» » Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»


Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

2 тарау. Тәрбиенің қайнар бұлағы

Сынып: 5

Мектеп: №8 ЖББОМ Қарағанды қаласы

Мұғалімі: Кузембаев Мартбек Кайркенович

 

Қатысқандар:18 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі.

Сейітқұл – ел қамқоршысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(5.Б/С1)

Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау;

(5.Т/Ж 4)

Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.

Сабақтың мақсаты

1.1.Шағын көлемді шығармаларды, үзінділерді мәнерлеп оқу;

1.2. Шағын көлемді шығармаларды, үзінділерді жатқа айту;

1.3. Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау

Бағалау критерийлері

* Шағын көлемді шығармаларды, үзінділерді мәнерлеп оқиды;

* Шағын көлемді шығармаларды, үзінділерді жатқа айтады;

* Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер: тобыр, барымта, жортуыл басы, шығыр салу, жамағат, шыңдауыл.

Сыныптағы диалог/жазу үшін қолданылатын тіркестер

Өйткені...

Себебі...

Неге десеңіз.....

Сондықтан...

Демек...

Олай болса....

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Кейіпкер әрекеті арқылы еліне қамқор болуға, жақсылық жасауға баулу.

 

 

 

Пәнаралық байланыс

Күнделікті өмірмен, тарихпен, АКТ пен байланысты.

Тақырып бойынша алдыңғы оқу

Ыбырай Алтынсариннің өмір жолымен және «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын анықтады. «Қарлы кесек» әдісі арқылы кері байланыс орнатылады.

 

 

 

 

 

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы.

 

 

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Ширату жаттығуы. «Суағар» ойыны

Жүру барысы:

Оқушылар қолдарына бір – бірден ақ қағаз ұстап шығады. Содан суағар жасайды. Сол суағардан теннис шаригін жоғарыдан жібереміз. Қай жерден су ағып кетеді, сол суды ағызып алған оқушыға сұрақ қояды.

4.Сыныпты топқа бөлу.

«Құпия сөздер» әдісі арқылы үш топқа бөлу.

Парта үстінде қима қағаздарда

?

«Сейітқұл», «Ел», «Қамқор» сөздер бойынша 3 топқа бөлінеді.

 

 

 

 

 

- Үш топтың атауынан бір ортақ қандай атау шығарасыңдар?

- Қамқорлық туралы тағы қандай мақал білесіздер?

- Жақсылық жасау, көмектесу деген жақсы қасиет пе ?

- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыздар?

 

Осы арада сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

 

 

Ақ қағаз

Теннис шаригі

 

 

 

Қима қағаздар

Сабақтың ортасы.

 

 

ТЖ. 1-тапсырма

Венн диаграммасы. Әңгіме кейіпкерлерін салыстыра отырып, ортақ ұқсастықтары мен айырмашылығын табыңыздар.

1 топ

Антон мен Сейітқұл

2 топ

Атымтай Жомарт мен Сейітқұл

3 топ

Қыпшақ Сейітқұл мен інісі

 

Дескриптор:

1. Кейіпкерлердің ортақ ұқсастығын айтады, салыстырады;

2. Еңбек адамы қандай екенін түсіндіреді, жеке қасиеттеріне нақты тоқталады;

 

 

ҚБ1 Мадақтау

 

ТЖ. 2 – тапсырма.

Кейіпкерлер рөліне ене отырып шығарма үзіндісі бойынша диалог құрыңыздар. «Сахналық қойылым» әдісі. Диалог барысында сөздерді мәнерлеп жатқа

айтыңыздар.

1 топқа (Сейітқұл мен елден қоныс аударардағы ел адамдарымен диалогі);

2 топқа (Сейітқұл мен інісінің диалогі);

3 топқа (Сейітқұл жаңа қоныстағы тіршілігі жаңарған кездегі ел адамдарымен диалогі)

 

Дескриптор

 

- үзінді бойынша диалогке сенімді түсе алады.

- сөздерді мәнерлеп жатқа айтады.

- сахна мәдениетін ұстанады.

ҚБ 2 Бағдаршам әдісі

ЖЖ. 3-тапсырма.

«Дербес пікір айту» әдісі

1.Шығармадағы кейіпкердің өзіндік

3 құндылығын анықтап, пікіріңізді білдіріңіздер.

2.Дәлелді сөйлеңіз.

3.Қорытынды жасаңыз.

Дескриптор

 

 

- кейіпкердің өзіндік құндылығына дәлел болатын

3 эпизодты анықтайды;

- қамқорлық жасау, жақсылық жасау, еңбекті ету құндылықтарын бағалай алады.

 

ҚБ3 Көңіл күй смайликтері

 

 

 

 

 

 

Постер

Түрлі – түсті қарындаштар

Сабақтың соңы

Ж. 4-тапсырма.

«Хат жазу » әдісі.

«Сейітқұлға хат» тақырыбында хат жазу.

Дескриптор:

1. өз ойын жүйелі жеткізе алады;

2. кейіпкердің бейнесін ашып, өзіндік ой түйеді.

ҚБ4 Бас бармақ

Рефлексия.

«Шығу билеті».

1.Бүгінгі сабақ ұнады ма?

2.Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

3.Бүгінгі тақырып бойынша не білгің келеді?

Үй тапсырмасы:

Әңгімені мазмұндау. «Қамқорлық, жақсылық жасау» тақырыбында мақал – мәтелді қатыстырып, суретті буклет жасап келу.

 

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

*Барлығы- шағын көлемді шығармаларды, үзінділерді мәнерлеп оқиды, әңгіме кейіпкерлерін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табады;

*Көпшілігі - шағын көлемді шығармаларды, үзінділерді жатқа айтады, рөлдік ойында өз ойларын еркін жеткізеді;

*Кейбіреуі - шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын сөз тіркестері арқылы арқылы бағалайды, пікір айтады.

ҚБ1 – мадақтау

ҚБ2 – көңіл күй смайликтері

ҚБ3 – бағдаршам әдісі

ҚБ4 – бас бармақ

 

АКТ- ны құралдарын тиімді пайдалану, сынып бөлмесінің тазалығын сақтау, оқушылардың сергіту сәтінде және топтық жұмыс барысында икемді қозғалуын және дұрыс отыруын қамтамасыз ету,

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

 

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

 

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

 

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

 

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

 

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?

 

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?


 

Автор: admin | 16-11-2017, 20:44
Қарау саны: 3214
    
Жарнама

Пікірлер -
1


RimmaZura - 24 қараша 2017 04:21
Всем Хелло! народ кто любит игать в игры подскажите отрыла экую тему:
Как играть в современные игры без скачивания и установки на нетбук через сервис Playkey
а так же нашла Генератор промокодов для сервиса Playkey ТУТ видео
Кто тестил сервис и Генератор отпишите в личный кабинет стоит ли заморочки!

RimmaZura: Генератор промо-кодов не знаю, я пользуюсь патчем
Патч для бесплатного пользования сервисом скачивай здесь.
Видео по установке и настройке патча смотри тут.
Всё работает! А за ссылки в коментах админ kazbilim-edu.kz может Забанить.

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :