» » Қош бол, сүйікті әліппем


Қош бол, сүйікті әліппем

Қарағанды облысы Абай ауданы №1 жалпы білім беретін орта мектеп
1 «Ә» сынып
Әліппемен қоштасу: «Қош бол, сүйікті әліппем!»
Сынып жетекшісі: Мадениет Айнагуль
1-Азамат
Ассалаумагалейкум алтын халқым!!
2-Сабина
Армысыздар қонақтар, ата-аналар, ұстаздар!
1-Азамат
Сәлем замандастар, қарлығаштар, құрбы-құрдас достарым!!
1-Сабина, Азамат (бірге)
Бүгінгі той жиынға жиналған күллі қауымға баршаңызға мың сәлем!!!
2-Сабина
Той, той демекші
Тойға бүгін себепші
Тойда өзі болмаса
Ортаға өзі шықпаса
Қайдан сәні бұл тойдың
1-Азамат
Уа халайық сахынаға шақырайық қол соға сүйікті біздің ұстазды шәкірттермен ортаға.
Мұғалім:
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын Әліппе оқулығы міне, бүгін сол Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Әліппе бітіру тойларыңыз құтты болсын! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата - аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын! Әліппе тойымызжы бастамас бұрын мектеп директоры Юсупова Бижамал Туяковнаға сөз берейік!!!
1-бала-Айсана:
«Ерте, ерте, ертеде, Ерте ме, әлде бүгін бе? Жақын ба, әлде алыс па? Беймәлім бе, таныс па, Бір ел болыпты. Бұл елдің адамдары бір – бірімен көк байрақтың астында тату - тәтті өмір сүріп, өніп - өсіпті. Елді бір кемеңгер хан басқарыпты. Оның талабы осы өркендеп жатқан елде бірде - бір бала білімсіз болмауын талап етіпті. Қанша уақыт өтері беймәлім 2050 жылы ел үлкен өркениетті, барлық ғылымды меңгерген беделді елге айналатынына кәміл сеніпті. Осы ортақ арманға жетуі үшін №1 жалпы білім беретін орта мектебінің 1 ә сыныбында ақылына көркі сай 13 қыз бала мен алпамсадай жұдырықты да білімді 15 ұл бала барлық күш жігерін жұмсапты. Татулықты қолдайтын жолдастықты сыйлайтын білімді де өнерлі балаларға барлығы тәнті болыпты.
Мақта қыз:
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
- Келмесең, келмей – ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.
Мақта қыз
Мысығым - ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш - піш деп,«Мяу! - деп дыбыс бере ғой.
Мысық
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт - көжемді ішіп
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.

Мақта қыз: Ой, ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп алайын ба?(құйрығын кесіп алады)
Мысық: Қойшы, дәл сол ертегідей ме,
Мақта қыз: Жо - Жоқ, әрине. Биыл күзде мен мектепке бардым, өзімдей көп дос таптым, ренжітпеймін ешкімді!
Қатығымды төгетін енді бұзық болмашы
Айтқанымды тыңдайтын, ақылдырақ болсаңшы
Мына отырған балдырған балаларға үлгі боп
Достық туын көтеріп, татулықты қолдашы.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім: Келесі тамашалайтындарыңыз «Би» биші қызадрды ортаға шақырайық! (Мансур, Аяулым, Инабат, Гүларай)
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар, жас достар
Армысыздар ата - ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
Не үйреніп не білдік
Кәне ортаға салайық!
Несібелі Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым
Көк байрақты қазақтың
Білімге жолын бастаған
Әліппем саған мың алғыс
Оқы деп ұран тастаған
Мұғалім: Әліппе төрлет, қонағымыз бол, балалардың өнерін бірге тамашала!
Ән: «Мектебім аяулы мектебім!»
Азамат: Балалар әліппеге арналған тақпақтарымызды айтып берейік!
6-оқушы:
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы. (Шамсинур)
7-оқушы
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен. (Арманбек)
Сайқымазақ: Сәлеметсіздер ме қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! Балалар сендер қандай мерекені тойлатып жатырсыңдар?
Ааааа Тойларың құтты болсын, менде бірге тойлатқым келеді!
Сабина:
– Балалар, Біз Әліппеден оқи алатынымызды көрсеттік, ал математикадан санауды, есептеуді, сандарды жаза білуді үйрендік.Осы уақытқа дейін математикадан не үйрендіңдер?
– Ендеше, сандарды сөйлетейік!
1 дегенім – білім,
Білім – жарық күнің. (қарақат)
2 дегенім – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.(Қуаныш)
3 дегенім – үміт,
Үмітсіз жоқ жігіт.(Саят)
4 дегенім – талап,
Талмайтұғын қанат. (Олжас)
5 дегенім – бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік (Е)
6 дегенім – арман,
Атар таңың алдан. (Ерлан)
7 дегенің – жігер,
Жеңер жолын білер. (Д)
8 дегенің – сенім,
Сүйенішің сенің (Даниал)
9 дегенің – талғам,
Тура жолға салған (Жанель)
10 дегенің – Отан
Отанды сүй ботам.(Нұрлыхан)
Мұғалім: Сыныбымыздың әнші қызы Сабинаға кезек берейік.
Азамат:
Енді ортаға сиқырлы әріптерді шақырайық! ( О Т А Н ) сөзі
1-оқушы: (Гүларай) ООО
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
2-оқушы:(Дамир) ТТТ
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
3-оқушы:(Мәнсүр) ААА
Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.
4-оқушы : (Нұртілеу) ННН
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.
Мұғалім:
– Балалар, сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ортаға ана тілін ортаға шақырайық.
( Ана тілі келеді)
Ана тілі: Зере
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылдым.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілі – ұраным
Ана тілі – құралым.
Ана ттілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Азамат:
Сабина біз ана тілін ғана емес сонымен қатар ағылшын тілінде әріптер жаттап, әнде, тақпақта айтып үйрендік.
Сабина:
Дұрыс айтасың Азамат. Балалар ендеше ағылшын тіліндегі тақпақтарымызды айтып берейік!
(Дамир, Арманбек, Нұрлыхан)
Ата келеді: Сәлеметсіңдер ме? Балалар мен мектепке немереме келіп едім музыканың дауысын есітіп келдім.
Ата төрлетіңіз!!!!
Мұғалім:
Кұлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй. (демекші кезекті биге берейік)


«Аққу» биі -------- Қарақат
Мұғалім: Ата-аналар біздің балалар тек ағылшынша тақпақтар жаттап қоймай әнде айтып үйренген. Енді Сабинаның орындауында ағылшын әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Ағылшын» Сабина
8-оқушы
Қош Әліппем биіктеткен асқарға
Қанат берген шарықтауға асқарға
Қоштасақ та, ұмытпаймыз өзіңді
Тапсырамыз іні – қарындастарға (М Аяулым)
5- оқушы:
Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе. (Диар)
Ханифа Тақпақ
Ата: Өркендерің өссін,мен кетейін немерем сабақтан шығатын уақыты да болды. Балалар мен сендерге батамды берейін:
Амин
Ата:
Тәй-тәй басып жүретін,
Қуаныш қылып күлетін,
Жүйрік болсын балаңыз,
Мыңнан озып жүретін.
Қамқор болып халқына,
Берік болсын антына.
Есейгенде қымбатты,
Сыйлы болсын жалпыға.
Бүлдіршінім танып ал,
Көп тілеуін қабыл ал,
Тіл мен көзден сақтасын,
Бойға тұмар тағып ал.
Қызықтарың халайық,
Той думан ғып тарайық,
Балақайым өссе екен,
Ел жұртына лайық.
Әмин, қабыл болсын!
Мұғалім:
Әліппе, біздің балалар тек оқи, жаза алады деп ойлама, біз жұптасып би билеуді де үйрендік.
Келесі кзекте биге берейік!
Вальс: «Алғашқы махаббат»
Мұғалім: Құрметті ата-аналар біздің әліппе бітіру кешіміз де аяғына жақындап қалды. Балалардың 3-4ай ішінде не үйреніп білгенін көрдіңіздер. Ата-аналар сіздерге сөз береміз, бір-екі ата сөйлеңіздер!!!!!
Хор:
Әліппем
Автор: dauke | 11-02-2015, 21:52
Қарау саны: 1579
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :