» » Алюминий және оның қосылыстары


Алюминий және оның қосылыстары

Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы №261 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі
Алиасқарова Гүлнұр
10 сынып (жаратылыстану - математик бағыты)
Сабақтың аты Алюминий және оның қосылыстары
Сілтеме Жоспар
Алюминий және оның қосылыстарыЖалпы мақсаты Алюминий және оның қосылыстары туралы білу
Алюминийдің ерекше қасиеттерін түсіну
Амфотерлі ұғымын тапсырмалар орындауда қолдану
Күтілетін нәтиже Алюминий және оның қосылыстары туралы біледі.
Алюминийдің ерекше қасиеттерін түсінеді.
Амфотерлі ұғымын тапсырмалар орындауда қолданады
Негізгі идеялар Алюминий қосылыстары екідайлы қасиет көрсетеді. Алюминий оксиді табиғатта кездеседі, абразив материалдар жасауға металл алюминий және жасанды қымбат бағалы тастар алуға қолданылады.
Тапсырмалар Топтық жұмыс
«Жоба қорғау» Жұптық жұмыс «Кім жылдам?»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Көлік ішіндегі заттар»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару,
топқа бөлу (2-3 минут)
І топ «Алюминий»
ІІ топ «Алюминий қосылыстары»
ІІ.Талқылау үшін сұрақтар беріледі:
Екідайлы немесе амфотерлі дегеніміз не?
Неліктен алюминий екідайлы химиялық элемент?
Алюминийдің қандай қосылыстары бар?

ІІІ. Топтық жұмыс. (20 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Алюминий тобына«Концептуалдық кесте»
Алюминий қосылыстары тобына «Тұжырымдамалық карта»
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау
бағалау
ІV. Жұптық жұмыс «Кім жылдам?» (7 минут)
1. Айналуларды жүзеге асырыңдар:
Al→Al2O3→AlCl3→Al(NO3)3→Al2O3→Al
2. Егер шығымы 100% болса, 10г алюминийді оттекте жаққанда алынған алюминий оксидінің массасы қанша?
Жұптар бірін-бірі бағалайды

V. Жеке жұмыс (10 минут)
«Көлік ішіндегі заттар»
Қанат ескі үйді жөндеп жатыр. Көлігінің жүк салғышында 1 бөтелке су, алюминий сымын, ағаш кесіндісін қалдырды. Көлік күннің астында 3 сағат тұрғаннан кейін, оның ішіндегі температура 400 С болды.
Көлік ішіндегі заттар қандай жағдайда болды?
Заттар қандай өзгеріске ұшырады? Иә немесе жоқ
Заттардың температурасы бірдей болды Иә/жоқ
Сәлден кейін су қайнады Иә/жоқ
Сәлден кейін алюминий сымы балқыды
Иә/жоқ
Ескерту: әр жауапты түсіндіру ( неге «иә», неге «жоқ»)
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оқушылардың пікірлерін тыңдау
Рефлексия
Бүгінгі сабақтан алған әсерім
Кейінгі тапсырмалар Жаттығу №10 орындау 206-бет
Кейінгі оқу «Алюминий және оның қосылыстары» параграфты оқу
Автор: dauke | 15-03-2015, 18:09
Қарау саны: 2197
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :