ҚҰҚЫҒЫМ БАР! » Қазақша білім сайты
Жарнама



ҚҰҚЫҒЫМ БАР!

ҚҰҚЫҒЫМ БАР!
Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
№3орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
БЕКТИЛЛАЕВА АЙША ИСАХАНОВНА
Тақырыбы Құқығым бар!
Мақсаты Бала құқықтары оларды сақтау өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік бере отырып, оларды жүзеге асыруға дайындық қабілеттерін қалыптастыру.Әр адам өз пікірін айтуға құқылы екенін түсіндіру.Заңға бағынып тәртіпті болып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі; слайд, мақал мәтелдер, шарлар.
Кіріспе сөз
Мұғалімнің сөзі;
Құрметті ұстаздар, ата-аналар , оқушылар!
Бүгінгі 2 «д» сыныбында өткелі отырған «Құқығым бар» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Адамдар алғаш пайда болған кезде олардың арасында дау жанжалдар, келіспеушіліктер болды. Бірақ оны шешетін заң болмады.
Біздің елімізде ең алғашқы Конституция негізін қалаушы Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады.
Бұдан кейін Шыңғыс ханның «Үш жосысы»13-ғасырда, Қасым ханның «Қасқа жолы» 14-ғасырда, Есім ханның «Ескі жолы»15-ғасырда Тәуке ханның «Жеті жарғысы»16-ғасырда болды.
1989 жылы 20-қарашада Бала құқықтары туралы Конвенция БҰ-ұйымында қабылданып, 1995 жылы желтоқсанда Н.А.Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды.
Әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі керек. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.
Яғни біздің сынып оқушылары 3 топқа бөлініп отыр және олар өз топтарын таныстырады.
Бекжан 1.Адам тобы
Дана 2.Құқық тобы
Жалғас 3.Әділет тобы
Адам тобының ұраны: Тәртіпке бас иген құл болмайды
Тәртіпсіз ел болмайды.
Құқық тобының ұраны:Құқықты білу- заман талабы
Әділет тобының ұраны:
« Әділ заң аспан тірегі»
Жалғас
Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтеское. Кант.
Джефферсон сияқты ойшылдар Төле би,Әйтеке би, Қазбек бижәне Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін,оның өмірін денсаулығын тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата-Заңы-Конституция қорғайды
Мұғалім. Енді кезек
І. Ата-Заңым асыл қазынам
Халықтың ақ тілегі (Нұртас)
Ізгіліктің бастауы
Ата заң бұл киелі
Еліміздің бас заңы
Түзелегн өн бойында
Әділдіктің ақ жолын
Нұр боп жансын жолында
Самға біліп алда оны!
14-бап.Заң алдында жұрттың бәрі тең.(Ринат)
Бұл заңда жеңіс даңқымыз
Салтанат құрған салтымыз
Сүйініш, қамқор қорғаушы
Сүйеді заңын халқымыз
13-бап. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
Әділ заң еңбек желісін (Әлібек)
Бағалар ерлер жеңісін
Адамның еркін айқындап
Қызмет етер ел үшін.
2-бап.Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Шықты тарап ой данадан
Бері қарады жұлдыз беті
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар Президенті
Ол- Нұрсұлтан Назарбаев
75-бап.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
Шыр етіп жерге түскенде
Жұтқаным ауа таза леп
Жер-Ана сенің қойныңда
Өмір сүремін керемет
5-бап.Басқаны қинауға, оған қатал қарауға, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ!
Шындығымның шырайы
Бақытымның күн, айы
Қамқор болып бөбекке
Қолын созған ұдайы
12-бап.Біреудің атына кір келтіруге тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хатын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.
Ғұрпымыз бар ел сенген (Жеңіс)
Дәстүрлері ең ізгі
Әділдікпен өлшенген
Заңымыз ел сенген
Қорғар бәле –жаладан
Ата заң бұл ардақты!
Балалар өз елімізді және атамекенімізді осы ата заң аясында қорғап отырмыз.
Хор Атамекен
19-бап.Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға құқы бар.
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
27-бап.Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы.
Тәртіпті егер болсаң сен,
Жақсы көрер ұстазың
Ата-анаңмен мектебің
Өнеге болар ұстамың.
29-бап Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Ата заңым шаттығымды қорғайды
Пәктігімді қолдайды
Ар атынан айтқан соң
Денсаулықты ойлайды.
30-бап. Азаматтардың тегін, орта білім алуына, жоғары білім алуына құқығы бар.
Кітапты алып қолыңа
Біліммен енді достастың
Жаз бойы күнде ойнаған
Алаңмен бүгін қоштастың
Ербол
Еңбек ет еркін жүр деген
Асыр сап ойнап күл деген
Ата заңым менің
Қорғаған аспан күнімді
Қорғаған бостандығымды
Ата заңым менің!
24-бап.Әркімнің еңбек етуге, тынығуға құқығы бар.(Қарақат)
Еңбексіз адам гүлдемес
Білімсіз адам түк емес
Еңбек пен білім ұштасса
Тынығарсың бір белес.
Ән Орынбай Бекжан ( Өнер білім)
ІІ.Балалардың құқығы мен міндеттері
Бейбарыс
1.Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқығы бар.
.Нұрбек
2.Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата-анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес.
3.Қарақат
Бала мектепте кінәлі болғанда да, оны ешкімнің ұрып жазалауға кемсітіп, қорлауға құқығы жоқ.
Жалғас
4.Ана тілінде тегін оқу, медициналық қызмет өмірінің қорғау, оқуға жақсы жағдай жасау еңбек пен демалыс, мектепте уақытымен сапалы тамақтануға құқылы.
Жеңіс
Сабақ арасындағы басқа ұйымдастырылған демалыс, жексенбі каникул күндерінде, сабақтан босатылған жағдайда құқылы
Ербол
5.Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
Ринат
6.Әр баланың ой-пікірі, ар-ожданы дін еркіндігіне құқығы бар.
Дана
Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
Алтын
8.Бала денсаулығын сақтауға емделуге құқылы.
Бекжан
9.Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
10. Ақжүніс Жаңылсын
Көрініс; Құқығым бар.
Ендеше оқушы міндеттерімен таныс болайық.
Нұртілек
Оқушылар басқа мектеп қызметкерлерінің құқығын құрметтеу және олармен санасу олардың өмірімен денсаулығына қауіп жасамау, даулы сұрақтарды тәртіппен шешеуге міндетті.
Ербол
Мектеп сыныпта сабырлықты, тыныштықты сақтауға міндетті.
Бекжан
Мектеп жарлығына сәйкес жағдайда мектеп қызметкерлері мен кезекші оқушылардың айтқанын орындау мектеп ішіндегі қалыптасқан ережелер қауіпсіздік техникасын және тазалықты сақтауға міндетті.
Ринат
Темекі шекпеу, денсаулыққа зиянды заттарды қабылдамау, сыпайы сабырлы киімін таза ұстау өз-өзіне қарауға міндетті.
Хор; Мен әдепті баламын.
ІІІ. Ұлылырдан қалған асыл сөз.
Жаңылсын
Жер бетіндегі адамдар арасында тәртіп орнату үшін заңды қолдану шөлге жауған жаңбырдай қайырымды.
(385-хадис Мұхаммед Пайғамбар)
Жеңіс
Заң жер бетіндегі құдай жасаған нәрселердің ішіндегі ең қасиеттісі (Кант)
Ақжүніс
Қазақ халқы ең-бейбіт халықтардың бірі (Ш. Уәлиханов)
Бейбарыс
Әр заманның өз рәсімі салты бар. Біздің замандағы салт әркім құқығына таласу болады. Жылау салты артта қалады.
(Әлихан Бөкейханов)
Заң мемлекеттердің тоғыз қабат тор көзді сауыты
(Шерхан Мыртаза)
Ринат
Ата заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа жетеміз.
(Нұрсұлтан Назарбаев)
Қарақат
Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа (халық даналығы)
Лаура
Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен кейін он үшке дейін құлыңдай қина,он үштен ары сырласыңдай сыйла.
Нұртас
Балам бол басқа бол бәріңе заң біреу-ақ. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.
(Жүсіп Баласағұн)
Би «Махамбеттің жыры»
ІY.Сандар сөйлейді
Бала құқығына байланысты баптар не дейді?
Бекжан 4-бап
Балалардың тең құқықтылығы тегіне, нәсіліне ұлтына әлеуметтік жағдайына, жынысына, біліміне қарамастан барлық бала тең құқыққа ие.
10-бап. Алтын
Баланың өмір сүруге жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқылы.
20-бап. Дана
Әр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға құрметтеуге, тарихи мәдени мұраларды сақтауға табиғат пен табиғи байлықтарды қорғауға міндетті.
21-бап Нұртілек
Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы.
Бала өзінің ата-анасын білуге құқылы олардың қамқорлығы мен тәрбиесін алуға құқығы бар.
24-бап. Нұрбек
• Ата-ананың баланы тәрбиелеу күтіп-бағу және асырау жөніндегі міндеті.
Ү. Тығырықтан шығар жол бар ма?
Ситуациялық сұрақтар беріледі.
Мен құқығымды қаншалықты білемін?
1.Сен дүкенге бардың сатушы саған байқамай артық ақша беріп жіберді. Сендер не істейсің?
2.Бір оқушы сыныптасына Ертең 200 теңге әкеліп бересің әкелмесең басқаша сөйлесеміз деді? Сіздер не дейсіңдер?
3.Мектеп оқушысы телефон ұрлады. Сендер не айтасыз?
4.Сыныпта бір оқушы екіншісінің сөмкесіне сызып тастады.
Оқушылардың пікірін тыңдау.
Мұғалім
Балалар Қылмыс қоғамға қауіпті әрекет. Кәмелеттік жасқа толмаса да 16-жастан бастап жасөспірім қылмысы үшін жауапқа тартылады.
ҮІ. Мақал сөздің мәйегі.
1.Заң біткен жерде зұлымдық басталады.
2.Тәртіптің ең тамаша мектебі отбасы.
3.Тәрбиелі-тәртіптің құлы.
4.Сенің құқығың-менің құқығым.
5.Құқықтың ең қас жауы-артықшылық.
Мұғалім
Отанымыз Қазақ елі әрқашанда тыныштық пен татулықтың
арқасында көк туымыз желбірей берсін !
Ән «Көк тудың желбірегені»
Автор: dauke | 5-03-2015, 21:37
Қарау саны: 406
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :