» » БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІ


БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІ

БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІ

Халимова Мадина Махашевна

«№41 ЖББОМ, КММ» информатика пәні мұғалімі

Диалог- ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысы жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді.

Диалогқа құрылған әдістер оқушылардың сөйлеу техникасын, шығармашылық деңгейін дамытады. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көме қажет болады, мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

Белсенді оқыту тәсілдерінің бірі сыныптағы саралау жұмысының жеті тәсілі басшылыққа алынды. Диалог әдісін қолдана отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы әрбір сабақ сұрақтар қою арқылы, үлестірме материалдарды меңгеруге мүмкіндік берілді. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған.

Выготский когнетиві дамудың оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу диалог құру арқылы жүзеге асады.

Курс кезінде: Сұрақ қою, оны түсіну дәрежесін бағалау және оқушылардың жауабына қарай әрекет ету мұғалімнің кәсіби шеберлігін қажет етеді. Осы орайда Врагг Э.К. және Браун Г. (2001ж.). өздерінің зерттеулерінде мұғалімдердің оқушыларға сұрақ қоюда жіберетін келесі қателіктерді анықтаған (www.cpm.kz): мысал ретінде топтық жұмыста талқыланды. Диалогқа «Сұрақ қоюда жіберілетін қателіктер» тақырыбы бойынша топтар жұмыс жасады. Орыс психологы В.М. Снетков «Жақсы сұрақ – кең ауқымды ойланып, барлық мүмкін жауаптарын іздестіруге бағыттайтын ойландыратын сұрақ» деген тұжырымға келеді және сұрақтардың төмендегідей қызметтерін атап көрсетеді:

-сұрақ арқылы жаңа ақпарат алуға болады;

-сұрақты дұрыс қою арқылы білгендерін нақтылай түсуге болады;

-сұрақ қою арқылы талқылау бағытын өзгертуге болады;

-сұрақ арқылы өзінің көзқарасын білдіруге болады;

-дұрыс қойылған сұрақ жауабын табуға бастама болады.

Педагогтер сабақта оқушылардың сыни ойлауын дамыту олардың ашық сұрақ қоя білуі, ақпаратты терең талдау жасай алуы, өз ой-пікірін жәй айтып қана қоймай, оны дәлелдеп, сыныптастарының көзқарасын өзгертуге деген әрекеттері екенін де ескеру керек.

 

Сабақтарда өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі - аффективті (эмоционалды) сезім арқылы ортақ проблемаларды бірге шешіп, екі оқушы бірге қорытындылайды. Диалог барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсады, ынталанды, ойларымен бөлісті, пікірлесті, білімді бірлесіп алды, өз білімдерін толықтырды. Тапсырма беріліп, оны орындағанда проблеманы шешуде өз идеяларын ортаға салып, талқылайды, оған баға береді, және ұжымдық білім мен түсініктері қалыптасады. Топпен жұмыс жүргізгенде әңгімелеріне қарай ой-пайымдаулары айқындалып, олардың топ алдында, жұрт алдында сөйлеу мәдениеттері қалыптасады. Тыңдап қана қоймай, тапсырманы белсенді орындайды, ынтасы артып, өз бетінше жұмыс жасау дағдылары артатындығы байқалды.
Өткізген сабақтар өзара білімін дамыту мақсатында бірлескен сұхбатынан: бірін – бірі оқытады, пікірлеседі, ой бөліседі, әңгімелеседі.Бұның бәрі де диалогтық оқыту әдістері негізінде жүзеге асып отырады. Тілдік қорын молайтуға, білім деңгейін көрсете алуына, білімін әділ бағалауына оң әсерін тигізеді. Жаңартылған білім беру мазмұны жаңаша ізденіс, жаңаша көзқарас жалғасын тауып, ел ертеңі келешек ұрпақтың білім алудағы жетістікке жету жолында нәтижелі болуына сенімдімін.

Диалогтік әдісті әр мұғалім пайдаланады, өйткені күнделікті сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы пікір алмасу да байланыс та сол диалог арқылы жүзеге асады, алайда осы диалогтік оқыту әдісі мұғалімнің тиімді пайдалана білу шеберлігіне байланысты қолданылады.

Сұрақ қою арқылы мұғалім: Орыс психологы В.М. Снетков «Жақсы сұрақ – кең ауқымды ойланып, барлық мүмкін жауаптарын іздестіруге бағыттайтын ойландыратын сұрақ» деген тұжырымға келеді және сұрақтардың төмендегідей қызметтерін атап көрсетеді:

-сұрақ қою арқылы талқылау бағытын өзгертуге болады;

-сұрақ арқылы өзінің көзқарасын білдіруге болады;

-дұрыс қойылған сұрақ жауабын табуға бастама болады.

Оқушылардың білетін, білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуын талап етеді. Әңгімелесу пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалім оқушылардың оқу үдерісін қолдай және дамыта алады. Сыныпта диалогті пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады.

Оқушылардың білімі мен ойлау қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады. Диалогтік идея тәсіліне сәйкес,

сауалнама мен топтық жұмыс оқушылардың оқуын жақсартуға қабілетті.

Қорыта келгенде болашақта осы курста алған білімімді одан әрі жалғастырамын. Сондықтан осы жаңа өзгерістерді әріптестерімнің тәжірибесіне енгізуге ұжым болып жұмыс істейміз деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық 2012 екінші негізгі деңгей
  2. Л.С.Рукгабер «Новые подходы в обучении:диалоговое обучение» Астана, 2013ж, «Білім берудегі инновациялық процестер» атты ІІ республикалық конференциясының материалдары (139 бет).
Автор: admin | 6-11-2018, 20:33
Қарау саны: 46
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :