Кіріспе сабақ » Қазақша білім сайты
Жарнама



Кіріспе сабақ

1 тақырып.
Сабақтың тақырыбы:Кіріспе сабақ.
1) алғашқы əскери дайындаудың мақсат-міндеттері жəне мазмұны, «Қазақстан Республикасы қорғанысы жəне Қарулы Күштері туралы», «Əскери қызметкерлердің əскери міндеттері жəне мəртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі;
2) оқушылардың құқықтары мен міндеттері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:алғашқы əскери дайындаудың мақсат-міндеттері жəне мазмұны, «Қазақстан Республикасы қорғанысы жəне Қарулы Күштері туралы», «Əскери қызметкерлердің əскери міндеттері жəне мəртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
Дамытушылық: Ой –өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелілк: Республикасы қорғанысы жəне Қарулы Күштері туралы», «Əскери қызметкерлердің əскери міндеттері жəне мəртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» заңдарын құрметтеуге және оқушының міндеттері мен құқықтары жайлы білуге.

1. Уақыты: 45 минут.
2. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі
3. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» ҚР Заңы.
4. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
б) Негізгі бөлім – 25мин.
Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.
Міндеттері: «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.\
Әскери міндеттілік және әскери қызмет.
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңның жалпы ережелерінде республиканың қазіргі Конституциясының талаптарына сәйкес, елді қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің басты қызметіне жататыны және Қазақстанның барлық халқының ісі болып табылатындығы айтылған.
Заңда заңды түрде әскери қызметшілердің құрамы, әскери атақтар мен оларды беру тәртібі, әскери киімді кию тәртібі бекітілді. Заңда әскери қызмет түрлері анықталды, әскери қызмет мемлекеттік қызметтің айырықша түрі екендігі, оның мемлекеттік қызметтің басқа түрлерімен салыстырғанда басымдылыққа ие екендігі көрсетілген.
Заңның 5 бабында ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар шақыру бойынша әскери міндеттілік негізінде аумақтан тыс және аумақтық принциптерді ұштастыра отырып және осы заңда белгіленген тәртіппен әскери қызметке ерікті түрде (келісім-шарт) кіру жолымен әскери қызметшілерден жасақталады
Заңда ҚК-ді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды соғыс уақытында жасақтау әскери қызметке шақыру негізінде жүзеге асырылады.
ҚК-ді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды соғыс уақытында құрамы мен санына дейін толықтыра жасақтау және өрістету үшін бейбіт уақытта әскери міндеттілер қатарынан әскери үйретілген резерв құрылады делінген.
Заңда әскерге шақырушыларды және әскер жасына дейінгілерді әскери қызметке дайындауды ұйымдыстыруға ерекше назар аударылған, мұның мемлекеттік міндет екендігі айтылған. Әскери қызметшілерге қойылатын талаптың өсуін ескере отырып, шақырылушының жалпы білім деңгейін, дене шынықтыру жағдайын, моральдық, психологиялық және патриоттық тәрбие және әскери техникалық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған кең түрдегі шаралар жүйесі қарастырылған. Шақырылушыларды даярлауды ұйымдастыруға байланысты барлық мәселелерді ҚР Үкіметі, министрліктер, ведомствалар мен мемлекеттік үкімет пен басқарудың жергілікті органдарының басшылығымен жүргізілетіні анықталған. Олар материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оқу-материалдық базаны құру, басшыларды, оқытушыларды, тәрбиешілерді және де осы жұмысты өткізу үшін басқа мамандарды дайындауды жүзеге асырады. Кәсіпорын, мекеме, ұйымдар, оқу орындарының басшылары, меншік түріне қарамастан, шақырылушылардың әскери қызметке өту дайындығынан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Жастарды әскери қызметке дайындау жұмысын ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бақылау жасау ҚР Қорғаныс министрлігіне жүктелген.
Шақыру учаскелеріне тіркеу мен мерзімді әскери қызметке шақыру ҚРП-нің Жарлығы негізінде өткізіледі және оны шақыру комиссиялары жүргізеді. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі комиссияның құрамын жыл сайын жергілікті атқарушы орган бекітеді. Азаматтарды әскери қызметке шақыру аудандық шақыру комиссиясының шешімі бойынша мынадай негіздер бойынша: - отбасы жағдайы бойынша; білімін жалғастыру үшін; денсаулық жағдайы бойынша; басқа да себептер бойынша кейінге қалдырылуы мүмкін.
Бейбіт уақытта шақыру бойынша әскери қызметке шақырудан - әскери қызметті өткеріп жүрген немесе өткерген; денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған; 27жасқа толғаннан кейін мерзімді әскери қызметке заңды негізде шақырылмаған; әскери қызметті өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інісі немесе апа-қарындасы) қаза тапқан, қайтыс болған немесе 1 немесе 11 топтағы мүгедек болып қалған; басқа мемлекетте әскери қызмет өткерген; ғылыми дәрежесі бар азаматтар босатылады.
Заңды түрде әскери қызметке ерікті түрде келісім-шарт негізінде қабылдау механизмі, кімнің қабылданатыны, оның қандай талаптарға жауап беруі тиіс екендігі белгіленді.
Заңның 6 тарауы әскери қызметті өтеудің құқықтық негіздерін баяндайды. Әскери қызмет мерзімі: мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін –12 ай; әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер үшін –24 ай; келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін - әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт көрсетілген мерзім.
Заңда әскери қызметшілердің әскери қызметте болуының шекті жасы белгіленген:
1) подполковникке (11 дәрежелі капитанға) дейін, подполковникті (11 дәрежелі капитанды) қоса алғанда – 45 жас;
2) полковниктерге (1 дәрежелі капитандарға) – 53 жас;
3) генерал-майорларға (контр-адмиралдарға) және генерал-лейтенанттарға (вице-адмиралдарға) – 58 жас;
4) генерал-полковниктерге (адмиралдарға) және одан жоғарыларға – 63 жас.
Шекті жасқа жеткен әскери қызметшілер Әскери қызмет өткеру ережелерінде белгіленген тәртіппен запасқа немесе отставкаға шығарылады.
Заңда азаматтардың әскери-оқу орындарына түсуі, әскери оқу орындарында оқитын азаматтармен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттар жасасу тәртібі белгіленген.
Әскери қызметші әскери оқу орнын бітіргеннен кейін әскери қызмет өткеруден бас тартса немесе келісімшартты өз бастамасымен бұзса, өзінің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті
Жоғары әскери оқу орындарын бітіргеннен кейін әскери қызметшілерге лейтенант әскери атағы беріледі.
Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт әскери қызметте болудың шекті жасына жеткенге дейін 3жылға, 5жылға, 10жылға немесе әскери оқу орнындағы мерзіміне және оны бітіргеннен кейін әскери қызметке 10жылға жасалуы мүмкін.
Заңның 42 және 43 баптарында азаматтардың, лауазымды адамдардың және әскери қызметшілердің ҚР әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы бекітілген.
Ұлттық Қауіпсіздік - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден түрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады. Сыртқы ұлттық қауіпсіздік - ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мыс., шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтар- ды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани басакөктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіпқатерден қорғануы.

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі.Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б.\
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжіліс пен Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.
Оқушы құқықтары
Оқушы құқылы:
• мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім алуға;
• қосымша білім алуға;
• ғылыми жұмыстармен айналысуға, кеңесулермен, конференцияларға, олимпиадаларға, көрме және жарсытарға қатысуға;
• мектепті басқаруға қатысуға.
Оқушылардың міндеттері
Оқушылар міндетті:
• Қазақстан Республикасының заңын сыйлауға, ұстануға, ұлттық салт –дәстурлерді құрметтеуге;
• Мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды мүлтіксіз орындауға;
• Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға ұмтылу;
• Мұғалімдерге және тәлімгерлеріне құрмет көрсету;
• Сыныптас достарымен, мектептің басқа оқушыларымен тіл табысып,кішілерге көмек көрсету;
• Мұғалімдерден алған тапсырманы белгілеген мерізімінде тапсыру;
• Себепсіз сабақтан қалмау;
• Өзімен қажетті оқулықтар мен оқуға арналған құрал саймандарды алып жүру;
• Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысу және қоғамдақ тапсырмаларды орындау;
• Мектеп атағын аудандық, қалалық, және республикалық іс-шараларда қорғау;
• Қоғамдық жерлерде өзін үстау мәдениетін көтеруге, білім толықтыруға арналған жұмыстарды үздіксіз жүргізу;
• Мектеп формасын сақтау;
• Мектеп және қоғамдық мүлікті дұрыс қолдану.
Қорытынды бөлім – 7 мин. Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. ҚР Заңы неше баптан тұрады бар?
2. Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді даярлау қалай жүргізіледі?
3. Азаматтарды әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары туралы айтыңдар.
4. ҚР қарулы күштерінің міндеттері?
5. Оқушының міндеттері мен құқықтары туралы айтыңдар?
Үйге тапсырма:
2 тақырып:
Сабақтың тақырыбы: Қарулы күштер– Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін қорғауда.
1) Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері, Конституция– Қазақстан Республикасының негізгі заңы. Қоғам жəне мемлекеттегі ҚарулыКүштер.
1. Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері және Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны туралы түсіндіру.
Дамытушылық:Ой- өрісін, білімін, қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ғылымқұштарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. ҚР заңдарын құрметтуеге және білуге тәрбиелеу.
2. Уақыты: 45 минут.
3. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.
4. Өтілетін күні:
5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.
6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
.Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 12 минут.
1. ҚР Заңы неше баптан тұрады бар?
2. Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді даярлау қалай жүргізіледі?
3. Азаматтарды әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары туралы айтыңдар.
4. ҚР қарулы күштерінің міндеттері?
5. Оқушының міндеттері мен құқықтары туралы айтыңдар?
б) Негізгі бөлім – 20 минут.
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері. Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны.Конституция - Қазақстан Республикасының негізгі Заңы. Армияның қоғамдағы және мемлекеттегі орны.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТЕГІ ОРНЫ.
ҚРК құрылымының негіздері дегеніміз – Қазақстанды демократиялық, құқықтық, айырлы және біртұтас Мемлекет ретінде сипаттайтын ҚРК-сының негізделген ережелері.
Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын мойындау, сақтау мен қорғау – мемлекеттің міндеті болып табылады. Мұндай адам мен азаматқа бағытталған нақты мақсат бірінші рет Конституция мәтінінде – ҚР-ның Негізгі Заңында тіркелген.
ҚРК-да демократияның мәні – «халық билігі» деп атап айтқан. Халық өз билігін тікелей өз өкілдері арқылы жүргізеді. ҚРК-да халық атынан сөйлеу құқы Парламент пен Республика Президентіне берілетіндігі бекітілген. Яғни, ҚР Президентін және Парламентті халықтың өзінің сайлауы немесе мемлекет басшыларының тиісті лауазымдарға тағайындалуы ҚРК белгілеген тәртіп пен республика заңдары бойынша іске асырылады.
ҚРК жеке меншікке қол сұқпауға, жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, бәсекелестікті қолдауға кепілдік береді.
ҚРК-да «Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Мемлекет қандай да болсын бір дінге немесе атейзмге артықшылық бере алмайды» делінген, яғни біздің мемлекетіміздің басшыларының қандай да бір діни ағымдарға тәуелсіз екенін білдіреді.
ҚРК мен заңдары өз аумағының бірртұтастығын, бөлінбеуін және қол сұғылмауын қамтамасыз етеді. Өзінің бұл міндетін ҚР шекаралық әскерлер мен ҚК-ді қолдану арқылы жүзеге асыруға құқылы.
ҚРК–ның жоғары заңды күші бар. ҚРК-на сәйкес барлық заңдар ресми түрде жарияланады. Жарияланбаған заңдардың күші болмайды. Кез келген адам мен азаматтың құқығын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын нормативтік актілер ресми түрде жалпы танысу үшін жарияланбаса, қолдануға жатпайды.
ҚР – республикалық басқару нысанындағы мемлекет. Республикалық басқару формасы дегеніміз – халық белгілі бір мерзімде сайлаған үкімет органдарының болуы. ҚР-да Парламент өкілеттілігін 5 жылға, Президент өкілеттілігін 7 жылға халық сайлайды. Өз кезегінде ҚР Президенті мен Парламенті, Конституцияда белгіленген тәртіппен, барлық басқа мемлекеттік органдарды қалыптастырады.
ҚР ҚК-і еліміздің қоғамдық құрылысын, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қарумен қорғау үшін арнайы құрылған мемлекеттік механизмнің құрамдас бөлігі болып табылады. Армия – мемлекеттің жоғары заң шығарушы және атқарушы органдары белгілейтін саясатты жүзеге асыру құралы. Республика Конституциясының 124-ші бабында ҚР-ның егемендігі мен тұтастығын қорғауды ҚК жүзеге асырады деп атап көрсетілген.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы негіздері дегенді қалай түсінесіңдер?
- Армия дегеніміз не?
Мемлекеттегі Қарулы Күштердің рөлі мен орны туралы айтып беріңдер
Үйге тапсырма:
Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері, Конституция– Қазақстан Республикасының негізгі заңы. Қоғам жəне мемлекеттегі ҚарулыКүштері оқу.
Автор: dauke | 15-03-2015, 18:06
Қарау саны: 1708
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :