Қымыз

7-сынып.
1.Сабақтың тақырыбы: Қымыз
2.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қымыздың түрлері және оның емдік қасиеті, жасалу тәсілі туралы түсініктерін молайту.
Тәрбиелік:Ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге, білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Лексикалық тақырып бойынша сөздік қорын байыту, мәтін мазмұнын әңгімелеп,ойын қисынды жеткізіп айтуға тілдерін төселдіру.
3.Сабақ түрі: Білімін және іс-әрекет әдістерін жетілдіру.
4.Сабақты ұйымдастыру түрі: әңгімелесу, сұрақ-жауап,практикалық.
5.Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі: АКТ, ұлттық тағамдардың суреттері, «Қымыз» туралы бейнежазба, түрлі түсті фишкалар,стикерлер.
Сабақ барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесу.Түгендеу.
2.Сабаққа психологиялық дайындық жұмысын жүргізіледі.
«Жақсы сөз жанды жадыратады» әдісі.Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектерін тілейді.
3.Оқушыларға түрлі түсті фишкаларды таңдатып алдыру.Үш түс бойынша оқышылар үш топқа бөлінеді.
II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

78-бет.3-тапсырма. «Өзімнің ұнататын тағамым» шағын әңгімесімен бөлісу.
5-тапсырма.Мақал-мәтелдерді ауызша сұрау.
III Оқушының субьект тәжірибесін өзектілеу кезеңі
Сендерге қандай қазақтың ұлттық сусындары ұнайды? Мінеки,балалар, бүгінгі сабақта қазақ халқының ұлттық сусыны қымыздың түрлері және оңың жасалу тәсілі, емдік қасиеті туралы бідімдеріңді кеңейтіп, сөздік қорымызды байытамыз.Бейнежазбадан көрген мағлұмат бойынша ойларыңды айтып,мәтін мазмұнын әңгімелеуге төселесіңдер.
1)Сөздікпен жұмыс.78-79-беттер.
Сөздерді дұрыс оқу, сөйлем құрастыру.
-Сөздік дәптерге жазу.
қымыз
саумал қымыз
түнемел қымыз
тайқымыз
құнан қымыз
дөнен қымыз
бесті қымыз
сүр қымыз
ашыту
қор
түшкіру
ем
бағалы
2) «Қымыз» бейнежазбасын мұқият көріп,тыңдап, керек мәліметті түртіп алу.
Бейнежазбадан қандай мәліметтер алдыңдар?
Слайдтағы тізбеті сұрақтарға жауап беріңдер.
Қымыздың түрлерін ата.
Қымызды неден жасайды?/саумал/
Құрамында қанда витаминдер бар? /А,В1,В2,С,Е/
Қымыз туралы алғаш рет қай ғасырда айтылған? /б.д. дейінгі Y ғасырда/
1 сауғанда неше мл сүт алынады/200мл/
Биені күніне неше рет сауады?/4-6 рет/
Қымызды қандай ыдыста сақтайды? Ол неден қорғайды?/бөтен иістен, дәмнен/
Неге градуста.неше сағат піседі?/1 сағат,20 С/
1 тәулік сақталса дәмі қандай болады?/сәл қышқыл/
2 тәулік сақталса ше?/қышқыл және ащы/
3 тәулік сақталса ше?/ өте қышқыл /
100 мл қымызда неше каллория бар?/40 ккал/
Оның қандай қасиеті бар?/зарарсыздандыру/
Қан айналымын не істейді?/жақсартады/
Нені қалпына келтіреді?/ас қорытуды/
Қымыз қандай сусын?/емдік, құнарлы, тез сіңімді/
Y Жаңа білім және іс-әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі
1)76-бет.1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. «Мәтін бөліктері» әдісі» бойыша жұмыс жасау.Үш топтағы оқушылар берілген бөлім бойынша мәтін мазмұнын әңгімелейді.
1-топ.Кіріспе.
2-топ.Негізгі бөлім.
3-топ.Қорытынды.
Қымыз

YI Жаңа білімді және іс-әрекеттер амалдарын бекіту кезеңі
79-80-беттер.Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
III деңгей.
1.Сұрақтарға жауап беріңдер.
Қымыз дегеніміз не?
Қымыздың қандай түрлері бар?
Қымыз қалай жасалады?
2.Мәтіннің мазмұнына сәйкес септеулік шылауларды қатыстырып,сөйлемдер құраңдар.
II деңгей.Сызба бойынша қымыз туралы мәтін құрастырыңдар.



Қымыз


тамақ дәрі ең бағалы сусын
Қымыздың түрлері:
Қымызды ашыту өнері туралы 1-2 сөйлем құраңдар.
I деңгей.
«Қымыз –бағалы сусын » деген тақырып туралы айт.
YII. Жаңа білім және іс-әрекет амалдарын қорытындылау,жүйелеу кезеңі
Әр топ кластер құрастырып, өз тақырыбын қорғайды.
1-топ. Қымыздың түрлері
2-топ.Қымызды қалай ашытады ?
3-топ.Қымыздың емдік қасиеті.
Демек, ұлттық сусынның қандай пайдасы бар екен?
Оқушылар бір- бірін топпен бағалайды.
YIII Үй тапсырмасы жайында мәлімет беру кезеңі
Оқушыларға үй тапсырмасын түсіндіру.
80-бет.3-тапсырма.Сөйлемдерді аяқтап жазу.
79-бет.Мәтін мазмұнын әңгімелеу.
IX Рефлексия кезеңі
Сабақ соңында оқушыларға стикерлер таратып беру.Онда оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып, ауызша ой бөліседі.
Сабақ саған несімен ұнады?
Қай досыңның жауабы ұнады?
Қай сұрақ қиын болды?
Автор: dauke | 9-03-2015, 23:06
Қарау саны: 1388
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :