қозу жүйке торы арқылы жасушадан жасушаға беріледі
Нейстондар- су бетінде тіршілік ететін ағзалар
Планктондар – су қабатында бәсең тіршілік ететін жәндіктер
Қосмекенділер тыныс алады: желбезек,тері, өкпе
Құрлықта тіршілік ететін омыртқалылардың арғы тегі: саусақсалалы балықтар
Дафнияға( шаянтәрізділердің өкілі)- партоногенез және қос жынысты көбею тән.
Буылтық құрттардың жүйке жүйесі: жүйке тізбегінен тұрады( жұтқыншақ асты жүйке түйіндері және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.)
Қандауырша – бассүйексіздер класына жатады
Австриалия қоқыс тауығы жұмыртқасын: шіріген жапырақтар арасына тығады.
Жауын құрты тыныс алады: терісі арқылы
Өрмекшітәрізділердің, скорпионның бірінші жұп аяқтары: хелицералар, ІІ – педипальпалар, мандибулы- жақ аяқтары, антеннулы- мұршалары
Өзен шаянының зәр шығару мүшесі (жасыл без) басында орналасады.
Комменсализм- әр түрлі түр өкілдерінің бір – біріне зиянын тигізбей бірге тіршілік етуі, (торғайлар мен бүркіттің ұясы, акулаға жабысып бірге қозғалатын балық, балықтың қосжақтаулылардың бақалшағына уылдырығын шашып, дернәсілін шығаруы)
Аллигаторлар ұясын: шіріген өсімдік қалдығынан жасайды.
Аузында еріні болмайды: тасбақалар
Жұмыртқа салатын сүтқоректілердің сүт бездерінде үрпісі болмайды.
Жылқының жойылып кеткен түрі- тарпан
Тек паразит тіршілік ететін қарапайымдылар- споровиктер
қан айналымы ашық жүйелі жануарларға тән: гемоцианин, гемоцель, гемолимфа
гемоцианин – омыртқасыздардың тыныс алуда оттек тасымалдайтын нәруызы
гемолимфа- ашық жүйелі қан айналымы бар омыртқасыздардың жаушасы мен ұлпаларындағы сұйықтық
Сүтқоректілерге тән аромарфоз – жылықандылығы
Малярияның тіршілік циклі: адам қаны- масаның сілекей безі- масаның ішегі
Безгек паразитінің плазмодиясының шизоты: адам эритроцитінде түзіледі.
Таспа құрттарда: қан айналым жүйесі болмайды, денесіне оттек пен қоректік заттар диффузия нәтижесінде келеді.
Ішек қуыстылардың регенерациясы: аралық жасушалардың бөлінуі арқылы жүзеге асады
Жұмыр құрттардың тыныс алуы : оттексіз, оттек ағзаға түспейді.
Бунақденелілердің жүрегі: түтікше тәрізді
Жартылай қатқыл қанаттылар отрядының ауыз аппараты- шаншып сорғыш
Аскариданың дене қуысы: сүйықтыққа толы
Насекомдардың есту мүшесі: құрсағы мен аяқтарында орналасқан.
Халицерлер тип тармағына жатады: шаршылы өрмекші, скорпион, қышыма өрмекші, жатпайды: өзен шаяны
Адам аскаридасы аталық, аналыққа бөлінеді, гермофродитке жатпайды.
Сорғыштардың суға түскен жұмыртқасынан: кірпікшелі дернәсіл шығады
Онкосфера- сиыр цепенінің дернәсілі: ірі қараның ас қорыту жолында жұмыртқадан пайда болады
Аскариданың жабысатын мүшесі болмайды (ішекке)
Бунақденелілер (насекомы) демтүтіктілер тип тармағына жатады.
Буынаяқтыларға тән емес: бүкіл денесімен тыныс алу, тән белгілер: буындаға бөлінген аяқтың болуы,сыртқы қаңқа, денесінің буындармен өсуі
Шаянның есту және тепе- теңдік сақтау мүшесі: қысқа мұртшасында орналасқан.
Шаянның ас қорыту жүйесінің ерекшелігі: екі бөлімнен тұратын қарынның болуы
Өрмекшінің ас қорыту жүйесінің ерекшелігі: қорегін жартылай сыртта қортуы
Ересек бөгелек қоректенеді: қоректенбейді
Өрмекші тыныс алады: демтүтік және өкпе қапшықтарымен
Ас шаянның тыныс алу жүйесі: желбезектер
Адам сиыр цепенін финнасы(дернәсілі) арқылы жұқтырады
Буынаяқтылардың көзі: шаянтәрізділер мен бунақденелілерде ғана күрделі
Буынаяқтылардың қан айналымы: тұйық жүйелі
Сүтқоректілердің сала тамыр қаны көктамыр арқылы, көктамыр қаны сала тамыр арқылы ағады: кіші қан айналым жүйесінде
Жұмыр құрттардың бұлшық еттері: көлденең жолақты
Бунақденелілермен қоректенетін сүтқоректілерді: кішкене мөлшері, ұзын тұмсығы (хобот) тануға болады.
Аскариданың жұмыртқасынан дернәсілдері: 20-30 температурада, оттектің жоғары концентрациясында, 10-15 күнде пайда болады.
Жасыл эвгленаның ас қортыу жүйесі: болмайды, қоректік заттарды ортадан бүкіл денесімен сіңіреді
Жыл құстарының басқа жаққа көшуінің негізгі факторы: күннің ұзаруының өзгерісі
Медузалар көбейеді: кейбірі- тек жынысты, кейбірі- жынысты, жыныссыз жолдармен
Қосмекенділерде алғаш рет омыртқалы жануарлар арасында сілекей бездері дамиды
Амниоттар- ерте сатыда ұрық қабықшалары (амнион) пайда болатын жоғары омыртқалы жануарлар (жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер)
Амниондар ұрығының тыныс алуы : аллантоис арқылы
Аллантоис –(грекше. Шұжықтәрізді) жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілердың ұрық қабықшаларының бірі: тыныс алу мүшесі және соңғы бөлінетін заттарды жинайтын орын. Сүтқоректілерде қағанақ түзілу процесіне қатысады.
Құстар мен қосмекенділерде (амфибия) жұмыртқа сарыуызы: бауырда түзіледі
Құстардың жұмыртқасының саруызы: аналық гармондар арқылы түзіледі.
Орталық лецитальді жұмыртқа жасушасы: бөгелекте бар
Түйенің қағанағы: диффузиялы
Ылғалдың 75% тері арқылы бөлетін жорғалаушы: крокодил
Құстардың қаңқасындағы бағыттаушы қауырсындары орналасады: сегізкөз (пигостиль)
Сүтқоректілердің сүт безінен бөлінетін сұйықтық (секреция) апокринді
Теңіз буылтық құрттары тіршілік барысында жынысын ауыстырады. Жас ағза алдымен аналық жынысты болады, 15-20 буылтықтар түзген соң аталық жынысқа айналады. Егер алдыңғы 5-10 буылтықты қалтырып, соңғы бөлігін кесіп тастаса: регенерация әсерінен аналықтың мөлшеріне жеткен соң жынысын ауыстырады.
Онтогенез үдерісінде қосмекенділердің мюллер түтікшелерінің сіңірілуіне (рассасывание): аталық жыныс гармондары жауап береді
Бақаның қалқанша безі алынып тасталған дернәсілі: метаморфозы тоқтап, гигант -дернәсіл болып, суда тіршілік ете береді.
Соңғы ауыз: кит акулада болады.
Хордалыларда ғана эмбриондық даму кезеңінде нейрула сатысы болады.(Басқа жануарларда болмайды.)
74. Жорғалаушылардың ішінде жыландарда дабыл жарғағы болмайды.
75. Күйіс қайтаратын жануарларда болатын ас қорыту мүшесі- ұлтабар
76. Қосмекенділердің судағы дернәсілінде азотты қосылыстар(зәр): аммиак түрінде бөлінеді
Бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтар:
77. Жорғалаушыларда (рептилий) зат алмасудың соңғы өнімі: зәр қышқылы
78. Бөлме шыбынының аяғында: сипап сезу, дәм сезу мүшелері болады.
79. Қандауыршаның ас қорыту жүйесінде: жұтқыншақ, бауыр өсіндісі, тік ішек болады
80. Жорғалаушылардың көбеюінде: сырты тығыз қабықпен қапталған жұмыртқа салу, жұмыртқа тірі туу, нағыз тірі туу кездеседі
81. Судағы сүтқоректілерден баласын тек суда туатыны: гренландия киті, ламантин
Шаянтәрізділер мен бунықденелілерге тән белгілерді бөліп жаз:
Дене жамылғысы хитинді;
Денесі 2 бөлімнен тұрады: баскөкірек, құрсақ
Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, көкірек, құрсақ,
Құрсағы бунақталған
Құрсағы бунақталмаған
Мұртшалары 1 жұп
Мұртшалары 2 жұп- ұзын және қысқа
Жай көздері бар немесе мүлдем көзі болмайды
Көпшілігінде 2 күрделі көзі бар
Тыныс алуы демтүтікті- өкпелі
Тыныс алу мүшесі- желбезектер
Қан айналым жүйесі тұйық
Қан айналым жүйесі ашық
Көпшілігінің қангаттары бар
Қанаттары жоқ
Шаянтәрізділер мен бунықденелілерге тән белгілерді бөліп жаз:
Дене жамылғысы хитинді;
Денесі 2 бөлімнен тұрады: баскөкірек, құрсақ
Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, көкірек, құрсақ,
Құрсағы бунақталған
Құрсағы бунақталмаған
Мұртшалары 1 жұп
Мұртшалары 2 жұп- ұзын және қысқа
Жай көздері бар немесе мүлдем көзі болмайды
Көпшілігінде 2 күрделі көзі бар
Тыныс алуы демтүтікті- өкпелі
Тыныс алу мүшесі- желбезектер
Қан айналым жүйесі тұйық
Қан айналым жүйесі ашық
Көпшілігінің қангаттары бар
Қанаттары жоқ
Автор: dauke | 4-03-2015, 22:26
Қарау саны: 2587
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :