Қайнау. Меншікті булану жылуы. » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Қайнау. Меншікті булану жылуы.


Қайнау. Меншікті булану жылуы.

Пәні: Физика
Құрастырған:
Балмаганбетова Бота Шаймерденовна «№54ЖББОМ» КММ Қарағанды қаласы
8«А»сынып Күні: сабақ
Сабақтың тақырыбы Қайнау. Меншікті булану жылуы.
Сілтеме Слайдтар, электронды оқулық, бейне ролик, 8-сынып оқулығы.
Жалпы мақсаты Қайнау.Меншікті булану жылуы туралы ақпарат беру.
Қайнау туралы өз ойларын айтуға, мағынасын түсіндіруге, Сұйықтың қайнауының, оның булануынан айырмашылығын анықтауға, мысалдар келтіре алуға баулу. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы мен жан-жақты талдау мүмкіндіктерін қалыптастыру.
Оқу нәтижесі *Қайнау. Меншікті булану жылуы туралы білетін болады. оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы мен жан-жақты талдау мүмкіндігін қалыптасады.
*Меншікті булану жылуының формуласын пайдаланып есептер шығаруды үйренеді.
*Топпен жұмыс жасай алатын болады.
Негізгі идеялар Алған білімдерін тексере отырып, жинақтау.
Тапсырмалар
«Миға шабуыл» Сұрақ жауап
1.Видео ролик Өз ойларын айту
2. Қайнау «Мәтінмен жұмыс» тақырыбына постер құру
топпен жұмыс істеу құрал жабдықтар мен суреттер бойынша әр топ жұмыстың орындалу шарттарын талқылау.
3.Өзіндік жұмыс: «Ойлан тап» Есептер шығару
4.Әр топқа тиесілі жұмысты табуға арналған есептерін шығарып талдау Топпен жұмыс
5.Берілген кестені толтыру «Тұжырымдамалық карта» Топпен жұмыс
6. интеграция жасау
. Топпен жұмыс
7.Инсерт әдісін қолдану Б-Б-С әдісі бойынша сабақты қорытындылау.
Әдіс-тәсілдер: топтастыру, диалог, жеке, топтық жұмыс. АКТ: интерактив тақта, Power Point презентациялар. СТО стратегиялары




Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
Топ ережесін құрастыру.
І.Ұйымдастыру
1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.2.Табиғат құбылысына байланысты (күннің тұтылуы,күннің батуы,қардың жабуы,найзағайдың ойнауы) суреттердің әрқайсысын беске бөлу арқылы сыныпты 4 топқа бөлеміз.
ІІ. Миға шабуыл
1.Заттың қандай агреграттық күйлерін білесіңдер?
2.Затың қатты күйден сұйық күйге өтуі не деп аталады?(балқу)
3.Молекуласы ыдыстың барлық көлеміне таралатын заттың күйі қандай күйге жатады?(сұйық)
4. Сұйық бетіндегі булану не деп аталады? (кебу)
Қайнау туралы видеоролик көріп сол туралы өз айларын айту
Жаңа сабақ
Қайнау процесін бақылау үшін құтыға су құйып, температурасын өлшей отырып, қыздырамыз. Біраздан кейін құтының үстіңгі жағында тұманды байқауға болады.Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді.Сыртқа шыққан су буы салқын ауамен араласады және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады. Температурасы ары қарай жоғарлағанда құты қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде көптеген кішкене көпіршіктер пайда болатынын көреміз. Бұлар судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері. Қыздырған кезде олар судан бөлініп шығады.
Ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері біртіндеп үлкейе береді. Көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да , жоғары көтеріледі. Осы кезде әдетте қайнар алдында ызыл естіледі.Неге? Өйткені жылы су буы көпіршіктерімен салқын су көпіршіктері соқтығысқанда дыбыс шағарады. Белгілі бір температурада көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады. Бұрқылдап су қайнай бастайды.
• Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды булану қайнау деп аталады.
Біз кез-келген жер бетіндегі денелерге атмосфералық қысым әрекет ететінін білеміз.Енді осы су көпіршіктері қандай жағдайда осы атмосфералық қысымды жеңіп сырқа шығады? Қайнау кезінде көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан төмен болмау керек.
• Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді;
• Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды.
Қалыпты атмосфералық қысымда әртүрлі заттың қайнау температураларының мәндері анықталған.
Кейбір заттардың қайнау температурасы, оС
( Қалыты атмосфералық қысымда 105 Па)
сутек -253 су 100 сынап 357
Оттек -183 сүт 100 қорғасын 1740
эфир 35 спирт 78 мыс 2567
Алайда сұйыққа түсетін сыртқы қысым атмосфералық қысымға тең болмауы да мүмкін. Атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен болса онда су төменгі температурада қайнай береді. Биіктігі 5-6 мың метр Эльбрус шыңында су шамамен 800С- та қайнайды. Сұықтың үстіндегі қысымды жасанды түрде төмендетсек , онда кез келген температурада тіпті қату температурасында қайнайды. 32 гПа 25 оС су бөлме температурасында қайнайды. Ал сыртқы қысым 6 гПа болғанда , су 00С-та қайнайды.Судың төменгі қысымда қайнауын қант өнеркәсібінде қолданады. Қант ертіндісі бар болғаны бірнеше ондаған градуста бұрқылдап қайнайды.Қант сиропының күйіп кету қаупі болмайды және артық су тезірек бөлініп шығады.Керісінше судың бетіне аса жоғары қысым түсіре отырып , судың температурасын 1000С тан жоғары температурада қайнатуға болады. Автоклав құрылғысында тем-ра 200 0 С-қа дейін қызады.
Қайнау процесі үзбей жүру үшін оған үнемі сырттан энергия беру керек. Қайнаған сұйықтың температурасы өзгеріссіз қалады.Бірдей массадағы түрлі сұйықтарды қайнау температурасында буға айналдыру үшін әртүрлі жылу қажет болады. Заттардың булану қабілеттілігін сипаттайтын шама меншікті булану жылуы (r) деп аталады.
Меншікті булану дегеніміз- сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.
Q = rm (Дж кг)- өлшем бірлігі
Қалыпты атмосфералық қысымда қайнау температурасында әртүрлі сұйық үшін меншікті булану әртүрлі болып келеді. (7 –кесте )

Өзіндік жұмыс: «Ойлан тап»
1.Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес, сонымен қоса оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін мұндай қарқынды булану?
2.100ºC-тан 0ºC-қа дейін салқындатылған массасы 5 кг су қанша энергия бөледі?
3.Қайнау кезінде сұйықтың температурасы .....
Өздік жұмыс әр топқа жеке тапсырма
1-топ
1. Неліктен өзеннен ыстық күні шомылып шыққанда тонамыз?
2. Далаға жайылған кір ашық желсіз күні тез кебе ме? Әлде желді күні тез кебеме?Неге?
3. 11 кг су буы конденсацияланғанда қандай жылу мөлшері бөлінеді?
4. 1000 С-тан 00 С-қа дейін салқындатылған массасы 5 кг су қанша энергия мөлшерін бөледі? / Q= 21*105 Дж/
2-топ
1.Ашық ыдыстағы судың қайнау температурасы 1000 С-қа тең , егер су тұмшалап жабылған ыдыста қыздырылса, қайнау температурасы өзгере ме?
2. «Аузы күйген үрлеп ішеді» деген мақалдың тұрмыс-тіршіліктегі мағынасы және физикалық тұрғыдан түсіндір.
3.Көсеуің ұзын болса, қолың күймейді дегенді физикалық
тұрғыдан түсіндір.
4. 00 С температурадағы 2 кг мұзды ерітіп 200 С –қа дейін жылыту үшін қанша жылу мөлшері керек?(λ=3,4*105Дж/кг, c=4200 Дж/кг 0 С)
С-тобы

3топ
1.«Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады,
Күн батқан соң суарған суды жер жұтады.» деген мақалдың мағынасын физикалық тұрғыдан түсіндір.
2.Судың формуласын жаз?
3. 00 С температурада массасы 10 г суды қайнағанға дейін ысытып, одан әрі оны буға айналдыру үшін қандай жылу мөлшері жұмсалады?
4. Булану жердің қай қабатында болады?




«Тұжырымдамалық карта»

Q 4,6*106 Дж ? 4,5*105 Дж
r 2,3*106 Дж/кг 3,3*106 Дж/кг ?
m ? 0,2кг 0,5кг

Бағалау


Кері байланыс.
Рефлексия.(Маған ұнады,қиын болды.)
Автор: dauke | 10-02-2015, 00:11
Қарау саны: 1650
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :