» » "Ұстаз деген ұлағатқа бас идік!"


"Ұстаз деген ұлағатқа бас идік!"

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ұлғайсын ауылы
Сейсекенов орта мектебі
Қазыбекова Салтанат Құтжанқызы - 9-класс жетекшісі
Тақырыбы: "Ұстаз деген ұлағатқа бас идік!"
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтей білуге, ұстаз еңбегін қадірлеп, бағалауға
баулу. Оқушылардың қызығушылығын арттыру. Білімдерін өнермен
ұштастыру.
Көрнекілігі: Құттықтау газеті, гүлдер, шарлар, домбыра, үнтаспа.
"Ұстаз деген ұлағатқа бас идік!"

Өтілу барысы:
ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге еңбек жолында мол табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз. Әруақытта білімді шәкірт тәрбиелеп, мерейлеріңіз үстем бола берсін!Дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілейміз! Бүгінгі 9 сынып оқушыларының дайындаған мерекелік тартуын қабыл алыңыздар!
Ақбота: Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар
Торқалы тойларыңа тарту етем
Ізетті шәкіртіңнен сый алыңдар!
Гүлжамал:Ұстаздар, тыншымайтын еңбеккерлер,
Жемісті жерге екпеген, елге еккендер
Азамат ұрпақтарын тәрбиелеп
Зердесін болашақтың зерлеткендер
Ақбота:Жайдары жүрегіңде бақыт көрік,
Жаныңның бар асылын сарқып беріп,
Жас буын өнегелі шәкірттерді
Жүрсіңдер өз балаңнан артық көріп
Гүлжамал:Жақсылық атаулыға жаршы жандар
Жамандық атаулыға қарсы жандар
Баланы сусындатып өсіруге,
Білімнің бұлақ көзін аршығандар

Ақбота: Қымбатты да қадірлі ұстаздар!
Гүлжамал:Сіздерге отбасы шаттығын!
Ақбота:Ұстаз мерейін!
Гүлжамал:Жүрек жылуын тілейміз!

Ақбота:Көңілдеріңіз көктемдей болсын!
Гүлжамал:Өмірлеріңіз қуанышқа толсын!
Екеуі бірге: Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Ақбота: Мұғалім, ғазиз, мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңа
Арнайды саған бұл әнін!
Хор:"Ұстазым"
Ақниет: Ұстаз деген ұғым бар мына дүниеде
Ілмейтінді ілдіретін,
Білмейтінді білдіретін,
Санаға ақыл қялататын,
Арманды алдан қиялататын,
Өмірді ұғынуыңа себеп болатын,
Тірлікке кірігуіңе көмек болатын,
Әр кезде аялайтын,
Мейірімін аямайтын,
Бықсытпайтын жандыратын!
Тұлғалық табиғатын мәңгілік қалдыратын!
Гүлжамал: Иә,ұлағатты ұстаздарға қандай теңеу айтсақ та артық емес. : Ғылым иесі ғалым да, ел қорған батыр, да тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып,мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді
Ақбота: Нұр құйды ма сәби гүл, әлди елі.
Жүрегіңде қасиет бар киелі
Шәкірттерге ұстаздар дәріс берсе,
Сіз ұстазға үйреттің тәрбиені
Біізге білім берген ұстаздарымыздың ұстаздары, мектептің басшысы Кеңшілік ағай, оқу ісінің меңгерушісі Асхат ағай және тәрбие ісінің орынбасары Гүлбану апай тағы да мерекелеріңіз құтты болсын! Келесі ән тек сіздерге арналады. Қабыл алыңыздар!
Гүлжамал: "Ұстазым" әні Ақбота мен Қуаныштың орындауында.

Гүлжамал: Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп айтуында
терең мағына жатыр. Егер әр
адамның жүрегінде ізгілік сәулесі
болса, ол мұғалімнің еңбегі. Сол
нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру
үшін қаншама тер төкті десеңізші!?
Мінекей, біздің арамызда көп жыл еңбек етіп келе жатқан қарт ұстаздарымыз да бар
Ақбота: Анадай құс ұйқымен көз ілдірер,
Арманын аласартпас сезімділер,
Бағбандай мәуелі бақ мәпелеген
Бала үшін бар азапқа төзімділер
Гүлжамал: Ұстаз болған баршаға,
Ардақты жандар қаншама
Шәкіртің күнде қуансын!
Шарашама ұстаз, шаршама!
"Әлеппені" танытып, өмірге үлкен жол аштырған бастауыш сынып мұғалімдері және бөбектерге өз баласындай қараған шағын орталықтың ұстаздары арамызда отыр!
Несібелі апай, Мәншүк апай, Ақайна апай, Венера апай, Айнұр апай, Гүлжан апай келесі ән шашу өздеріңізге арналады.Бақытты болыңыздар деген ниетпен "Бақыт әнін тарту етеміз.
"Бақыт деген..." орындайтын 9-класс қыз балалары
Ақбота: Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
Гүлжамал: Иә, батыр ұстаздарымыз да баршылық біздің арамызда. Ешқандай қиыншылықтан қорықпайтын, есеп шығаруды үйретіп, түрлі тәжірибе жасап оқуға қызығушылығымызды арттырған ұстаздарымызға мың алғыс. Күләш апай, Карима апай, Әсел апай, Шахирезада апай, Айнұр апай, Салтанат апай Мерекелеріңіз құтты болсын!Мерейлеріңіз үстем болсын!
Ақбота: Тойлайды бұл күнді көптен,
Біздің байтақ бақытты ел
Ұстаздарды шын жүректен
Құттықтайды жігіттер
"Қазақ жастары
"Гүлжамал: Шәкіртің өткен іздерде
Үмітің гүлдер мұғалім,
Білеміз ертең бізден де
Өмірдің талап сұрарын
Ақбота: Менің дағы бүлдіршін бала күнім,
Білетінім тек қана ана тілім,
Қырдан келген біздердей ұл-қызыңа,
Үйреттіңіз Пушкиннің дана тілін!
Гүлжамал: Ортамызда майталман тіл мамандары мен терең тарихты,өз-өзімізді тануға, кітаппен дос болуға бағыт берген ұстаздарымыз бар. Гүлбану апай,Батима апай, Балзира апай, Гүлфара апай, Жангүл апай, Жайнагүл апай, Дана апай, Тоғжан апай, Жансара апай келесі ән шашау өздеріңізге арналады. Қабыл алыңыздар!
"Армандастар" әні
Ақбота: Басса бұрыс жол сілтеп, қате дейсің,
Әр балаға сен аға әкедейсің
Болашақтың көптеген жас шыбығын
Бағбанындай аялап мәпелейсің
Келес і құттытауымыз мектебіміздің ер мұғалімдері Серік ағай,Жасұлан ағай,Мұрат ағай,Руслан ағай,Мұрат ағай,Досбол ағай,Дәурен ағайларға арналады.
ән.Әке
Гүлжамал: Оқыңдар ұл-қызым деп,
Күлімдеген ұстаздар!
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете ұстаздар!
Ән:Армандастар
Ақбота:Мектеп мұғалімі - адам жан дүниесінің инженері.
Гүлжамал: Мінез-құлық сәулетшісі, ауру шипагері
Ақбота:Ақыл-ой мен естің жаттықтырушысы,
Гүлжамал: Ой мен сезім дерижері
Ақбота:Адамның алғашқы әділқазысы,
Гүлжамал: Жас өркенді мәпелеуші бағбан.
Ақбота:Ғалым, сәулетші, әнші, биші, әртіс екеніне көзіміз жетті.
Гүлжамал: Ғұлама, білгіш ғалымнан,
Оқушы жас жалыннан
Мархаббаты ойшылдан
Мал өсірген қойшыдан
Жазушыдан, ақыннан
Ғарышкерден, батырдан
Өнері асқан актерден
Ырыс қазған шахтерден
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күйшіден
Оқыған жас-кәріден
Оқушының бәрінен
Ұстаздарға мың сәлем!
Ақбота:Тү.зеттіріп шалалықты
Есейттіңіз балалықты
Ойламайтын ертеңін
Ойсыз кейбір еркені
Түзеп жөнге салдыңыз
Ел алғысын алдыңыз
Сабырыңыз құрыштай
Жөн айттыңыз ұрыспай
Түзедіңіз тентекті
Тұрғызбай-ақ бұрышқа
Сізден ізгі, кішілікті
Үйренеміз кісілікті
Еркін білім аламыз
Ертең біз де маманбыз
-Мен ғарышкер боламын
Мен жер шарын шоламын
-мен болашақ шахтермін,
-Мен қазір-ақ актермін
-Егін егіп баптаймын,
-Елді жаудан сақтаймын
-Берен білім, ерен күш
Ұстаздарға мың алғыс!
Гүлжамал: Алғыстарым көп менің,
Асыл анам мектебім
Үйреткені адалдық
Ұсынғаны адамдық
Текті мінез даналық
Бар ұстазға тілейміз
Бақыт табыс, амандық
Ақбота:Бақ орданың жүрегі
Ертеңімнің тірегі
Ұрпақтардың өмірі
Нұрлы болсын тілегі
Әсем жүзі, гүл өңі
Ұлағатты ұстаздар
Мәңгі өмір сүреді
Ұлық тұлға өр екен
Таси түссін берекең
Келген осы айтулы
Құтты болсын мерекең
Гүлжамал: Білдіріп шәкіртінің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізге алуан гүл ғып ұсынамыз
Жүректің алғысы мен рақметің!
Ақбота:Қара сөздің дауылы
Құрмет еткен ауылы
Бәрі:Сыйымызға риза бол
Мұғалімдер қауымы
Мұғалім:Көңілдің ақ тілнгін қол етеміз
Тілектермен нығайсын мерекеміз
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғым
Осыменен аяқталды мерекеміз!
Автор: dauke | 9-03-2015, 23:01
Қарау саны: 1157
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :