Ертегілер елінде » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Ертегілер елінде


Ертегілер елінде

Ертегілер елінде.
Мақсаты: Ертегілер арқылы оқушылардың өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, жақсы мен жаманды айыра білуге, еңбекті, адалдықты сүюге үйрету. Ертегі кейіпкерлерін сомдауға баулу. Әдептілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Ертегі халық шығармасы, халық мұрасы.Ертегіні сүйіп тыңдайтын,сүйіп айтатын балалар. Ертегі арқылы жақсы мен жаманды айырып, армандауға, қиялдауға үйренсек, ой-өрісіміз де кеңеймек. Бүгін біздер халықтың асыл қазынасы ертегілер еліне саяхат жасамақпыз.Ертегілер еліндегі саяхат 5 кезеңнен өтеді. Саяхат барысында тапқырлығымызды, алғырлығымызды, білімімізді сайысқа түсіреміз.
Ертегілер еліне саяхатымызды бақылап, баға беріп отыратын сиқыршы ханшайымдармен таныс болыңыздар: Ләззат Солтанқызы, Салтанат Бекжанқызы, Бибісара Темірғалиқызы.
«Ертегілер» әні орындайтын 3а сынып оқушылары Латипова Айниса, Тасыбаева Ақерке.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті 4 а сынып оқушыларының орындауында әсем ән «Балдаурен»
Бала кезден ертегі тыңдап өскен бала ертегі қалай басталатынын да біледі. Кәне, көрермендер ертегі қалай басталады?
Ерте, ерте, ертеде
Ешкі жүні бөртеде.
Ертеде бір шал мен кемпір болыпты.
І кезең. «Кім алғыр?»
Шарты: «Ертегі қоржын»тапсырмасы бойынша ертегі аттарын атап шығуы тиіс. (Сурет бойынша ертегінің аттарын дұрыс атап шығу.)
ІІ кезең «Кім шапшаң?»
Шарты: ертегі желісі бойынша суреттерді ретімен қойып, қысқаша мазмұндап өту. (топтық жұмыс)
«Мақта қаз бен мысық», «Бауырсақ» ертегісін сурет бойынша оқиға желісін дұрыс құрастырып әңгімелеп беру.
ІІІ кезең «Актерлік шеберлік»
Шарты: әр сынып өзінің дайындаған ертегі қойылымын көрсетеді.
3а сынып «Шалқан» ертегісі
4а сынып «Бауырсақ» ертегісі.
Сиқыршы ханшайымыздардың тілектері бар екен. Ендеше ханшайымдарымызға арнап келесі әнді арнаймыз, қабыл алыңыздар.
Дарменова Назерке «Қошақаным» әні.
ІV кезең «Кім тапқыр?»
Шарты: 5 минут ішінде сиқырлы сөздерден бірнеше сөзді құрастыру қажет. Сөз ішіндегі әріптер ғана қолданыла алады.
V. кезең «Кім білгір?»
Шарты: кітапханадағы ертегілер бойынша сұрақтарға жауап беру.
-ұсқынсыз үйрек соңында қандай құсқа айналып кетеді? (Аққу)
-бұл қызға бас киімді апасы тоқып беріп, оны басынан тастамай оны киіп жүретін қыз? (Қызыл телпек)
-«Мейірімді Кейт» ертегісінде Кейт әпкесіне қалай көмектесті? (пері қыздың сиқырлы таяқшасы арқылы )
- мен атадан қаштым, ападан қаштым, сиырдан қаштым ертегінің аты қалай аталады? (Шошоқай шелпек)
-Бақа ханзада ханшайымның қандай затын судан алып берді? (алтын шар)
- Қызыл телпек пен апасын кім құтқарып алды? (отыншы)
Қорытынды
«Ертегілер елінде» мерекелік іс-шараға белсене қатынасқан оқушыларға көп рахмет. Өздерінің өте тапқыр, алғыр және білгір де ойшыл екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Ертегі- халқымыздың асыл қазынасы, оны оқып, ертегідегі шыншылдықты, адалдықты, еңбекті сүйіңдер. Енді сайыстың төрелегін айту үшін сөзді ханшайымдарға береміз.







Автор: dauke | 10-03-2015, 00:05
Қарау саны: 3062
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :