» » алгоритм жасалу жолдары


алгоритм жасалу жолдары

алгоритм жасалу жолдары

Қайыркелдина Нұрсулу Қайыркелдіқызы

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы

Алгоритмді компьютерге программалау тілдері түсінікті етіп көрсете алады. Алдымен әрқашан да алгоритм әрекеті әзірленеді, сонан кейін ол мұндай тәсілдердің бірінде жазылады. Жалпы қорытындысында программа мәтіні — толықтай аяқталған, алгоритмді программалау тілінде бүге-шігесіне дейін сипаттаған күйінде пайда болады. Содан соң программаның бұл мәтіні транслятор деп аталатын арнайы қызмет қолданбаларымен өңдеуден өтеді немесе машина кодына аударылады, не болмаса орындалады.
Программалау тілдері – жасанды тілдер. Олардың табиғи тілдерден айырмашылығы – мағынасы трансляторға түсінікті болатын әрі жазу командасының (операторлардың) қатаң ережесіне бағынатын «сөздері» шектеулі болады. Мұндай талаптардың жиынтығы программалау тілінің синтаксисін қалыптастырады, ал әрбір команданың және тілдің басқа да конструкциясы (құрылымы) — оның семантикасын қалыптастырады. Программаларды жазудың формасы бұзылатын болса, бұл транслятордың оператор міндетін түсінбей қалуына әкеп соғады және синтаксистік қате туралы хабарлайды, ал команда тілін пайдалануға қажетті алгоритмге жауап бере алмайтын дұрыс жазу семантикалық қателікке (оны логикалық қателік немесе орындау уақытындағы қателік деп те атайды) ұрындырады.
Программалау тілінің көмегімен дайын программа емес, оның бұрын әзірленген алгоритмді суреттейтін мәтіні ғана жасалады. Жұмыс істейтін программаға қол жеткізу үшін бұл мәтінді автоматты түрде машина кодына ауыстыру керек (бұл үшін компилятор — программасы пайдаланылады), содан соң оны бастапқы мәтіннен бөлек пайдалану қажет немесе программа мәтінінде көрсетілген тіл командасын бірден орындау керек (мұнымен интерпретатор – программасы айналысады).
Программалау тілі (языкпрограммирования; programminglanguage)—компьютерде өңделетін ақпаратты сипаттайтын жөне оларды түрлендіру алгоритмдерін жазуға арналған жасанды тіл. Компьютермен мәлімет алмасу, мәліметті өрнектеу және жеткізу үшін пайдаланылатын символдар, келісімдер жөне ережелер жиынынан тұрады. Күрделілігіне байланысты олар төменгі және жоғарғы деңгейлі тілдер деп екіге бөлінеді. Төменгі деңгейлі тіл (Ассемблер) өзі арналған нақты машинаның ерекшелігін көрсетеді. Жоғары деңгейлі (мәселе-бағдарлы және процедура-бағдарлы) тілдер компьютер түріне тәуелсіз болды. Оларға Бейсик, Фортран, Паскаль сияқты тағы басқалар тілдер жатады. /2/
1971 жылы Алгол-60-қа сабақтас болып табылатын Паскалъ тілін сипаттаған жариялым жарық көрді. Оның конструкциясы (құрылымы) ПЛ/1 және Алгол-60 құрылымдарына ұқсас, алайда Паскальдың конструкциясы әлдеқайда қысқа (лаконичный) болды. Паскальда құрылымдық программалау идеясы жүзеге асырылады. Паскаль тілінде жазылған программаның жақсы құрылымдануының арқасында күрделі жобаларды әзірлеу кезінде бірнеше программалар бір мезгілде қатар жұмыс істей алады.
Паскаль бағдарламау тілі, XVІІ ғасырда өмір сүрген француз ғалым-философыБлез Паскальдің құрметіне аталып отыр. Осы тілді құрастырушы Швейцариядағы жоғарғы политехникалық мектептің информатикалық институтының профессоры НиклаусВирт болып табылады. Паскаль тілі жөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болып, содан бері тілдің дүниеге келген жылы болып табылады.
Паскаль – программалауға арналған керемет тіл, ол оқып-үйренуге жеңіл дұрыс ойластырылған, анық, әрі логикалы түрде толығымен түсінікті болып келеді. Программалауды оқып-үйренудегі алғашқы тіл бола отырып жақсы, әрі тиімді программалау стилін меңгертеді. Паскаль құрылымды түрде программалаудың және жалпы программалаудың тәртібін үйретеді. Жалпы айтқанда, оның мүмкіндіктері басқа тілдерге қарағанда әлдеқайда көп.
Тілдің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік :
- Тілдің қарапайымдылығы оны тез арада жете меңгеруге мүмкіндік береді.
- Деректердің құрылысына қарай сандық, белгілік және екілік информациямен жұмыс жүргізуге және күрделі алгоритмді бағдарлама жасауға қызмет етеді.
- Жүйелік бағдарламалауда кеңінен қолдалауына оның өте тиімді бағдарламала құру мүмкіңдігі септігін тигізеді.
- Тіл алгоритмді сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте-бірте дамыту арқылы жеке блоктар түрінде құруға болады. Ол программалау тілін үйрену үшін өте қажет.
- Тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріліп сипаттауға және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді.
Белгілі бір есепті шешуде, есептеу жүргізуде қажетті іс-қимылдарды нақты түрде ретімен сипаттайтын іс - әрекеттер жоспарын бағдарлама дейміз. Іс - әрекеттердің аяқталған тізбегін беретін жазуды алгоритм дейді. Кез – келген есепті шешудің өзіндік бір алгоритмі болады. Сонымен бағдарлама тиісті алгоритмдік тілде жазылады Паскаль тілінде жазылған бағдарлама ағылшын сөздерінен құрылған қызмет сөздері тізбегінен тұрады .Әрбір аяқталған іс – қимылдан соң нүктелі үтір қойылады.
Ал, қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі - TurboPascal. Американың Borland корпорациясының бұл өнімі сол корпорацияның қызметкері АндерсонХейлсбергтің жетекшілігімен құрастырылған. Бастапқыда Паскаль тілі программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді құрал болып табылады. Қарапайым Паскальды өңдеудегі А.Хейлсбергтің үлкен еңбегінің нәтижесінде TurboPascal қазіргі заман талабына сай, қуатты программалау жүйесіне айналады. TurboPascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. /4/
Автор: admin | 21-12-2019, 13:43
Қарау саны: 72
    
Жарнама

Пікірлер -
1


Bennyelish - 23 наурыз 2020 16:22
Секрет евреев: Еврейские мужчины лечат простатит за 2-3 недели!
Один раз в жизни! Раз и навсегда! Узнаем как... http://bit.ly/3bqeXp9

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :