Аяласаң, табиғатты аяла. Табиғатты қорғау мәселесіне қазақ халқының көзқарасы мен дәстүрлері » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Аяласаң, табиғатты аяла. Табиғатты қорғау мәселесіне қазақ халқының көзқарасы мен дәстүрлері


Аяласаң, табиғатты аяла. Табиғатты қорғау мәселесіне қазақ халқының көзқарасы мен дәстүрлері

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
№20 орта мектеп
биология пәнінің мұғалімі
Конурбаева Анар Жолболдиновна
Тақырып: «Аяласаң, табиғатты аяла. Табиғатты қорғау мәселесіне қазақ халқының көзқарасы мен дәстүрлері.»
Мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялауға, сүйе білуге үйрету, олардың туған жерге деген мейірімі мен ықыласын тудыру және арттыру.
Көрнекілігі: видеопроектор, музыка жазылған үнтаспа
денесіне қуат, бойына күш, өнеріне шабыт, көңіліне қанат береді.
1ші жүргізуші: «Табиғат-адам тәрбиешісі». Адам адам болып туып, адам болып қалуы үшін табиғаттың атқарар рөлі зор. Табиғат бөлшектері: жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі, өзен-көл, адамдардың ойына сана,
Ерте заманнан бері адамзат өзінің тіршілігіне қажетті заттардың бәрін табиғат қазынасынан алып келді және алып келеді. Сондықтан табиғат байлығын тоздырмай, ортайтпай, қайта қорландырып, нәрлендіріп, молайтып отыруымыз керек.
2 ші жүрг.:Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Сан ғасырлар бойы халқымыз сол өзін аялаған табиғат құшағында тіршілік ете жүріп оның сан-алуан құпия сырларына қөңіл бөлді және сол туралы орынды тұжырым, пікірлерге келді. Халқымыздың табиғат жөнінднгі ой-пікірлері оның құбылыстарымен, заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатты. Халық өзін табиғаттың бір бөлінбес бөлігі, құрамдас тобы деп есептеді. Сондықтанда табиғатпен бірлікте өмір сүру қажеттілігін ерте кезден ақ сезінді. Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.
Слайд (табиғат туралы сөздер)
1ші жүрг.: Табиғатқа қамқорлық көрсету әрбір адамзаттың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы.
Табиғаттың тарылтпасын мөлдір кәусәр тынысын
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың,
Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың!
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың!
2ші жүрг.:
Ей, адамдар
Күн мен гүлден жаралған
От сезім мен мейірім содан таралған
Тіршілік иесі-Жер анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде
Ах ұрады дүние
Жаратылыс заңдылығы бұзылса
Сонда болар кім ие?
Слайд (Президент)
1ші жүрг.:Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында: «Жахандану және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайында, қазақстандықтар адам дамуының басты салдарындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау, мәселелерін шешу адамдық және адамзаттық борышы екендігін, адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс, »- делінеді
лайд (табиғат)
Оқушы:Жануарлар мен өсімдіктердің мінез-қылықтарын бақылай отырып адамдар өз тәжіриебесін келесі ұрпаққа табыс еткен.
Ертедегі адамдардың өзі аспандағы жұлдыздардың орналасуына қарап жолдың бағытын таба білген.Олар қай кезде егін егіп ,жинау керек екендігін білген.Адам ағзасының құрылысын білмегендіктен, әр түрлі аурулардың себептерін түсінбеген, бірақ жараларды, ауруларды шөптермен емдеген және қол шығып кетсе оны орнына келтіре алған. Адамдар табиғат жайлы өз білімдерін сурет-пиктография арқылы берген. Әр бір шартты белгінің өз маңызы болған. Дін туралы бастапқы түсініктер неандерталдықтарда қалыптаса бастаған .Оларда өлген адамдарды жерлеу рәсімі пайда болған. Олар адамдардың жануарлармен туыстығы бар екендігіне сенген және де адамдар белгілі бір жануардан пайда болды деген. Мысалы: қасқырдан, бұғыдан, жолбарыстан, сондықтанда осы жануарларға деген қөзқарастары басқаша болған.
слайд (қазақ халқы туралы)
оқушы: Қазіргі кездегі қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлері ерте заманмен байланысты. Мысалы: Аруақ -ата-бабаларымыздың жаны деп есептелген. Аруақтар мәңгі өмір сүреді, сондықтан да ата-бабаларымызды құрметтеу салты осыған байланысты. Қиын жағдайға тап болғанда «О, аруақтар қолдай көріңдер» дей отыра құрбандық шаламыз.Өткен ғасырда мүйізі айға ұқсас қара малды, маңдайында сызығы бар ақ қойды құрбандыққа шалды. Қазақтар тірі табиғаттың киелі заттары болып табылған өсімдіктер мен жануарларды қорғап аялаған. Далада жалғыз өсіп тұрған ағаштың аясында жолшыбай жүрген әр бір адам түнеп, тілек тілей отыра түрлі түсті жіптер байлаған. Тұзды көлді «кен»деп атаған себебі сол жерді аруақтар қолдаған. Жануарларды қастерлеуде көптеген тыйым сөздерді қолданған. Атап айтсақ, жануарлардың сүйектерін басуға болмайды.Ақты төгуге болмайды, ал кездейсоқ төгіп алса саусағын малып бетіне жаққан және орамалмен сүрткен.Қазақтар ешқашан балтаны, иін ағашты аттап өтпеген, егер де аттап өтсе ол адам ешқашан байымайды деген.Қара малды түнде кездестірсе, міндетті түрде қамшымен тартып жіберу керек, өйткені оның үстінде жын шайтандар отырады.Жануарда ерекше белгі болса оны қасиет тұтқан және де ондай жануарды ұстаған адам бақытты болған.Аққуларды атуға тыиым салынған: қазақтар оларды құстардың анасы деп есептеген.Сонымен қатар үкіні, тоқылдақты, көк қарғаны, көкекті өлтіруге болмайды. Қарлығаштарды құрметтеген.
2ші жүрг.:Тұлпар туралы аңы
Слайд(тұлпар)
Оқушы:Көшпенділердің өмірі тұлпармен байланысты болғандықтан , барлық ертегілердің, аңыздардың, поэмалардың және мифтердің негізгі кейіпкері тұлпар болған. Ерте заманда қанатты тұлпарлардың фантастикалық образы пайда болған. Қазақтар арғымақтардың жауырының астында көзге көрінбейтін кішкентай қанаттары болатындығына сенген. Аңызға сүйене отыра қанатты тұлпарлар өткенмен бүгінгі күнге саяхат жасаған және өздерінің түр әлпетін басқа жануарларға өзгерткен. Қазақтар мынадай сенімге сүйенген: Батыр туған кезде онымен бірге оның тұлпары да туады. Көшпенді халықтың көмекшісі тұлпар болғандықтан, қожайыны өмір бақиға аттанса оның тұлпарын бірге жерлеген. Ертегілерде тұлпардың 3 түрі кездеседі: қанатты тұлпар, дала тұлпары және жарты денесі жылан тәріздес жер асты әлемінің тұлпары. Тұлпардың жалы мен құйрығы жын шайтаннан қорғайды, сондықтан жаңа туған баланың бесігіне немесе оның мойнына тұмар ретінде осыларды байлаған.Қазақ халқы ақ түлпарды ерекше құрметтеген, себебі соғыс аяқталған кезде, екі жақ келісімге келген кезде ақ тұлпарды құрбандыққа шалған .
Слайд (юрта, ұлттық киім)
Оқушы: Қазақ халқы үшін аспан құдайға тең, сондықтанда киелі. Күннің шығысы мен батысын тіршілік пен өлімге теңеген. Күн сәулесі киіз үйдің ішіне түсу үшін есігін шығыс жағына айқара ашып қойған. Балалық шақ пен жасөспірімділік кезеңін көктеммен, орта жасты жаз және күз уақытымен,ал қарттық кезеңді қыспен теңеген. Адам да табиғат заңдылығына бағынады, себебі ол табиғаттың бір бөлігі. Мәдениеттің негізгі элементі- адамның киім үлгісі табиғат пен тіршілікке тәуелді болған. Әр түрлі ашық түсті киімдерді-жастар, ақ пен қараны қариялар киген. Қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетінің айнасы - киім. Ертеде ата-бабаларымыз тымақ, ішік, шалбарды теріден тіккен. Қазақ өнері стилінің бірі-«Қошқар мүйіз» ою өрнегі. Киімді матадан тіккен кезде жас ерекшелігін ескеріп отырған. Қазақтар уақытты үнемді пайдалану үшін аяққа киетін етіктің оң жақ пен сол жағын бірдей тіккен. Киім үлгісі жануарлардың бейнесі бар көптеген әшекейлермен өрнектелген. Сырт киім ішіндегі ең ертегісі – кенебек. Ақ немесе сұр киізден тігілген. Шапанға ұқсас, бірақ үлкенірек жағасы бар. Атты баптаушылар сыртқы киімнің сыртынан киген. Қазақтар бас киімге ерекше мән берген. Өйткені, қазіргі кезге дейін жеткен дәстүрден айқындауға болады. Аса құрметті қонаққа шапан, бас киім және тұлпарды сыйға тартқан. Бөрік – дөңгелек тәрізді бас киім ішкі жағы жылы жүннен жасалған,ал сыртын бархат немесе жібекпен тыстайды. Ежелгі адамдар үңгірде тұрған, алғашқы адамдар үйлерін бұтақтар мен жапырақтардан құрастырған. Бірте бірте балшықтан үй салған. Қазақстанда б.з.д. 7 ғасырдан бастап киіз үйді қолданған. Қазіргі күнге дейін қазақ халқы өзінің мәдениетін , киіз үйін сақтаған.1872 жылы Жәңгір хан 1ші Ресейлік патша Николайға киіз үйді сыйға тартты. Экологиялық тұрғыдан киіз үйдің іші табиғат материалдарынан жасалынады. Ыстық күні іші салқын, аязды күні жылы болып тұрады,жаңбырлы күні ылғалды өзіне кіргізбейді. «Үйдің шаңырағы биік, керегесі кең », -деп қазақ халқы өз тілегін тегіннен -тегін айтпаған.Қазақ халқының өміріндегі ең бір айтулы күн-бұл киіз үйді атадан балаға мирас етуі. Киіз үйдің іші 4 бөлікке бөлінеді:
1. Төр- қонақтарға арналған орын
2. Қожайынның орны – оң жақ
3. Балалардың орны сол жақ
4. Ошақтың орны -ортасы
Слайд (ою-өрнек)
Оқушы: Қазақтың ою-өрнек деген сөзі латын тілінен енген. Ою-өрнектің ішінде өсімдіктер мен жануарлардың бейнесі,геометриялық фигуралар, бірнеше элементтер бейнеленген. Қазақ халқының ою-өрнегінің негізінде симметрия, композиция ритмі қатаң түрде сақталған.Қазақ халқының тұрмысында ою-өрнекті жан тәнімен жасаған. Ою-өрнектің 3 тобы қалыптасқан: өсімдіктерді , жануарлар әлемі және геометриялық фигураларды бейнелеу. Ою –өрнек андрон мәдениетінен басталады. Мүйіз тәрізді элементтер ою-өрнектің ерекшелігі болып табылады. Ежелгі қазақтың ою-өрнегі әр түрлі қисынды суреттермен толы болған. Мысалы: мал шаруашылығы, аңшылық, көшпенділердің өмір салты. Бір кездері В.Чепелев өз сөзінде: «Қазақтар ою-өрнек әлемінде тұрады деген ой қалыптасады.»
Слайд (туған жер)
Оқушы: Атамекен , туған жер-ата бабаларымыздың мекені. Әр адам өзінің туған жерін «алтын бесікке» теңейді. Қазақтың салт-дәстүрінде жаңа туған нәресте немесе алыс жолдан оралған адамды жерге домалатқан, себебі нәресте өзінің туған жерін қадірлеу үшін, ал ересек адам сағынышын басу үшін. Батырлар, билер, әйгілі адамдар тұратын және олардың қабірлері болатын жерлер қасиетті деп есептелген. Адамдар ондай жерлерге қажылыққа барған.
Құран-қасиетті Мұхаммед кітабі
Дастарқан-үй ішіндегі тоқшылық белгісі.
Аңшы, шеберлер құралдары-мылтық, аңшының аң аулаушы құралы, етікшінің бізі қасиетті заттар ретінде сақталады,оны ешкімге бермейді және сатылмайды.
Жылқышының қара қосы-кез-келген уақытта жылынып,тамақ іше алатын жылқы бағатын адамның үиі.
Қара қазан-тамақ әзірлеу үшін арналған ыдыс,адамдар тоқшылық пен шынайы адамгершіліктің белгісі ретінде қадірлеп,сақтайды.
Төр-киіз үйдің ішіндегі ең қадірлі орын.
Бұлақ- тазалық пен пәктіктің белгісі.
Мал басы-өзінің артынан басқа малдарды ерітетін ерекше жануар.Ондай жануарларды қазақтар сатпаған, ауыстырмаған.
Ертеден қалған ескерткіштер-ежелгі қалалардың орны, аруақтардың жерленген жері
Слайд (табиғат)
Оқушы: Аспаннан жұлдыз түскенде қазақтар «менің жұлдызым жоғары», ал аңызға сүйенсек бұл уақытта адам өмірден өтеді деген.
Егер жұлдызды саусағыңмен көрсетсең сүйел пайда болады.
Арқаңды қабырғаға сүйесең ,ауру сырқаттан аман боласың.
Жаңбырлы күннен кейін жалаң аяқ шалшық суды бассаң, денің сау болады.
Жаздың ең бірінші күн күркіреген күні «Ақ мол болсын» деген сөздермен үйдің табалдырығына айран төгеді.
Егер қыс мезгілінде құстар өз үяларын жылыта бастаса, күн салқындайды.
Құстар ерте жұмыртқаласа, күн жылиды.
Тауықтар жаңбыр астында тамақ іздесе, жауын құйындап ағады.
Қыста әтеш бір аяғына сүйенсе,аязды күн болады.
Қатты желдің алдында құмырсқалар тиышсызданады.
Қыста қаздар қақылдаса, ашық күн болады,ал егер де тиыш жатса, боранды күн болады.
Жылан үйқыға кетпесе, күз үзақ және жылы болады.
Наурыз күні қар жауса, жыл берекелі болады.
Күзде жеміс ағаштары гүлдесе ,қыс жылы болады.
Ат жиі басын шайқаса,қыс ызғарлы болады.
Слайд (жыл мезгілдері)
Оқушы:
Көлдің көркі-құрақ,
Таудың көркі –бұлақ
Орман-ел даулеті,жер сәулеті
Сулы жер- нулы жер
Бағбан болсаң бақ өсір
Балама деп тақ өсір
Арманымен ел сұлу
Орманымен жер сұлу
Бабалары еккен шынарды балалары саялайды.
Талымнан жаным садаға
Ағаш ексең аялап,
Басында болар саябақ
Орман көп болса, олжаң көп.
Өрісіңе қарай мал өсір
Өзеніңе қарай тал өсір
Ермен жеген ер өлмен
Ермен-жанға дәрмен
Слайд(апта атаулары)
Оқушы:
Дүйсенбі-жақсы күн деп саналады,бұл күні көк пен жер жаратылған.Бұл күні тырнақ алған адамдарда ақыл мен ойы өседі деп сенген.
Сейсенбі-сәтсіз күн, жаңа іс басталмайды және жолға ешкім шықпайды.
Сәрсенбі- ең сәтті күн, осы күні егілген өсімдіктер тез өседі және жақсы істерді осы күні бастаған жөн.
Бейсенбі-мұсылмандардың қасиетті күндердің бірі. Бұл тән мен жанның тазару күні, мешітке барып құран оқытады.
Жұма-қасиетті күн, әр бір адам таза болу керек, жұма күні тілектер орындалады, тырнағын алғандар өзінің жағдайын екі есе жақсартады.
Сенбі-бата алу күні, аңшыларға сәттілік әкелетін күн.
Жексенбі-қарапайым күн, бұл күні басталған құрылыс тез аяқталады.
«Алланың әр күні сәтті күн » дейді халық.
1ші жүрг:
Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
2ші жүрг:
Туған жерді сүю –парыз,
Сүю үшін білу-парыз.
Қасиетін ұғу – парыз,
Күзетінде тұру-парыз!
«Аяласаң табиғатты-аяла» атты кешіміздің соңына келіп жеттік. Назарларыңызға рахмет
№ 20 орта мектебі.
Конференция
Тақырыбы: «Аяласаң, табиғатты аяла. Табиғатты қорғау мәселесіне қазақ халқының көзқарасы мен дәстүрлері.»
Дайындаған: Конурбаева А.Ж
Петропавл,2012
Автор: dauke | 16-03-2015, 23:04
Қарау саны: 3303
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :