Қызықты қыс

«Жеңіс» мектеп – гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қарасаева Байрамгүл Нұртазақызы
Сабақтың тақырыбы: Қызықты қыс
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: «Қызықты қыс» тақырыбы бойынша білімдерін бекіту. Фонетика-лық талдау жасау дағдыларын нығайту; ә) дамытушылық: тақырыпқа байланысты өтілген жаңа сөздерді орынды пайдалануға, ойтүрткі сұрақтар арқылы сөйлесіи әрекетін жандандыру, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. б) тәрбиелік: мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінде еркін сөйлеуге үйрету, құрметтеуге, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.Оқушылардың бойына адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.Қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Оқу мен жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту» технологиясы, сұрақ-жауап, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым, тілдесім әрекеттері.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, кесте, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу,түгендеу. – Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар, оқушылар!
ТРЕНИНГ. 2.Жағымды орта қалыптастыру. Барлығымыз қол шапалақтаймыз.
Тек қана қыздар ................... Тек қана ұлдар ..................... Сабаққа кешігетін балалар .......... Жақсы оқитын оқушылар ........ Қыста туылғандар .............. Сырғанақ тебуді ұнататындар .................. Көңіл-күйі жақсы балалар ................
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
2-тапсырма. «Сырғанақ» жаттау.
Ұлттық ойын «Орамал тастау». 1.Дауысты дыбыс дегеніміз не? 2. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? ІІІ. Жаңа сабақ. «Қызықты қыс». Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық. Басқан жері сықырлап келіп қалды, - деп Абай атамыз жырлағандай , қыс – жылдың ең суық мезгілі.
Оқушылар үш топқа бөлінеді. І топ – «Желтоқсан», ІІ топ – «Қаңтар», ІІІ топ – «Ақпан». Топ оқушылары қыс мезгілін сипаттайды және қыс мезгіліндегі ойын түрлерін атап көрсетеді.
Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздерге тілдерін жаттықтырып, сөйлемдерде дұрыс қолдануға үйрету.
Шаңғы тепті – катались на лыжах
Сырғанады – катался (-ась, -ись)
Сағынып қалыпты – соскучились. Жаңа сөздермен ауызша сөйлемдер құрастыру. (ІІІ топқа да тапсырма)
Дәптермен жұмыс.
1-тапсырманы оқып, буын түрлеріне бөліп жазу.Қарамен жазылған сөзге математикалық талдау жасау . Қар жа-уып тұр.
Қар – 3 = 1 +2 – әріп,
1 – a-жуан,ашық,езулік. – дауысты дыбыс,
2 – қ-қатаң, р-үнді. – дауыссыз дыбыс.
Тақтамен жұмыс.
2-тапсырма. Жұмбақты шешіп, болымды, болымсыз етістіктерді табу: кір-кірме , жүр-жүрме.
Диолог.
–Сәлем, Вова! –Сәлем, Саша!
Жуан үндесіп тұрған сөздерді тап. Жіңішке үндесіп тұрған сөздерді тап.
4-тапсырмадан тәуелдік жалғауы бар сөзді тап.
Сергіту сәті: «Тізбе моншақ» ойыны – көпте, тәуелде .
Зат есім -лар -лер -дар -дер -тар -тер -ым -ім
шана + +
шаңғы + +
тон + +
шырша +
Пәнаралық байланыс:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс.
Қыс мезгіліндегі мерекелер.
«Жаңа жыл» ән айту.
Сабақты бекіту.
Берілген суреттегі зат есімдерді жұмбақтап жеткізу. Жауабын дәл тапса, сөз қабылданады.
Қызықты  қысТек қыс мезгілінде болады, көктемде ериді.
(Қар)
Қызықты  қыс Оны қардан жасайды, өзі дөңгелек.
(аққала)
Қорытынды.
Үй тапсырмасы. 5-тапсырма.
Бағалау.
Автор: dauke | 20-03-2015, 19:08
Қарау саны: 1106
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :