Құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру


Құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру

“Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тилегенова Ардак Есбеновна
Математика пәнінің мұғалімі
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Жаңа педагогикалық технологиялардың жиынтығы практикаға енгізіліп жатқан жеті модульден құралған бағдарламаның оқу мен тәрбиеде алатын орны ерекше. Әлемдік тәжірбиеге негізделе отырып жасақталған бұл бағдарлама оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелін жеткізе алатындай, сенімді, сыни пікір көз-қарастары жүйелі дамыған, танымдық қызығушылығы мен мүмкіндігі жоғары оқушы қалыптастыруды мақсат етеді. Осындай жеті модульді енгізе отырып өткізген сабағымның қысқа мерзімді жоспарын ұсынып отырмын.
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: Құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру
Мақсаты: Оқушылардың квадарт түбірі бар өрнектерді түрлендіру бойынша алған білімдерін тереңдетіп жинақтау, жүйелеу, бекіту. Топпен, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру. Ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Міндеттер:
Квадрат түбірдің қасиеттерін білу;
Квадрат түбірдің анықтамасын білу;
Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіре білу.
Сабақтың түрі: рефлексивті сабақ
Стратегиялар, әдіс-тәсілдер:
Де Бононың алты қалпағы; Жұптық диалогтық әдіс; конверт-сұрақ. “Ойлан, бірік, бөліс”. “Миға шабуыл”, “Сәйкесін тап”. “Ойлан, есепте”
Ресурстар: таратпа материалдар, слайдтар, түрлі-түсті таяқшалар, бағдаршам түстері, түрлі-түсті конверттер, постер.
Сабақ жоспары:

Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Кіріспе бөлімі
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру

Топқа бөлу
3 мин
Оқушылармен амандасу, түгендеу, Психологиялық ахуал тудыру. “Тамаша екен”
Оқушыларды мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу. І-топ - “Отан”
ІІ-топ – “Туған жер”
ІІІ-топ – “Достық”
ІҮ-топ – “Білім”


Оқушылар мақалдар жазылған парақшаларды алып оқып, өздерінің топтарына барып отырады. «Жақсы», «Жарайсың» Таратпа материалдар
Тұсау кесер бөлімі
Қажетті өткен тақырыпты қайталау
І.«Ойлан, бірік, бөліс» стратегиясы
10 мин



ІІ.”Миға шабуыл”
8 минут








Түрлі-түсті конверттегі тапсырмаларды оқушылар таңдайды.
Қызыл конверт-“Квадрат теңдеудің қасиеттері”
Көк конверт-“Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару”
Жасыл конверт-“Көбейткішті түбір таңбасының ішіне енгізу”
Сары конверт-“Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан құтылу ”. Әр топ таныстырылымын қорғайды.

Ауызша жаттығулар.
І-топ:
√100=
(√15)²꞊
√7× √7=
√36+√81=
3√9-√4=
2√3=
√225-√121=
(√7-√х)×√7+√х)
ІІ-топ. 1) √144=
2) √11×√11=
3) √36×4=
4) √100÷√25=
5) √49/121꞊
6) √5+а) (√5-а)=
7) (√19)²꞊
8) √625-√100=
ІІІ-топ. 1) √75=
2) 3√5=
3) √1000÷√100=
4)√(25/64) =
5) 5×√121=
6) √4в×√4в=
7) √2 √8=
8) 6√2+5√18=
ІҮ-топ. 1) √1600=
2) 3√5=
3) √121×√64=
4) 5√49=
5) √3×√9=
6) (√3-1) (√3+1)=
7) √625÷√25=
8) √(16х^2 ) ꞊ Оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімдерін еске түсіреді. Топ мүшелері талдап, таныстырылым қорғайды. Әрбір таныстырылымнан кейін топтар бас бармақ арқылы бағалайды.





Оқушы экраннан оқып тұрып жауап береді.


Бағдаршам түстері арқылы бағалау, бір-бірін бағалау
Мұғалім оқушыларды түрлі-түсті таяқшалар арқылы бағалайды.
“Өте жақсы”
“Жарайсыңдар”


Түрлі-түсті таяқшалар арқылы бағалау Қызыл -9-10балл
Көк -8-7 балл
Сары – 5-6 балл Слайд, оқулық, таратпа материалдар. Бағдаршам түстері, Конверт










Түрлі-түсті таяқшалар
Негізгі бөлім
Есептер шығару
“Ойлан, есепте”
10 минут.

4 топтан бір-бір оқушы тақтаға шығып есептер шығарады. Оқушылар тақтаға есептер шығарады. Түрлі-түсті таяқшалар арқылы бағалау “Өте жақсы”
“Жарайсыңдар” Таратпа материалдар
Сергіту сәті
“Жазу, есту, көру” тренингі
4минут 1.Мұғалім математикалық терминдерді айтып тұрады.



2.Мұғалім сөздер оқиды.


3. Плакатқа жазылған сөздер тақтаға ілінеді. Оқушылар көз жүгіртіп оқып шыққаннан кейін плакат алып тастайды. 1.Оқушылар мұғаліммен бірге дәптерге жазып отырады. Сонынан неше сөз жазылғаны тексеріледі.
2.Оқушылар мұғалімді тыңдап, ойда қалған сөздерін дәптерге түсіреді.
3.Оқушылар көрген сөздерін дәптерге түсіреді Формативті бағалау
Ой толғаныс сатысы
“Сәйкесің тап”
5 минут
Экранда тапсырмалар жазылады. Әр топқа кесте таратылады. Топ мүшелері бірігіп тапсырмаларды жауаптарымен сәйкестендіреді.
СӘЙКЕСІҢ ТАП
Тапсырма жауабы
-2√5-√11
-5√11

-8√3-2

-14√в

6

19,2
Тапсырманы аяқтағаннан кейін екі топ бір-бірінің тапсырмасын экрандағы жауаптары арқылы тексеріп, жапондық бағалау арқылы бағалайды. “Өте жақсы”
“Жарайсыңдар”

Таратпа материалдар
Қорытынды бөлім
Ойланудың алты қалпақ стратегиясы арқылы бағалау.
5 минут
Интерактивті тақтадан алты қалпақ туралы нақты мәліметтерді ұсындым. Осы арқылы әр оқушы топ ішінде және өз бетінше жұмыс жасауларына мүмкіндік ала отырып идеяларын айта білуге жағдай жасадым. Оқушылардың 1-2 минуттық ой жинақтауынан кейін, сабақ бойынша нақты ой-пікірлерін алты қырынан талдап, қалпақты киіп тұрып сөйледі. Өзін-өзі бағалауы Эдварде Де Бононың алты қалпағы.
Рефлексия
Оқушылар өз ойларын стикерге түсіріп, әр топтан бір-бір оқушы “Автор орындығына” отырып, оқиды. Оқушылар стикерге жазып, даналық ағашына жабыстырады Даналық ағашының суреті. Стикерлер
Үйге тапсырма
1минут
.№173 ; №174
Берілген тапсырмаларды орындау мақсатын түсіну Әр бала ұпайларын санап, мұғалім жиынтық баға шығарады.
Автор: dauke | 10-02-2015, 22:00
Қарау саны: 1369
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :