Заманауи мектепте - заманауи мұғалім » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Заманауи мектепте - заманауи мұғалім


Заманауи мектепте - заманауи мұғалім

Заманауи мектепте - заманауи мұғалім

Аманжолова Торгин Осербаевна

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қарағанды облысы
Нұра ауданы, Балықтыкөл ауылы
«Балықтыкөл негізгі орта мектебі» КММ

«Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ»
А. Байтұрсынов

Ұлағатты ұстаздың осы сөзінде терең мағына жатыр. Сол үшін де қазіргі ұстаз – ертеңгі болашақ кепілі. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік туын бекем ұстап, өздерінің білімдері мен тәрбиесін келер алдыңғы буынға тапсыру міндеті тұр.

Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы – ақпараттандырылған, жаңа форматты ,жан – жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс–тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.Сапалы білімнен нәтиже көру үшін сабақ барысында әр түрлі әдістер мен баланың қызығушылығын ояту мақсатында бағалаудың бірнеше түрлерін және әр түрлі ресурстар пайдалану керек.

Жаңа үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек деген сұраққа оның кәсіби шеберлігі жөнінде негізгі негізгі мектепте мұғалімдерге қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, негізгі талаптарды толықтыра отырып, жаңа реформалық үлгідегі талаптарды ұсынамыз. Бұл үшін мұғалімге педагогикалық мәселелер бойынша пәннің теориясы мен әдістемесі, педагогика саласы бойынша оның әдіснамалық негізін, ғылымның, танымның теориясы, әдістерін меңгеру оның кәсіптік сапаларының қалыптасуы мен зерттеушілік қызметінің қалыптасуына өз себептігін тигізеді. Сонымен, білім реформасы инновациялық-дидактикалық іс-әрекетті инновациялық әдістерді және технологияларды, педагогикалық іс-әрекетті субъектісінің дамуы мен өздігінен дамуына бағыт беретін талаптарды түзейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қазіргі мектептерге зерттеушілік-шығармашылығы талаптарын толық меңгерген, қызығушылықпен баланың жеке тұлға болып дамуына өз үлесін қоса алатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін ақыл-кеңес бере алатын мұғалім қажет.

Бастауыш білім жоғары сыныптарда алатын жүйелі білім салаларының бастамасы ғана емес, оның негізі. Олай болса, бұл мұғалім тұлғасының осы мәселелерді түсінетіндей, оны жүзеге асыратындай білімділігімен қатар педагогикалық ой-өрісінің болуын қажет етеді. Кез келген типтегі мектептерде жұмыс істеуге дайын болу – болашақ мұғалімдерге жүктелетін міндеттердің бірі.

Бастауыш сыныпта оқылатын әрбір пән орта мектепте оқылатын бірнеше пәннің бастамасын негіздейді. Мәселен, бір ғана дүниетану пәні келешектегі жүйелі ғылым салаларының бастамасы. Олай болса, мұғалім тұлғасының жан-жақты білімді болуы өзінен өзі туындайтын талап. Мұғалім тұлғасының қалыптасуына педагогикалық практика кезінде атқаратын жұмыстар мен сол жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістері үлкен әсер етеді. Ондай жұмыстар қатарына мына төмендегі мәселелерді ендіруге болады:

-Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндердің бағдарламалық талаптарын жете білу;

-Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін меңгерту;

-Оқушылармен жұмыс істеу икемділігінің, білім, қарым-қатынас, адамгершілік сапаларының қалыптасуы;

-Ұйымдастырушылық шеберліктерінің болуы;

-Тәрбие мәселелерін, оны ұйымдастырудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін білу;

-Сабақты ұйымдастыру және оқыту әдістерін меңгеру. Оған көптеген икемдіктер енеді: сабақты жоспарлай білу, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау, жаңа технологияны қолдану шеберліктері, сабақ барысында оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстарды іріктей білу, оқушылардың шығармашылығына жағдай туғызу, оқушылардың тілін, ойлау қабілетін дамытуға көңіл бөлу, сабақ барысында оқушылар белсенділігін ұйымдастыру, т.б.

Заманауи сабақ оқушыдан нені талап етеді?

- Оқуда жетекшілікті қабылдау

- Оқуда жетекшілікті іздеу

- Өз оқуы үшін жауапкершілікті өзіне алу

- Өздігінен басқара оқуын көрсету

- Өз оқуын бағалау және оқуды жалғастыру үшін қажетті оқудағы қажеттіліктерді анықтау

- Өз оқуын бірізді бағалау және оқудағы қажеттіліктерді анықтау

- Оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін және оқуды басқарудағы автономиялықты көрсету

- Жаңа идеялар мен үрдістерді әзірлеуге тұрақты қызығушылығын және оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін көрсету

- Сабақтың мақсатына жетуде тапсырмалардың дұрыс орындалуын

- Мектеп өмірінде алған білім - біліктерін пайдалана отырып, ситуациялық жағдаяттарды шеше алу

- Берілген тақырыптағы жүйеленген тапсырмаларды нақты орындай алу

- Алты деңгейдің де тапсырмасын берілген мерзімде орындап шығу

- Өз оқуын, уақытты тиімді ұйымдастыру және жеке немесе топтарда басқару арқылы ұйымдастыра алуы қажет

- Өзінің оқу үрдісін, қажеттіліктерін ұғыну

- Қол жетерлік мүмкіндіктерді анықтау

- сәтті оқу үшін кедергілерден өтуі

- оқушылардың жас ерекшеліктеріне мән беру;

- талантты және дарынды балаларды анықтау;

Осындай жұмыстарды жасаудың арқасында көптеген жетістіктерге жетуге болады.

Қорыта айтатын болсам, осы жоғарыда айтылғандардың негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына,өзін – өзі реттеуіне, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп, жан – жақты білім алуына көмектеседі.

Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде.

Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық!


Автор: admin | 8-11-2017, 10:58
Қарау саны: 83
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :