Ең үздік оқырман

Астана қаласы №77 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Айтжанова Сәуле Ашимхановна

«Ең үздік оқырман» білім сайысы

Мақсаты: ұлттық сана- сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол,еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу.Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу, кітапханаға келген оқырмандар санын анықтау.

Көрнекілігі: « Менің сүйікті кітаптарым» атты көрме, оқырман формулярлары, слайдтар

Нақыл сөздер:

1.«Кітап- жан азығы», «Кітап- білім бұлағы,білім- өнер шырағы»

2.«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге.» Абай Құнанбаев

3.«Әрбір адамның ең жақын досы- өмірлік досы – кітап болуы тиіс» М.Әуезов

4.Кітап жинап ,түптеймін,жыртылмасын,

Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.

Таза болсын беттері, кірлемесін,

Көрген кісі кітабы кір демесін.

М.Әлімбаев

Жүргізуші: Армысыздар қадірменді ұстаздар, жас оқырмандар!
Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші –білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі. Болашақ -білімді жастарымыздың қолында. Бүгінде кітапханалар еліміздің болашағы жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына жолдама беретін мәдени-орталыққа айналып отыр.Осыған орай «Ең үздік оқырман -2017» білім сайысына қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымыз сіздердің білімдеріңізді, ұшқыр ойларыңызды өрнектеп ортаға салу. Олай болса, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деген сөз бар, ендеше , «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтау үшін сайысымызды бастайық.Ендеше сайысқа әр топтан бір-бірден 5 оқушы қатысады.
Білімменен сайысады сайыскерлер,
Алға озар ең мықтысы осы жолда.
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына -дей келе сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
1 сайыскеріміз 3 «А» сынып оқушысы Нұрғазы Әбілқайыр
2 сайыскеріміз 3 «Ә» сынып оқушысы Бижігіт Шыңғыс
3 сайыскеріміз 3 «Б» сынып оқушысы Барлықбай Аруна
4 сайыскеріміз 4 «А» сынып оқушысы Сағи Ботакөз
5 сайыскеріміз 4 «Ә» сынып оқушысы Аябекова Несібелі

Шын жүректен шабысынан танылады
Нақты білім ,терең ой сыналады.
Шын жүйрікті танитын шабысынан,
Сайлайық әділқазы алқасын біз-бүгінгі әділқазы алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.Сүбебаева Айман Дәулетханқызы – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
2.Қайсаева Айгүл Айтмұхамедқызы- директордың бастауыш ісі жөніндегі орынбасары
3.Омарова Нұржамал Тұрсынбайқызы- директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

4.Жетпысбаева Назым Базылбекқызы- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жақсылық адамдардың тілегі екен,
Тілеген жақсылықтың жүрегі екен.
Дәстүрлі қазағымның сарқылмаған
Жобасын сайыскерлер біле ме екен?
Сіздерді «үздік оқырмандар»сайысының шарттарымен таныстыра кетейін.
1-бөлім: «Әр оқырман - бір әлем» өздерін таныстыру.
2-бөлім: «Мықты болсаң тауып көр» тапқырлар мен жүйріктер сайысы.
3-бөлім: «Мақал-мәтел» сайысы
4-бөлім: «Кейіпкерлермен сырласайық»берілген кейіпкер бейнеленген карточкалардан кейіпкерлерді табады.
5-бөлім Көрермендерге қойылатын сұрақтар
Ақыл көрік бойларына жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Сайыскерлер таныстырып өтеді, - дей келе үздік оқырмандарымызбен танысайық.

1- бөлім «Әр оқырман –бір әлем» атты тақырыбымен әр қатысушы өздерін таныстырады.
Жүргізуші: Ал,үздіктер қалайсыздар,
Сіздер өтер әлі талай сын бар.
Келесі сайыс жоспарында
Түседі бәсекеге білімділік, -деп келесі сайысымыздың 2- бөлімі «Мықты болсаң тауып көр»атты тапқырлар мен жүйріктер сайысын бастаймыз.
І оқырман
1.Астана қаласы қай жылдан бастап ҚазақстанРеспубликасының астанасы болды? (1998 жыл)
2.Н.Ә. Назарбаев қай жылы Президент болып сайланды? (1 желтоқсан 1991жыл)
3. «Жеті жарғы» заңдар ережесін кім шығарған? (Тәуке хан)
4. Аттары бірдей қандай жазушыларды білесің? (Мұхтар Әуезов, Мұхтар Мағауин)

5. Жыл атауынан құр қалған жануар? (түйе)
6. Еліміздегі ең биік тау шыңы? (Хан тәңірі)
7.Қазақ халқының тарихында өткен билерді ата? (Қазыбек би, Төле би,Әйтеке би)

І І оқырман
1.Қазақтың атақты суретшісі? (Ә.Қастеев)
2.Қазақ даласында алғашқы мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)
3. Пирамидалар елі (Мысыр)
4 .Қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, қазақ әліппесін жасаушы ғалым кім? (А.Байтұрсынов)
5. «Менің атым – Қожа» шығармасының авторы? (Бердібек Соқпақбаев)
6. «Бай баласы мен жарлы баласы» кімнің шығармасы? (Ыбырай Алтынсарин)
7 Қазақтың бес арысын ата? (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)

ІІІ оқырман
1.Қазақта тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қ.Мұңайтпасов)
2.Абайдың шын аты? (Ибраһим)
3. Желмаяға мініп, шұрайлы жер іздеумен өмір кешкен кім? (Асанқайғы)
4. Қыста жейтін малдың етін не деп атайды? (Соғым)
5.Сан есімнің сұрақтарын ата? (қанша? Неше?)
6. Қазақтың үш бәйтерегі (Сәкен, Бейімбет, Ілияс)
7. Соғыс кезінде қол бастаған ұран? (Ура)

ІҮ оқырман
1. Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)
2. Шығыстың қос шынарын атаңыз? (Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
3.Оқушының алғашқы кітабы? (Әліппе)
4.Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
5. 1 қыркүйек қандай күн? (Білім күні)
6.Адамдардың бір-бірімен түсінісу құралы? (Тіл)
7. Кітаптың алғы сөзі арқылы не білуге болады? (Кітаптың қысқаша мазмұнын)
Ү –оқырман
1.Әнұранның авторы кім?(Шәмші Қалдаяқов,сөзі Жұмекен нәжмеденов,Нұрсұлтан Назарбаев)
2.Қазақстан Республикамыздың рәміздерін ата? (Ту,Елтаңба ,Әнұран)
3.Исламның қасиетті кітабы?(құран)
4.Абайдың неше қара сөзі бар?(45)
5.Әр адамның шағын отаны? (Отбасы)
6.Жер бетінің қағазға кішірейтіп салынған бейнесі? (Карта)
7. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма?(Мұхтар Әуезов «Абай жолы»)

3-бөлім Мақал-мәтел сайысы
І оқырман
Жыланды іннен қалай шақырады
Жауабы: Жылы - жылы сөйлесе, жылан іннен шығады.
1. Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жанады)
2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)
3. Аппақ қарға бола ма?( Қарға баласын аппағым дейді)
4. Ең тәтті не? (сүті - тәтті, баланың тілі – тәтті)
ІІ оқырман

1. Адамның қай мүшесі - қорқақ, қай мүшесі - батыр? (Көз - қорқақ, қол -батыр)
2. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман)
3. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (Шашу оңай, жинау қиын)
4. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? (Ер бір өледі, қорқақ мың өледі)
ІІІ оқырман
1. Оттан да ыстық не? (Отан оттан да ыстық)
2 Білгенің қанша, білмегенің қанша? (Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)
3 Не біліп,қалай сөйлеу керек? (көп біліп,аз сөйлеу керек)
4 Қой мен қасқыр ойлана ма?
(Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық)

ІҮ оқырман
1. Қына мен білім қайда бітеді? (Қына тасқабітеді,білім басқа бітеді)
2. Жаманның ақылы кіре ме? (Жаманның ақылы түстен кейін кіреді)
3 Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс, күймейсің)
4.Жақсы мен жаманның сөзі неге шақырады?
(Жақсының сөзі ақыл шақырады, жаманның сөзі ашу шақырады)

Ү оқырман
Шетте жүрсең тарығарсың..........(туған елді сағынарсың)ъ
2.Ұланы бар елдің.........(Ұраны бар)
3.Дұшпан күліп кіріп........(күңірене шығады)
4.Кісі елінде сұлтан болғанша........(өз еліңде ұлтан бол)

4-бөлім «Кейіпкерлермен сырласайық» Бұл бөлімде сайыскерлеріміз кейіпкер бейнеленген карточкалардан кейіпкерлердің атын табады.
Сұрақтар

1 карточка
1.Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың басты кейіпкерлері кімдер? (Қозы Көрпеш - Баян сұлу)
2. 8 ағасын іздеп шығатын ертегі кейіпкері.(Ертөстік)
2 карточка
1.Руы оның Жағалбайлы
Жылқысының көптігінен бағалайды.
Оның өлгені рас болса,
Құдайым, Қыз Жібекті неге алмайды, -деп кімнің өлімін жоқтап отыр? (Төлеген)
2.Алпамыс батыр жырындағы Гүлбаршынды зорлықпен алмақ болған батыр.(Қараман)
3 карточка
1.Алдар алдап кеткен Бізбикештің әкесінің аты. (Шықбермес Шығайбай)
2.«Қарағым, айналайын кекілдім ай, Көгілдірі аққудың секілдім ай» деп жас баланың шашын тегіс ұстарамен алып, маңдайына бір шөкім шаш қалдырады. Бұл шашты қалай атаған? (кекіл)
4 карточка
1.Көне заттар сақтайтын орынды ата? ( мұражай)
2.Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге,
Артық білім кітапта
Ерінбе оқып, көруге.
Қай ақынның өлеңі? (А.Құнанбаев)
5 карточка
1. Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жүргегімде таныстым мұң тілімен... (Ж.Молдағалиев)

2.Атырау қаласы қандай табиғи байлығымен атақты?(Мұнай , газ, балық)

5- бөлім Көрермендерге қойылатын сұрақтар
1.ҚР-ның жаңа Әнұраны қашан қабылданды?(2006 ж 6 қаңтар)
2.Үш жұртты атаңыз? (ағайын жұрт,нағашы жұрт, қайын жұрт)
3.Жеті қазына дегеніміз не?(1ер жігіт,2.Сұлу әйел,3.Ақыл ,білім.4.Жүйрік ат.5.Қыран бүркіт.6.Берен мылтық.7.Жүйрік тазы.)
4.Тұсаукесер тойының мағынасын қалай түсінесіз? (Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып,ырым)

Мақал –мәтелдер
1.Ұяда не көрсең ,...........(ұшқанда соны ілерсің)
2. Үлкенге құрмет,.........(балаға міндет)

3.Асыңа тойғызбасаңда,.......(ниетіңе тойғыз)
4.Тоқсан ауыз сөздің .........(тобықтай түйіні бар)

5.Бой жетпеген жерге .......(ой жетеді)

6.Көп біл.....(аз сөйле)

7.Ұлық болсаң, .....(кішік бол)

8.Бас кеспек болса да.......(тіл кеспек жоқ)

Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін қазыларға береміз.

1. Бас жүлде «Үздік оқырман»
2. «Тапқыр оқырман»
3. «Белсеңді оқырман»
4. «Үлгілі оқырман»
5. «Өнерлі оқырман»
6. «Ынталы оқырман» номинациялар бойынша оқушыларды марапаттау.

«Ұстазым» әні орындайтын Канапина Жанель

Кітапханашы: Қымбатты оқушылар, кітап бәріңнің де мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын. Кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін. Еліміздің болашағы, ертеңі үшін барлық қуат-қайраттарынды оқуға, заман талабына сай терең білім алуға жұмсандар!
Өмірде бір нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне қарап жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті өнерлі болуы керек.Ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді кітап арқылы танимыз.Ол үшін кітапты көп оқуымыз керек.
Жүргізуші: Кітап –жан айнасы. Оған қарап бойыңды да түзеуге болады.Айналадағы адамға мейіріммен қарауға үйренесің.Өмірде бір нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін!

Автор: admin | 20-11-2017, 20:23
Қарау саны: 754
    
Жарнама

Пікірлер -
1


RimmaZura - 24 қараша 2017 04:15
Всем Хелло! граждане кто уважает игать в игрушки подскажите выискала эдакую тему:
Как играть в новые игрушки без скачивания и установки на нетбук посредством сервис Playkey
а так же нашла Генератор промокодов для сервиса Playkey ТУТ видео
Кто тестил сервис и Генератор отпишите в личный кабинет стоит ли заморочки!

RimmaZura: Генератор промо-кодов не знаю, я пользуюсь патчем
Патч для бесплатного пользования сервисом скачивай здесь.
Видео по установке и настройке патча смотри тут.
Всё работает! А за ссылки в коментах админ kazbilim-edu.kz может Забанить.

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :