Санау жүйелері » Қазақша білім сайты
Жарнама



Санау жүйелері

Тақырыбы: . Санау жүйелері.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың санау жүйелері тақырыбы бойынша білімдерін жүйеге келтіріп, санау жүйелерін есептеу кезінде олардың біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, оқу материалын ажырата білуге үйрету, қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекте практикалық шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабағы.
Әдіс- тәсілі: cөздік, түсіндірмелі, сұрақ- жауап.
Қолданылатын көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, сәйкестендіру кестесі,
дейгейлік тапсырмалар, оқулық.

Сабақтың барысы:
1 . Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу;
ә) Түгелдеу, сынып тазалығы тексеру;
б) Назарларын сабаққа аудару.

Сабақ жоспары:
1. Үй тапсырмасын сұрау /сұрақ- жауап арқылы/
2. Топтастыру
3. Кестені толтыру
4. Салыстыр
5. Шындықты дәлелдеу
6. Графикалық кесте
7. Екілік арифметика
8. Есептер шығару
9. Оқулықпен жұмыс
10. Сабақты қорытындылау /тест сұрақтары арқылы/
11. Үй тапсырмасын беру
12. Бағалау
1. Үй тапсырмасы сұрақтары:
1. Санау жүйесі дегеніміз не?
2. Екілік санау жүйесі дегеніміз не?
3. Бит деген не?
4. Позициялық санау жүйесінің ең кіші негізі қандай сан?
5. Позициялық санау жүйесі негізі нені анықтайды?
6. Позициялық емес санау жүйесінің ішінде ең көп тарағаны қай санау жүйесі?
7. Оналтылық санау жүйесіне қандай цифрлар жатады?



2. Топтастыру






3. Кестені толтыру

Сан
Сандардың аталуы және жазылуы
Санау жүйесі екі топқа бөлінеді
Санның цифрына бөлінетін позиция


Санау жүйесі Негізі Алфавиті
Ондық
Сегіздік
Екілік
Он алтылық


4. Салыстыр
Бос орынға және =белгісін қой.
1. 510 88
2. 11112 1111112


5. Шындықты дәлелде
2678= 101101112


6. Графикалық диктант
Егер тұжырым дұрыс болса, оқушылар_ белгісін қояды. Егер дұрыс болмаса, онда Λ белгісін қояды.
- Санау жүйесі дегеніміз- сандардың аталуы мен жазылу тәсілі
- Компьютерде сақталатын ақпарат үштік санау жүйесінде беріледі.
- Екілік жүйеде 11+1=12
- Бірнеше позициялық санау жүйесі бар және олар бір- бірінен алфавитпен ерекшеленеді.
- 16-лық санау жүйесінде F15 санын бейнелеуде қолданылады.
- Римдік санды жазу тәсілі- позициялық санау жүйесі
- Екілік санау жүйесінде: 11+1=100
Жауабы: _ Λ Λ_ _ Λ _

7. Екілік арифметика
қосу азайту көбейту
0+0=0 0-0=0 0*0=0
0+1=1 0-1=1 0*1=0
1+0=1 1-0=1 1*0=0
1+1=10 1-1=0 1*1=1
8. Есептер шығару

1. 0110 1101 1010 1101 101
+ + - - х
0110 0110 110 110 110


2. Бүтін сандарды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесін аудар.

1210 = 12110 =

3. Бүтін сандарды ондық санау жүйесінен он алтылық санау жүйесіне аудар
90710 = 12410 =

9. Оқулықпен жұмыс
Оқушылар қай кестемен жұмыс істейтіндерін өздері таңдайды. (Координата жазықтығында пайда болған суретте 5 санының стильді суреті шығады)

10. Қорытынды тест жұмысы
1. Сандардың атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын не деп атайды?
А) Бит Ә) Байт Б) Разряд В) Санау жүйесі
2. Санның цифрына бөлінетін позицияны не деп атайды?
А) Бит Ә) Байт Б) Разряд В) Санау жүйесі
3. 111 мен 110 екілік сандарының көбейтіндісін табыңдар?
А) 5 Ә) 43 Б) 10 В) 42
4. 1110 мен 1001 екілік сандарды қосыңдар?
А) 10111 Ә) 1110 Б) 11111 В) 11000
5. 1111 мен 0101 екілік сандарды азайтыңдар?
А) 0001 Ә) 0110 Б) 1010 В) 1000

11. Үй жұмысын беру:
Кітапта 2.2 тапсырманың 1-3- тің қалғандары
12. Оқушыларды бағалау
Автор: dauke | 10-02-2015, 00:19
Қарау саны: 1444
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :