ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДЕ ОТБАСЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТУҒЫЗУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДЕ ОТБАСЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТУҒЫЗУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ


ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДЕ ОТБАСЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТУҒЫЗУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

Мадениет Айнагүль


ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДЕ ОТБАСЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТУҒЫЗУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

Детский сад осуществляет интеграцию общественного и семейного воспитания дошкольников с семьями социума имеющих детей дошкольного возроста не посещающих дошкольное учреждение, поэтому открытие «Консультационных пунктов» для родителей является актуальным.
The children`s garden carries out integration of public and family education up to the preschool children and family education up to the preschool children with families, having children of preschool age which is not attending preschool establishments, therefore of advisory items at the parents is urgent.

Қазіргі заманда қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру-қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Ұстаз алдындағы басты мақсат-сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Сол мақсатқа жету үшін балабақшадан шығатын тәрбиеленушіге бүгін берген білім мен тәрбиенің пайдасы, жаңалығы туралы айтуға боларлық оқу-тәрбие процесін қалай ұйымдастыруға болады? Тәрбиеленуші тұлға ретінде бүгінгі күн талабына сай болып, мектеп табалдырығын аттауға дайын болу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы- бала тәрбиелеудің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста болуы маңызды. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада одан әрі жалғасады. Отбасының ықпалын өмірдегі ешқандай күшпен салыстыруға болмайды. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ата-ана баласын тәрбиелеуді бастамас бұрын, өзінің мінез-құлқына, өміріне баға бере білуі тиіс. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін қателіктер ата-аналардың педагогикалық сауатсыздығынан және тәжірибесіздігінің салдарынан болады. Сондықтан да қазіргі кезде бала тәрбиесін жүзеге асыруда тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға кеңес түріндегі психологиялық-педагогикалық көмек беру өзекті болып отыр. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, инновациялық тәсілдерді пайдалана отырып, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, баласының психикалық ахуалы жөнінде біліктілігін арттыру мақсатында балабақшамызда ата-аналарға арналған жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Ата-аналармен жұмыс жүргізудің алғы шарттары:
Әрбір отбасының мақтан тұтарлық жақтары болады, әр адам жақсы ата-ана болғысы келеді. Барлық отбасы көмекші қажет етеді, көмек түрі отбасының қандай да бір қажеттілдігіне байланысты болады. Ата-анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата-ананы, яғни отбасының қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу. Баланың жетістіктері туралы ақпарат ата-аналарға бала тәрбиелеудегі өз рөлін жүзеге асыруға ықпал етеді. Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.
Ата-аналардың мәдени педагогикалық білімдерін жетілдіру мынадай салалар бойынша жетілдіріледі:
Баланың балабақшада даму ерекшеліктерін зерттеу.
Отбасында баланың даму ерекшелігі
Салауатты өмір салтын насихаттау
Баланы рухани-адамгершілік мінез-құлық негіздерін игеруін қамтамасыз ету.























АТА – АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН 10 ӨСИЕТ:
1. Балаңыз Сіз сияқты немесе қалағаныңыздай болатынын күтпеңіз. Оған ешкімге ұқсамайтын жеке тұлға болып өсуге көмектесіңіз.
2. Баладан жасаған жақсылықтарыңыз үшін ақы сұрамаңыз. Сіз оны өмірге әкелдіңіз, ал ол қайтіп қарызын қайтарады? Балаңыз немереңізді дүниеге әкеледі, немереңіз шөбереңізді және т.с.с. Осылайша әр ұрпақ ата-анасы алдындағы қарызын өтейді.
3. Баланы ешуақытта кемсітпеңіз!
4. Адамның ең басты кездесулері балалармен жүздесуі. Оларға көп көңіл бөліңіз.
5. Балаңызға қолыңыздан келмейтін нәрсені істемедім деп уайымдамаңыз, қолыңыздан келетін нәрсені істемесеңіз қиналмаңыз. Бала үшін шама жеткеннің барлығы жасалмаса жеткіліксіз.
6. Бала - өмірдің Сізге күтуге және шығармашылық алауды жандыру үшін сыйлаған асыл құмырасы. Ол – ата-ананың арасындағы шексіз махабаттан өсетін жан.
7. Балаңыз дарынсыз боса да, талапсыз болса да, тіптен қандай бала болса да жақсы көріңіз. Онымен өткізген әрбір күніңізге қуаныңыз.
Ата - аналардың өзін-өзі диагностикалауы
Бала көбінесе мектепке келгенде ғана алғашқы рет психологпен кездесетінін ескере келіп, қарапайым байқау мен жауаптардың нәтижесінде өзін өзі тексеруге болатын, американдық психолог Джеральдина Чейни әзірлеген сұрақтарды ұсынамыз. Ата-аналар мұны өздері де жүргізе алады.
Баланың негізгі тәжірибесін бағалау
1. Балаңыз ауылда, хайуанаттар паркінде, мұражайда болып көрді ме?
2. Сіздің балаңызға үнемі кітап оқып немесе әңгімелер айтып беретін мүмкіншілігіңіз болды ма?
3. Балаңыз бір нәрсеге аса қызығушылық байқата ма, сүйікті ісі (хобби) бар ма?
Тіл дамуын бағалау
1. Балаңыз өзін қоршаған негізгі заттарды атай ала ма?
2. Үлкендердің сұрағына жауап беру балаңызға оңай тие ме?
3. Балаңыз сөзді анық айта ма?
Көргенін есте сақтай білуі
1. Егер үш картинадан тұратын серияны көрсетіп, сосын біреуін алып тастап көрсетсе, біреуінің жетіспейтінін байқай ала ма?
2. Бала өз атын және тым болмаса күнделікті өмірде кездесетін алты заттың атын біле ме?
Күтілген нәтиже:-ата-анамен түрлі жұмыстар жүргізе отырып, ұрпақ тәрбиесіне деген жоғарғы денгейдегі түсінігі мол, жанашыр демеуші ата-ана қалыптастыру.
Отбасының да, балабақшаның да, мақсаты-мүддесі біреу-ол болашақ ұрпақ тәрбиесі. Ата-аналармен серіктестік қарым-қатынас орнатып, мектепке дейінгі ұйымдарға балалар үшін мектепке бару кезінде бастапқы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету – баршаның ісі.

Қолданылған әдебиеттер:
1.Мектептегі психология 2010ж. №2.
2.Бала тәрбиесі 2006 ж № 2 , 2008 ж. № 4
3.Отбасы және балабақша 1993 №4
4.«Өзіндік таным» 2007ж № 2, 2006 ж. № 5-6
5.Тәрбие құралы 2009ж. №2
Автор: dauke | 10-02-2015, 23:10
Қарау саны: 1505
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :