Әлем өзгеруімен мен де өзгеремін » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Әлем өзгеруімен мен де өзгеремін


Әлем өзгеруімен мен де өзгеремін

Әлем өзгеруімен мен де өзгеремін.
Жиырма бірінші ғасыр өзгеріске толы білімділер ғасыры.
Жиырма бірінші ғасыр әрбір саланың жаңашылдық ғасыры.
Жиырма бірінші ғасыр бәсекелестіктің қатал ғасыры.

Мінекей, осындай ғасырда өмір сүріп, тәлім-тәрбие мен білім беріп отырған біздер мұғалімдер үшін де жаңашылдықты туылғаннан бастап бойларына сіңіріп өсіп келе жатқан қазіргі буынның оқушылары үшін де бұл ғасырдың берері де алары да мол десем артықтық емес. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған бүгінгі күні жан-жақты дамыған азаматтарды қалыптастыру, әсіресе оқушылардың жеке тұлғалық дара қасиеттерін білім нәрімен сусындата отырып дамыту ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы арада әрбір адамда мынадай сұрақтар туындауы мүмкін: неліктен, ғылыми-техникалық өрлеу кенеттен жылдамдап кетті? Неліктен, қаншама жылдар бойы бір жүйемен оқыған білім саласына жаңашылдық керек? Ия, бұл сұрақтар қазіргі таңда жауап күттірмейді, өйткені біз марғаулық таныстқанмен уақыт та заман да бізді күтпейді, бәрі де жылдам, адамдар да озық технологияның дамуына ілесе алатындай шапшаңдықпен еңбек етсе ғана көштен қалмайтыны белгілі. Демек, білім беру мазмұнына жаңарту, өзгерістер енгізу үшін мектеп мұғалімдері кез-келген сұраққа жан-жақты заманауи көзқараспен қарау керек сияқты.
Мен де сол Кеңестер Одағында мектеп бітірген, сол көзқараста қалыптасқан мұғалімдердің бірімін. Сондықтан, жаңашылдыққа бойым бірден үйреніп кетті деп айта алмаймын. Тіпті біз мектепте оқығанда өзі тұрмақ суретін көрмеген компьютермен, телефонмен достасу мен ғана емес, біршама оқытушылардың алдында тұрған қамал сияқты болып көрінетін. Дегенмен, мақсаты бар адамның әрқашан да шыңға шығатындығы сияқты мұндай кедергілерден өтіп алдымызға бұрынғы жүйеге мүлдем ұқсамайтын, өзгеше, ұшқыр мақсаттар қоя алатынымызды байқамай да қалдық.
Мектептегі бастауыш сынып мұғалімдері үшін де бұл ғасыр нағыз сын, өйткені бұрынғыдай алдарында көздері жәудіреп оң солын танымайтын балалар емес, әріп білмесе де технологияның жаңашылдығын меңгерген, көзқарастары да басқа жаңа ғасыр балалары отырғанда қаншама білім мен инновация, күш-жігер қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Сондықтан, оқытушыларды жаңашылдыққа талпынсын, жетілсін, жетістікке жетсін деген мақсатта біздің мемлекетіміз қолдап отырған осындай педегогикалық шеберлік орталықтарының болуы құптарлық іс. Сол бағдарламаның арқасында менің мектебім маған үлкен жауапкершілік артып біліктілігімді арттыру үшін 1-деңгейлі осындай оқуға жібергеніне қуаныштымын. Енді мен өзім де жаңашыл ғасырдағы жетекші мұғалім болу үшін күнделікті еңбек етудемін. Мен білім беру үшін неге өзгеруім керек, неге сол өзім жинақтаған біліммен қалмасқа? – деген сұрақтардың төңірегін зерделегенімде мындай мәліметтер:
1. Әлемдегі озық елдердің мектептеріндегі білім жүйесінің біздің еліміздегі көптеген мектептермен салыстырғанда озық тұрғандығы,
2. Дамыған елдер балалары білім саласында әлдеқайда көп нәрсеге қол жеткізетіндігі, білімді де арманшыл, тәрбиелі де ұшқыр екендіктері маған үлкен ой салды.
Бірақ, менің де көңілімді жұбатарлық жауаптардың бар екендігін сезініп қуандым. Біздің еліміздің білім жүйесінің күннен күнге қиындықтарды жеңіп әлемдік технологияның бір ұшынан ұстап сенімді түрде алға ұмтылып келе жатқандығын жүрегіммен түйсіндім. Болашаққа қол сермеу мектеп табалдырығынан басталатынын, білімді де білікті жақсы ұстаздары көп мемлекеттердің жақсы істері мен жетістіктері көп болатынын, білім мен тәрбиені бойына сіңірген әр тұлға өз ұясынан биікке талмай самғай алатынына сенген біздің еліміз де білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейтіндігін байқадым.
Оқушыны тұлға деп сезініп, оның бойына ізгілік шамын жағуды көздейтін, ертеңгі ел сенімін ақтар қабілетті шәкірт дайындау үшін барын салып жүрген, өзгерісті қажет ететін ұстаздар біздің елімізде баршылық. Мұндай ұстаздарға қазір мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіліп жатқаны мені қуантады. Қазақстан елінің болашағы үшін қазіргі білім жүйесіне түбегейлі реформа жасаудың, сапалы білім жүйесін орнатудың оңай еместігін білемін. Мектептің білім беру мазмұнын қайта қарап, заман талабына сай өзгерту, бүгінгі таңдағы басты мәселе екендігі де анық. Дегенмен, Қазақ ұлтының ұрпақтарын топастандыру мақсатындағы әрекеттерге әр адам қарсы тұруға, мемлекетіміздің жүйелі саясаты арқылы олардың жолын кесіп, ұлттың болашағына жол ашуға бәріміз де атсалысуымыз керек.
Ұстаз – бала болашағына қоғам алдында, ата-ана, бала алдында тіпті тәңір алдында тікелей ар ожданымен жауапты екенін білуге тиіс. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытып сабақтан тыс жұмыстарда жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызатын іс-әрекеттер ұйымдастыру үшін көштен қалмай өзгеріп, іргелі істер атқару қажет деп білемін. Ия, әлемнің өзгеруі арқылы мен де жиырма бірінші ғасырдың білікті де саналы, он сырлы қажет десе сан-қырлы өнегелі де өрелі ұстазына айналамын.
Қорытындылай келе былай дер едім: жиырма бірінші ғасырдың қатал бәсекелесіне төтеп беретін білімді де жаңашыл, жаны таза, рухани тәрбиелі шәкірттерді тәрбиелеуде мен де, сіз де, ол да жұмыла бірге еңбек етейік!
Автор: dauke | 15-03-2015, 18:37
Қарау саны: 3807
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :