Windows-тің WordPad қолданбасымен танысу » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Windows-тің WordPad қолданбасымен танысу


Windows-тің WordPad қолданбасымен танысу

Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылы
"Батық жалпы орта білім беру мектебі" КММ
Информатика пәнінің мұғалімі
Малшы Бақытжан

7- сынып
Тақырыбы: Windows-тің WordPad қолданбасымен танысу.
Сабақ мақсаты: а) WordPad қолданбасымен таныстыру. Құжат құру туралы түсінік беру.
Б) Мәтіндік редакторда қөұжат құра білуге, мәтіндік редактор көмегімен мәтінді өңдеу дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушыллрадың компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.
Сабақ көрнекілігі: WordPad қолданбасыме терезесі
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Сонымен біз графикалық редакторды оқып аяқтадық. Бүгін жаңа тақырып бастаймыз.
Жаңа сабақ Windows-тің WordPad қолданбасымен танысу
Қазіргі кезде дербес компьютерлер құжат пен мәтін өғдеуде кеңінен қолдалады. Оның мынадай қосымша мүмкініктері бар:
1. Компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін қосуға, мәиін арасына жаңа жолдар қосуға, әртүрлі құжаттарды бір-біріне қосуға, мәтін шекараларын тегістеуге, жолдарды экранның ортасына келтіруге, құжаттарды сақтап, баспаға қанша болса да шығаруға болады.
2. Әртүрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
3. Мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өөзін түрлі пішінде орналастыруға болады.
4. Қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
5. Стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.
6. Мәтіндерді дискіге жазып қоюға болады.
Осы айтылғандарды орындау үшін Windows-тің WordPad қолданбасы қолданылады.
WordPad қолданбасы қарапайым құжаттрады жасауға арналған. Оны іске қосу үшін мына команданы орындайды.
Пуск-Программы-Стандартные- WordPad
Экранға WordPad қолданбасының терезесі шығады.Терезе келесі элементтреден тұрады.
1. Тақырып жолы
2. Меню жолы
3. Құрал-саймандар тақтасы
4. Пішімдеу тақтасы
5. Сызғыш
6. Терезенің жұмыс аймағы
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.
ҚҰрал-саймандар тақтасында жиі қолданылатын команларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың міндетін білу үшін сол батырманың үстінде маус нұсқағышын ұстап тұрса, аз уақыттан соң ішіне батырманың міндеті жазылған төртбұрышты аймақ шығады.
Пішімдеу тақтасында мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынасу батырмалары орналасқан.

Мәтіндік редактор WordPad бағдарламасының батырмалары:

Батырма суреті Батырма міндеті Батырма суреті Батырма міндеті

Құру
Болдырмау

Ашу
Қайтару

Сақтау
Табу (құжаттағы мәтінді тез табады)

Басу
Қаріп (шрифт)

Алдын ала қарау
Қаріп өлшемі

Қиып алу
Қарайтылған

Көшіру
Курсив

Кірістіру
Асты сызылған

Түс (белгіленген мәтін түсін өзгертеді)
Сол жақ шеті бойынша

Ортасы бойынша
Оң жақ шеті бойынша

Маркерлер
WordPad бағдарламасында екі меңзер бар: кірістіру нүктесі және І меңзері.
Кірістіру нүктесі - өшіп-жанып тұрған тік сызықша. Ол мәтінді енгізгенде символдың қай жерде пайда болатынын көрсетеді.
І-меңзері – терезенің жұмыс аймағында маус нұсқағышы латынның І әрпінің түрінде болады.

WordPad-та құжат құру.
WordPad-та құжат құру мынадй сатылардан тұрады.

1. Қаріп және оның өлшемін таңдау.
2. Мәтінді енгізу және редакциялау.
3. Мәтінді пішімдеу (форматтау)
4. Құжатты сақтау және ашу.
5. Баспаға шығару.

Енді осы сатыларды толық қарастыралық:
Қаріп және оның өлшемін таңдау.
Қаріп және оның өлшемін таңдаммастан бұрын қай флфавитпен мәтінді енгізетінімізді анықтап алып, есептер тақтасындағы пернетақта индикаторын өзгертеміз. Қазіргі уақытта кең қолданылатын қаріп түрі Times New Roman, ал өлшем 12 пт, бұл параметрлерді және батырмаларын басып, қажетті мәнді таңдау арқылы орнатамыз.

Мәтінді енгізу және редакциялау.
Мәтін пернетақтадан символдық түрде енгізіледі. Кейбір пернелердің қызметін қарастыралық.
Бас әріп салу үшін Shift пернесін басып тұрып қажетті әріпті салу керек. Абзац соңында Enter пернесін басу керек. Мәтінді түгелдей бас әріптермен теру үшін Caps Lock пернесін басып бас әріптер режимін іске қосу керек. Қателеcкен жағдайда меңзердің сол жағындағы символды Backspace пернесімен өшіреді. Ал оң жағындағы символды Delete пернесімен өшіреді. Меңзерді мәтін ішінде меңзерді басқару пернелері көмегімен жылжытуға болады. Мәтіннің блогын жою үшін оны белгілеп алып, Delete пернесін басу керек. Қазақ, орыс және латын әріптерін енгізу режимдерін Shift +Alt пернелері комбинациясын қолданып өзгертуге болады. Цифрларды оң жақтағы цифрлық пернетақта көмегімен жазады. Оны Num Lock пернесін басып іске қосады. Ал меңзерді құжат бойымен жылжыту үшін меңзерді экранда басқару пернелері қолданылады.

Сонымен бірге мынадай пернелер комбинациясын қолдануға болады.
Пернелер
комбинациясы міндеті
Ctrl+ Меңзерді бір абзацқа жоғары жылжытады
Ctrl+ Меңзерді бір абзацқа төмен жылжытады
Ctrl+ Меңзерді бір сөзге солға жылжытады
Ctrl+ Меңзерді бір сөзге оңға жылжытады
Page Up Меңзерді бір бетке жоғары жылжытады
Page Down Меңзерді бір бетке төмен жылжытады
Home Меңзерді ағымдағы жолдың басына жылжытады
End Меңзерді ағымдағы жолдың соңына жылжытады
Ctrl+Home Меңзерді құжаттың басына жылжытады
Ctrl+End Меңзерді құжаттың соңына жылжытады
Сонымен қатар айналдыру жолағын да қолдануға болады.

Мәтінді пішімдеу (форматтау)
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың, әріптердің әлпетін, яғни жартылай қою, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Сонымен бірге мәтінді беттің шетері бойынша тегістеуге болады. Мұндай мәтінді өзгерту процесі мәтінді пішімдеу деп аталады.
Пішімдеудің ең жылдам әдістері пішімдеу құралдар тақтасындағы батырмаларды қолдану.
Мәтінді туралау үшін батырмалары қолданылады.
Мәтінді пішімдеуді мәтін енгізілместен бұрын да, енгізілгеннен кейін де анықтауға болады. Мәтін енгізгеннен кейін пішімдеу керек болса, пішімделетін мәтін бөлігін алдымен белгілеп алады.
Файл-Макет страницы командасын орындап, парақтың параметрлерін беруге болады. Мысалы Ориентация тізімінен Альбомдық немесе Кітап опциясын таңдауға, беттің оң, сол, жоғарғы, төменгі өрістерінің өлшемін беруге болады.





Құжатты сақтау және ашу.
Құжатты теріп болған соң оны ат беріп дискіде сақтап қою керек. Файл аты ретінде 255 символдан артпайтын кез келген символдар тізбегін алуға болады. Бірақ файл аты оның ішкі мазмұныныа сай болуы керек.
Мәтінді алғаш сақтаған кезде Файл-Сохранить как.. командасын қолданып сақтайды. Мұнда ашылған терезеде Папка өрісінен файлды сақтайтын папканы таңдап, Имя файла өрісінде файлдың атын енгізіп, Сохранить батырмасын шертеді.
Бұрын сақталған файлға өзгеріс енгізіп қайталап сақтаған кезде Файл-Сохранить командасын орындайды. Мұнда файл бұрынғы атымен, бұрын сақталған папкасында сақталады.
WordPad сақталатын файлға RTF кеңейтілуін қосады. Бұл кеңейтілумен сақталған мәтінді көптеген мәтіндік редакторлар аша алады.
Бұрын сақталған файлды ашу үшін Файл-Открыть командасын орындайды. Ашылған терезенің Папка өрісінен файл сақталған паканы таңдаған кезде , терезенің негізігі бөлігінде сол папканың мазмұны көрінеді. Сол папканың ішінен қажетті файлды белгілеп Открыть батырмасын шерту керек.
WordPad-та жұмыс жасау барысында жаңа құжат жасау керек болса, Файл – Создать командасын орындайды. Пайда болған диалог терезесінде жасайтын құжаттың типін таңдап, ОК-ді шерту керек. Сонда жаңа мәтін жазатын бос терезе пайда болады.

Баспаға шығару.
Құжатты баспаға шығарар алдында оны Файл-Предварительный просмотр командасын орындап алдын-ала қарап алуға болады. Экранға құжат принтерде қалай басылып шығатын болса, тура сондай түрде шығады.
Құжатты баспаға беру үшін Файл-Печать командасын орынадйды. Печать диалогтік терезесі пайда болады. Онда келесі параметрлерді бреуге болады.
1. Принтер бөлімінен қажетті принтерді таңдауға болады.
2. Копии бөлімінде Число копии өрісінде құжаттың қанша данасы керек екенін көрсету керек. Бір-бірлеп баспаға шығару үшін Разобрать по копиям опциясына жалауша орнату керек. Алдыен бірінші беттің барлық көшірмелерін, содан соң екінші беттің барлық көшірмелерін және т.с.с. басып шығару керек болса, жалаушаны алып тастау керек.
3. Страницы бөлімінде параметрлерді орнату құжаттың қай бөлігі баспаға берілетінін анықтайды.
• Бүкіл құжатты басу үшін – Все
• Белгіленген бөлікті басу үшін – Выделенный фрагмент
• Ағымдағы бетті басу үшін – Текущая
• Номерлері бойынша жеке парақтарды басу үшін – Страницы таңдау керек.

Бүгінгі сабақта біз WordPad қолданбасымен және онда құжат құру сатыларымен таныстық. Келесі сабақта біз WordPad-та құжат құрумен айналысатын боламыз.
Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.

Автор: dauke | 14-02-2015, 00:13
Қарау саны: 594
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :