ЖИЫМДАР

ЖИЫМДАР

Халимова Мадина Махашевна
№41 жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі

Сабақ құрылымдық шолудан басталады. Біз, бүгін, жиымдар туралы білетін боламыз. Сұрақтар:
1. Ойынға жиналған футболшылардың жиыны - команда.
2. Қарындаш, дәптер, қаламсап, өшіргіш –
3. Балта, ара –
4. Домбыра, қобыз –
Жалпы белгілері бірдей нысандардың топтамасын жиым, жиымға кіретін нысандар жиымның элементтері деп аталады. Қарапайым мысал келтірсек,
Құстар
Жануарлар
Геометриялық фигуралар жиымдар
Сандар
Әріптер
Әріптер - баспа, жазба, әр түрлі пішін түрінде болуы мүмкін.
Торғай – құстар
Шаршы – геометриялық фигуралар



Білімділік мақсаты: жиым және элементтері турал түсінік беру, теориялық білімін кешенді жаттығулар мен тапсырмалар арқылы пысықталып практикада ұштастыру.
Дамытушылық мақсаты: ББД қалыптастыру мен дамыту оқушы құндылығының негізі :
1. Ақпараттық: әр түрлі ақпараттық құралдармен жұмыс жасай білу; теориядан ең негізгі мәселені көре білу; алынған ақпаратты кесте, слайд, бағдарлама түріне айналдыра білу.
2. Коммуникативтік: ауызша сөйлеудің негізгі тәсілдерін меңгере алу: ауызша сұрақтарға қысқа жауап қайыра білу, өз ойын сауатты, анық, дәлелді жеткізе білу; өз көзқарасын қорғай білу.
3. Оқу-зерттеушілік: жұмысты орындаудың ең тиімді жолдарын өз бетінше орындай алу; оны жүйелей білу.
4. Әлеуметтік: белсенді жеке тұлға рөлін орындау.
5. Технологиялық: тапсырмаларды орындау барысында өзіндік қолтаңбасын (элементін) қалдыру;
6. Рефлексиялық: өзінің оқу іс-әрекетіне талдау жасай алу; өзінің іс-әрекет нәтижесін түсіне отырып, қиындығын (қателігін) таба білу.
Сабақтың міндеті: Оқушыларға компьютер алдында еркін, өз бетінше жұмыс істеуді қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, есептер жинағы, тест тапсырмалары, топтамалық сұрақтар.
Пайдаланатын педагогикалық технология және әдіс-тәсілдер: Ақпараттық технология, түсіндірмелі-иллюстриативті көрнекілік әдіс.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын сұрау
1. Кубик лақтыру (Сұрақ-жауап). 2. Есеп программасын тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Жиым элементтері туралы түсінік, жиым элементтерін жариялау. Жиым-аттары бірдей нөмірленген, индекстері әртүрлі айнымалылар тобы. Жиымға кіретін айнымалыларды жиымның элементі дейміз. Мысалы: Сынып журналы, компьютер саны, күннің реті және т.б .
Ескерту: Бұл топтың әрбір айнымалысы жиымның элементі болады. Әрбір йнымалының жиымның ішіндегі өзінің орны және мәні болады. Массивтің элементі тік жақшаға алынып жазылады.
Паскальда жиымды сипаттау үшін array операторы қолданылады.
Жалпы жазылу түрі: Аты: array [N..M] of түрі /типі/;
Мысалы: А: array [1..10] of integer; С: array [0..6] of сhar; B: array [1..20] of real;
Мұндағы : А жиым аты, 10 элементі барын [1..10] өлшемін, элементтерінің бүтін сандық шама екенін көреміз. Сол сияқты С жиымында 6 элемент бар, олар таңбалар, В жиымында 20 элемент бар, олар нақты сандар.
Жұмысы:
• Алдымен жиымның аты (A-Z) анықталады.
• Жиымның түрі (сан) анықталады.
• N ð M-ге дейінгі ұяшықтар тағайындалады (оперативті жадыда).
• Ctrl+F9 басылғаннан кейін әрбір ұяшық үшін жадыдан мән сұралынады.
Есеп: Массивті жариялау. 1-ден 5-ке дейінгі А массивінің элементтерін енгізу, шығару.
program massiv;
var i: integer;
a,x:array [1..5] of integer;
begin
for i:=1 to 5 do readln(a[i]);
for i:=1 to 5 do x[i]:=a[i];
for i:=1 to 5 do writeln ('x[i]=',x[i]);
end.
Практикалық кезең. Компьютермен жұмыс.
1-Есеп: Массивтің ең үлкен және ең кіші элементін анықта..
2-Есеп: 5-тен 25-ке дейінгі С массивінің элементтерін квадратта.
Бекіту кезеңі: Тестпен жұмыс.
1. Жиымды сипаттау үшін қолданылатын қызметші сөздер.
А) integer, of В) array, of С) array, do Д) of, array
2. Программада жиымды енгізу үшін ... ұйымдастырылады.
А) цикл В) шарт С) команда D) әрекет
4. Оператордың қатесін тап:
А) А: array [N..M] of түрі; В) В: array [А..В] of түрі; С) K: array [c..d] of түрі;
5. Жиым элементі ... ішінде жазылады:
А) { } В) ( ) С) [ ] D) [ }
6. Программа нәтижесінің дұрыс жауабы:
Program massiv;
var i: integer;
a,y: array [2..5] of integer;
begin
For i:=2 to 5 do Readln (a[i]);
For i:=2 to 5 do y[i]:= (a[i]);
For i:=2 to 5 do Writeln (‘y[i]=’,y[i]);
End.
А) х[i]=1,2,3,4,5 В) y[i]=2,3,4,5 С) с[i]=2,4,5
Бағалау кезеңі. Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасы.
Сабақты аяқтау. «Рефлексия»
Автор: dauke | 9-02-2015, 22:51
Қарау саны: 2552
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :