Арифметикалық прогрессия » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Арифметикалық прогрессия


Арифметикалық прогрессия

Сабақтың тақырыбы: «Арифметикалық прогрессия»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Арифметикалық прогрессия бойынша өткенді кеңейтіп, мағынасын толық түсіну, жалпы мүшелерінің формуласын шығаруда қолдана білу;

Дамытушылық: Өз бетімен ойлау қабілетін артыру және өз білімін тексеру, есте сақтау қабілетін жетілдіру;

Тәрбиелік: Жан- жақты дамыған білім деңгейі жоғары, жүйелік түрде өз ойын дәл тиянақты айта білуге тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (білімді тексеру және бағалау сабағы)

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, салыстыру, деңгейлік тапсырма

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
II. «Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап»
III. 1. Формуланы танисың ба?
2. Сәйкестікті тап
IV. 1. Ауызша жаттығулар «Кім жылдам»
2.Тізбектердің n-ші мүшесін өрнектейтін формуланы анықта
3. Тізбектерінің қайсысы арифметикалық прогрессия болып табылады, бірінші мүшесі мен айырымын табыңдар.
V. Кестені толтыр
VI. Шығармашылық жұмыс
VII. Оқулықпен жұмыс
VIІI. Қорытынды тест
ІХ. Үйге тапсырма. Бағалау.
Х. Рефлексия.
ІІ. «Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап»
1. Сан тізбегі дегеніміз не?
2. Сан тізбегінің берілуінің қандай тәсілдерін білесіңдер?
3. Қандай сан тізбегін арифметикалық прогрессия деп атайды?
4. Арифметикалық прогрессияның айырымы деп қандай санды атайды?
ІІІ. 1. Формуланы танисың ба?
Арифметикалық прогрессияның анықтамасы


Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы

Арифметикалық прогрессияның өзіне тән қасиеті


Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы


Арифметикалық прогрессияның айырымының формуласы

2. Сәйкестікті тап
1. 1. Өсу ретімен алынған тақ сандар тізбегі: 1; 3; 5; 7; 9; 11; . . .
2. Өсу ретімен алынған жұп сандар тізбегі: 2; 4; 6; 8; 10; 12; . . .
3. Натурал сандар квадраттарының тізбегі: 1; 4; 9; 16; 25; . . .
4. Натурал сандар кубтар тізбегі: 1; 8; 27; 64; 125; 216; . . .
5. Тақ орнында 0, ал жұп орнында 1 болатын сандар тізбегі: 0; 1; 0; 1; . . .
6. Бір ғана бестіктерден тұратын сандар тізбегі: 5; 5; 5; 5; . . .
7. 20-ға дейінгі 3-ке бөлгенде 2 қалдық қалатын сандар тізбегі: 5; 8; 11; 14; 17; 20; . . .
8. 20-ға дейінгі тақ жай сандар тізбегі: 3; 5; 7; 11; 17; 19; . . .
IV. 1. Ауызша есептейік
1. а1=5, а3=15, а2=? d=?
2. а1=160, а3=220, а2=? d=?
3. а1=360, а3=120, а2=? d=?
4. а1=14, d=2, а2 , а3 , а4 =?
5. а1=31, d=2, а2 , а3 , а4 =?
2. Тізбектердің n-ші мүшесін өрнектейтін формуланы анықта
1) 1, 2, 3, 4, 5, … an = a n-1 +1
2) 2, 5, 8, 11, 14,… an = a n-1 + 3
3) 8, 4, 0, - 4, - 8, - 12, … an = a n-1 - 4
4) 0,5; 1; 1,5; 2; 2,5; … an = an-1 + 0,5

3. Тізбектерінің қайсысы арифметикалық прогрессия болып табылады, бірінші мүшесі мен айырымын табыңдар.
1) 20, 17, 14, 11, 8, 5, 2, -1, -4,… .
а1 = d=
2) 8, 8, 8, 8, 8, 8, 8, 8, 8, 8, 8, 8, … .
а1 = d=
3) -15, -13, -11, -9, -7, -5,… .
а1 = d=
4) 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20, … .
а1 = d=
V. Кестедегі элементтердің мәндерін пайдаланып, ондағы бос орындарды толтырыңдар
№ а1 d n an Sn
1 -10,2 5 7
2 32 2 70
3 65 121 186


Шығармашылық жұмыс.
Еркіннің ата-анасы туған күніне баласына ұялы телефонды жаңартып сатып беруге ұйғарды . Ол үшін олар бірінші айда 650 теңге, ал келесі айларда алдынғы айдан 50 теңгеге артық ақша жинап отырды.Еркіннің ата-анасы 10 айдан кейін қанша ақша жинайды?






Оқулықпен жұмыс.
Қорытынды тест.
Автор: dauke | 10-02-2015, 00:21
Қарау саны: 1341
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :