» » Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері


Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері

Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері
Тусипбаева Кымбат Апековна

Мазмұны:

І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1.1 Табиғат

1.2 Жер бетіндегі таңғажайып құбылыстар

ІІІ. Практикалық бөлім

2.1 Табиғат тылсым дүние

2.2 Ғаламшардағы тылсым күштерді зерттеу тәжірбиесі

ІҮ. Қортынды

Ү. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Аңдатпа

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі.Табиғат – адамның еңбегінсіз, адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін – асыл ана. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2030 жылғы дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында «Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлгендіктен, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі екенін атап көрсеткен болатын».

Табиғат адамзаттың қайнар көзі. Табиғат өмірімізге қажетті рухани байлық. Табиғат – айналамызды қоршап тұрған ізгілікті әлем. Табиғат – адам тәрбиешісі. Өйткені адам баласы табиғатта, тіршілікте өсіп-өніп, жетілген, алып өз пайдасына жаратқан.

Аннотация

Человек - неотъемлемая часть природы. Природа - дар природы, созданный для блага человека, без человеческого труда. Есть мнение, что человек - царь природы. Поэтому природа - драгоценная мать для человека. В Стратегической программе развития Президента Нурсултана Назарбаева до 2030 года он отметил, что «экологическое просвещение является сегодня одной из самых актуальных проблем, поскольку в нем уделяется большое внимание предотвращению загрязнения окружающей среды и ее деградации».

Природа - источник человечества. Природа - это духовное богатство, необходимое нам для жизни. Природа - это хороший мир вокруг нас. Природа - наставница человека. Потому что люди росли, созревали и творили в природе и в жизни для собственной выгоды.

Annotation

Man is an integral part of nature. Nature is a gift of nature, created for the benefit of man, without human labor. There is a notion that man is the king of nature. Therefore, nature is a precious mother for man. In the Strategic Development Program of President Nursultan Nazarbayev until 2030, he noted that "environmental education is one of the most pressing issues today, as it pays great attention to the prevention of environmental pollution and environmental degradation."

Nature is the source of humanity. Nature is the spiritual wealth we need for life. Nature is a good world around us. Nature is the educator of man. Because human beings have grown, matured, and created in nature and in life for their own benefit.

Жобаның мақсаты: Табиғаттың тылсым күштерін оқу мен дәріптеу және насихаттау.

Жобаның міндеттері:

Оқушылардың бойында табиғаттың тылсым күштері жайлы білімдерін қалыптастыру;

Табиғаттың тылсым күштерін дәріптеу;

 

Жоба өзектілігі: Табиғаттың тылсым күштерін танымдық тұрғыдан зерттеу.

Ғылыми жобаның деректік негізі: ғылыми жұмысты жазу барысында осы уақытқа дейін ғылыми айналымға тартылмай келген баспа сөз материалдары мен тарихи түрлі әдебиеттер, ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталып алынды.

 

Зерттеудің болжамы: Зерттеу жұмысы табиғаттың тылсым күштерін танымдық еңбектері арқылы оқушылардың өзін өзі тәрбиелеуі және зияткер ұрпақтың қалыптасуына тарихи көмек.

Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

 Ғылыми жобaның ғылыми жaңaлығы: Табиғаттың тылсым күштерін танымдық тұрғыдан зерттелуі.

 Кіріспе

Табиғат – ырыздықтың, ырыс пен мол қазынаның кайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Ұрпақтан – ұрпаққа мол мұра ретінде калушы.Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен немесе өсімдіктің тамырынан халық емшілері дәрі – дәрмектер жасаган сонымен қатар адам ағзасына дәрінің септігін тиерін анықтаған.Табиғаттың сырын білмей, қалай болса солай пайдалану ойға қонымсыз. Өйткені оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен, аса зор мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат – сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда соның салдарынан адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған гүлге, мәуелеп тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. «Бір тал кессең , он тал ек» демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал, жасыл желек.

1.1 Табиғат

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. абиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.

Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.

Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.

Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.

Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.

Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.

Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және Күннің түтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.

Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.

Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Шындығында, Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды.

Күннің түтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады. Ал табиғатпен адам қатар ұғым. Табиғатсыз адам, адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда.

1.2 Жер бетіндегі таңғажайып құбылыстар

Табиғатты түгел танып-білу мүмкін емес. Адамзат баласының неше түрлі сиқырымен таңғалдырып келе жатыр.

 Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері

Табиғаттың бұл ерекше құбылысын жердіңсолтүстік және оңтүстік полюстеріненбақылауға болады Қазірауаның ластану әсерінен жер шарымыздыңсолтүстік бөліктерінен ғана анық көруге мүмкіндік бар. Аспандағы ашық түсті алуан түрлі ұшқындар мен жарқылдар магнит өрісінің күн сәулесін өзіне тартуынан пайда болады.

 Күн тіреуіштері

Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері

Мына табиғи құбылыс отты құйын секілді сирек кездеспейді. Жарқын тіреуіштер солтүстік шұғыласы сынды көрікті жаратылыс. Мұндай тіреуіштер ауа температурасы 20 градустан төмендегенде пайда болады. Дәл осындай температурада бұлттар мұзды кристаллдар түзе бастайды да, атмосфераның төменгі қабаттарында күнмен шағылысады. Әдетте, кристаллдар жерге жетпей жатып буланып кетеді екен.

Отты құйын (торнадо)

Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері

Жалпы, құйынның өзі – қорқынышты құбылыс. Ал тілсіз жаумен қосылса тіптен жаман. Мұндай құбылыс өрт болып жатқан жерде орын алады. Өрттің жекелеген ошақтары бір үлкен алауға біріккенде ауа қысымы қатты көтеріліп, жоғарыға қарай лаулай бастайды. Құйын тудырған ыстық ауаның шапшаңдығын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Күннің тұтылуы

Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері

Күннің тұтылуы – өте жиі байқалатын қызықты құбылыс. Дегенмен, оны жердің кез келген бұрышынан көруге болмайтындықтан, әлем халықтары мұны сирек орын алатын құбылыс деп ойлауы мүмкін. Ол айдың қимыл-әрекетінің (Күн табағынан өткенде) нәтижесінде пайда болады. Айдың Күнге қарағанда жерге жақын орналасу себебінен (400 есе) күн бетін толықтай жабуға мүмкіндігі бар.

Су ұйығы (иірімі)

Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері

Олар көбіне қайтқан және толысқан толқындардың соқтығысуынан пайда болады. Иірімдегі су қимылының жылдамдығын есептеу мүмкін емес. Тіршілік иесінің жұтылып кетуі ғажап емес. Көптеген ғалымдар су иірімдерінің кемелер үшін қауіпті екендігін жиі ескертіп жатады, дегенмен, тарихта ұйыққа құрбан болған кемелер тіркелмеген.

Екі жағы томпақ бұлттар

Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері

Бұл ғылымда бірнеше онжылдықтар бұрын ашылған құбылыс. Ғылымдағы атауы -"Lenticular mammatus”. Олар көбіне ұшатын табаққа ұқсас келеді. Екі жағы шығыңқы бұлттар соңғы рет осыдан 30 жыл бұрын көрінгендіктен әлі де толық зерттелмеді. Алдыңыздағы сурет 2005 жылы АҚШ-тың Джоплин қаласында түсірілген.

Түн шамы

Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері

Бұл планетамыздағы ең тамаша теңіз ғажайыбы болар. Құбылысқа себеп болып отырған – "Noctiluca scintillans” аталатын өте майда ағзалар. Олар теңізді "Лазерлі шоуға" айналдырып жібере алады. Жәндіктер бір жерге жиналғанда оларды ғарыштан да бақылауға болады. Қысқасы, мына кереметті суреттеп беру мүмкін емес.

2.1 Табиғат тылсым дүние

Табиғат тылсым дүние, ол біді өзіне баурап алады. Табиғат өте әдемі оның көркіне көз тоймайды. Оның мөлдір бұлағы, ну орманы, сарқырап аққан тау суы ақының шабытын оятатын, суретшінің суретіне жан бітірітін осы бізді қоршап тұратын табиғат. Біздің табиғатымыз ол Жер – Ана, туған жер. Туған жер қасиетті кіндік қаның тамған қасиетті жер. Шыр етіп жерге түскен минутыңнан–ақ туған жердің исін сезе бастайсын. Туған жерді сан жылдардан бері ата-бабамыз біліктің күшімен, найзаның ұшымен анталаған жаудан қорғап ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Туған жердің табиғатын қорғау біздің парызымыз. Асан Қайғы бабамызды алғашқы қазақтың тұнғыш эколыгы және табиғат жанашыры деуге болады. Ол желмаяға мініп алып «Жер ұйықты іздеуі, қазақ жерінің кең байтақ жерін,өзен-көлдерін аралап жүріп Сыр бойындағы шөлді алқапты көзі шалып, аңызақ желіне кеудесін айқара ашып былай деген екен.

Шөлге көшіп келесің

Қиындыққа көнесің

Өсіп-өнесің

Арықпен су әкеліп,

Тегістеп қырат белесің

Ағаш-бұта егесің

Жердің төсін емесін

Ерінбесең ертен -ақ

Несібеңді шөптен тересің деген екен.

Туған жердің табиғатына не жетсін шіркін. Табиғат бұл қоршаған орта. Табиғаттың керемет құблыстарын ғалымдар күні бүгінге дейін зеріктеуде. Қазіргі кезде табиғат қорлары азайып бара жатыр. Оның негізгі себебі адамдардың табиғатқа немқұрайлы қарағандығынан болады. Судың да сұрауы бар демекші әр заттың сұрауы болады. Табиғатымыз ластанып бара жатыр мысалы: көліктердің түтіні, мұнай завоттарының қалдықтары, қоқыстар бұның барлығы экалогияның ластануына алып келеді. Алайда қазіргі кезде «Жасыл экалогия» бағдарламасын қолға алуда. Қазіргі кезде қоқыстарды қайта өңдеу завоттары жұмыс жасап жатыр.

Табиғаттың өзі адамзаты еңбек етуге итермелеген яғни адазат табиғаттан үйренген. Қазіргі кезде өсімдіктер мен жануарлардың түрлері жойылуда. Өсімдіктер мен жануарлардың құрып бара жатқан түрлерін "Қызыл кітапқа" енгізеді. Табиғаттағы аң–құстарды қазіргі кезде қорықтарға, қорғау орындарына қамқорлыққа алып жатыр. Біз адамдар аңдарды аулап терісін сатып, етін азық етіп өз қажеттілігімізге пайдаланып келеміз. Ал өсімдіктердің мал азықтық өсімдіктер және дәрілік өсімдіктердің гүлін тамырын алып дәрі–дәрмек жасап пайдаланып өсімдіктерге зиян келтірудеміз. Өсімдіктердің тамырымен қопарғаннан соң өсімдіктің тіршілігін жойылуына алып келеді. Өсімдік тұқымы жойылмау үшін жас өркендерін отырғызып табиғат тепе-теңдігін сақтауға болады. Өсімдік пен жануарлардың жойылған түрін немен толтырамыз. Табиғат қорларының азайып кетпеуіне сіз болып біз болып ат салысып табиғатты қорғап қалуымызға болады. Табиғат келешек ұрпақ жалғасы егер біз табиғатты қорғауға алмасақ табиғит қорларымыз азайып жойылып кетеді. Табиғатты аялайық, қастерлеп келешек ұрпаққа мұра етіп қалдырайық.

 2.2 Ғаламшардағы тылсым күштерді зерттеу тәжірбиесі

 1-тәжірбие

 Аустралиядағы алқызыл көл, Антарктикадағы күрең қызыл сарқырама, Мексикадағы жұмбаққа толы жағажай мен тастары қозғалатын америкалық алқапты әлемдегі ең ғажап орындар деуге болады.

 

Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері

Аспанмен тілдескен таулар мен күн сәулесімен құбылатын теңіз сулары қашан да саяхатшылардың назарын тартады. Алайда табиғаттың мұнан өзге де тосын сыйлары бар. Төменде баяндалатын 7 мекеннің қай-қайсы да табиғат-ана құшағындағы тамаша көріністер.

 2-тәжірбие

Қатқан метан көпіршіктері (Канада).

Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері

Олар тылсым құбылыс тәрізді көрінеді. Құдды суға құлап, қатып қалған ұшатын табақшалар сияқты. Немесе мұзға оранған көне медузалар дерсің.

Шындығында бұл мұз дөңгелектері қатып қалған метан көпіршіктерінен тұрады. Олар су астында қатып, ерекше көрініс тудырады.

Мұндай көпіршіктерді қыс түскенде солтүстік ендіктерде орналасқан көлдерден көруге болады. Мысалы, канадалық Альберта провинциясындағы Абрахам көлі.

Олар суға түскен құрғақ жапырақтар, шөптер мен жануарлар батып, метан бөлетін бактерияларға қорек болғанда пайда болады.

Газ қатқан сумен әсерге түскенде ондаған мың аппақ мұз дискіне айналатын көпіршіктер түрінде бөлінеді.

Бұл ғаламат әрі қауіпті көрініс. Себебі жылы газ ғаламшардағы жылымыққа ғана сеп болып қоймай, оңай тұтанғыш болып табылады.

Көктемде мұз ери бастап, мұз құрсауынан босаған метан көпіршіктері жарылып, быжылдайды. Алайда осы төңіректе әлдекім сіріңке шырпысын тұтатуды ойға салса, метан массасының барлығы жанып, алапат жарылыс орын алады.

Әуесқой саяхатшылар аталған газ ғаламатына канадалық Банф ұлттық саябағындағы көлдерден не Солтүстік Мұзды мұхит жағалауының Сібір жағынан куә бола алады. Бұл төңіректен ғалымдар диаметрі 900 метрді құрайтын үлкен газ көпіршіктерін байқаған.

 3-тәжірбие

Қанды сарқырама (Антарктика)

Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері

Бұл табиғаттағы ғажайып құбылыстың атауы-ақ бәрін айтып тұрғандай. Антарктиканың шығысындағы Мак-Мердо Құрғақ алқаптарында орналасқан қанды сарқырама баяу аққан күрең қан бұлағы сынды көрінеді. Әрі ол аппақ Тейлор мұздығы мен сарқырама құлайтын Бонни көлін қанға бояғандай.

Тосын әрі қорқынышты көрініс! Алайда жүрегіңді тітіркентетін тамышлар қан емес. Және Антарктиканы алғаш зерттеушілер бастапқыда топшылағандай, қызыл балдырлармен боялған су да емес.

Шын мәнісінде жұмбақтың шешімі өте тұзды мұзасты көліндегі жосада жатыр.

Шамамен екі миллион жыл бұрын өте тұзды су Тейлор мұздығымен жабылып, жарықсыз, оттегісіз, жылусыз қалған. Мұздағы жарықты өткен су ауадағы оттегімен әрекетке түсіп, бұл ғажайып сарқырама тат түсін алады.

Бұл саяхатшылар үшін де, ғалымдар үшін де нағыз ғажайып құбылыс. Америкалық антарктикалық Мак-Мердо станциясынан, Скотт жаңа зеландиялық зерттеу станциясынан тек тікұшақпен не Росса теңізінен круизді кеме арқылы жетуге болатын Тейлор мұздығы – мұндай таңданарлық құбылысты бақылауға болатын әлемдегі жалғыз табиғат туындысы.

 4-тәжірбие

Қозғалатын тастар (АҚШ)

Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері

Саяхатшылар «Өлім алқабы» калифорниялық ұлттық саябағындағы құрғап қалған Рейстрэк-Плайя көлінің түбінде артында із қалдыра қозғалған оншақты тасты байқағанда, ғалымдар тығырыққа тірелген-ді.

Кейбірінің салмағы 300 килограммды құрайтын үлкен тастар саябақтың бұл оқшау бөлігінен тұтастай 250 метрге қалай жылжығанының өзі таңданыс тудырады.

Бұл құбылыс кей із жолдарының қисық, кейбірінің түзу екенін есепке алғанда, одан әрі тылсым сиапт ала түседі.

Бұл жұмбақтың артында тұрған не нәрсе? Оның себебін түсіндіру үшін көптеген тұжырым алға тартылды: олардың басымагнит өрісі мен құмды құйыннан басталып, әзілқойлардың, тіпті бөтен ғаламшарлықтардың араласуына дейін жалғасады.

Жұмбақтың шешімін табу тек ауада қалқу және ғарыш кеңістігін зерттеу бойынша АҚШ Ұлттық басқармасының ғылыми қызметкері Ральф Лоренцтің еншісіне бұйырған еді.

Ол 2006 жылы қозғалатын тастардың әрекетін түсіндіру үшін, пластик контейнерге 2,5 сантиметр болатындай су құйып, оған кішігірім тасты қатыру арқылы тылсым құбылыстың моделін жасады. Осы арқылы тастардың құпия қозғалысы түсіндірілген-ді.

Қыста Рейстрэк-Плайя суға толып, түбінде шашылып жатқан тастар мұз болып қалады. Мұз қалқымалылығының жоғары екенін есепке алғанда, қатып қалған тастар батпақты көл түбінде із қалдыра қозғалу үшін самал желдің өзі жеткілікті.

Күн жыли бастағанда мұз еріп, су буланады. Ал жерде тек тастар мен олардың жұмбақ ізі ғана қалады.

 Мұндай қозғалатын тастарды бірнеше жерден көруге болады. Олардың қатарында америкалық Невада штатындағы Литтл-Бонни-Клер-Плайя бар. Десе де ең танымалдары Өлім алқабында жатыр.

5-тәжірбие

Кавах Иджен көлі (Индонезия)

Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері

Саяхатшылар индонезиялық Ява аралына ғажайып Кавах Иджен жанартауын көру үшін жердің түкпір-түкпірінен ағылады. Алайда олар кенеттен тағы бір ғажап құбылысқа куә болады: жанартау төбесінен көгілдір немесе жасыл ақық түсті өзен ағып жатыр.

Диаметрі километрді құрайтын өзенді қоршап жатқан лимон түстес тастар мен ақ газ ағысы таңданысыңызды үдете түседі.

Бұл ерекше көріністі тудыратын жалғыз элемент – күкірт. Жанартау астында орналасқан көлге жанартау ошағынан күкіртті газдар түседі. Металлдардың концентрациялы ерітіндісімен әрекетке түскен газдар суға жасыл-көгілдір түс береді.

Сонымен қатар газдардың арқасында Иджен кратерлі көлі әлемдегі ең үлкен қышқылды көл болып саналады.

Осынау жанартау ошағынан ыстық бастаулар арқылы күкіртті газ сыртқа шығып, көл үстінде тұрады. Газ конденсацияға ұшырап, жерге түскенде көлді қоршаған тастарды сары түске бояйды.

Бұл құбылыс түнде ерекше сипат алады. Күкіртті газдар атындысы ауамен әсерлескенде ашық көгілдір түспен тұтанады.

Жүрегі түкті саяхатшылар ғаламат әрі қауіпті көлмен жақыннан танысу үшін кратерге қарай үш сағаттық жаяу серуенге шыға алады.

 6-тәжірбие

Жасырын жағажай (Мексика)

Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері

Кез-келген саяхатшының арманы – күн де, көлеңке де түсетін, мөлдір сулы, жұрт көзінен тасаланған жағажай. Бұл арман Жасырын жағажай атауымен танымал Плайя-дель-Амор жағажайында орындалады. Ол мексикалық жағалауларға жақын Марьета аралдарының бірінде орналасқан.

Бір қызығы, бұл кішкентай сиқырлы мекен бомба жарылысының салдарынан пайда болған деген пікір бар.

1900 жылдардың басында Мексика Марьетаның елсіз аралдарында бомба сынағын жасаған. Нәтижесінде аралдардың бірінің бетінде үңірейген шұңқыр пайда болды.

Уақыт өте келе көтерілген су мұнда құм мен су ағызып әкеліп, жасырын жұмақ бұрышын жасады. Жалғыздқты ұнататын саяхатшылар мұнда жұрт көзінен таса суға түсіп, күнге қздырынып, қайықпен жүзеді.

Плайя-дель-Амор, яғни аудармасында «Махаббат жағажайы» сырт көзге байқалмайды. Мұнда жету үшін жағажайды мұхитпен байланыстыратын, ұзындығы 24 метрді құрайтын тоннельмен жүріп өту қажет.

7-тәжірбие

Хиллер алқызыл өзені (Аустралия)

Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері

Сирек кездесетін бұл құбылысты көру үшін Батыс Аустралияға ең болмаса бір рет жол тартуға болады. Жайқалған ормандар арасында, оңтүстік мұхиттың қара-көк түсті сулары қоршауында алқызыл өзендер тізбегі жасырылған.

Олардың ең әйгілілерінің бірі – Батыс Аустралияның оңтүстік жағалауы маңындағы Решерш архипелагының Орта аралының шетінде 600 метрге созылып жатқан Хиллер өзені.

Өзеннің ерекше түсінің нендей себепке байланыстылығын әлі күнге дейін ешкім түсіндіре алмаған.

Болжалданған себептерінің арасында бета-каротин қызғылт бояуының көп мөлшерін жинай алатын жасыл балдырлар, көптеп жинақталғанда қызыл болып көрінетін галобактериялардың болуы не алқызыл артемийдің жоғары концентрациясы бар.

Көптеген саяхатшы хиллер өзенінің ғаламат түсіне ұшақ немесе тікұшақтан тәнті болады. Ал жерде саяхаттауды жөн көретіндер үшін қосымша ойын-сауық түрі ойластырылған. Өзен суы өте тұзды болғанымен, улы емес. Сондықтан су киімін ала барып, суға түсу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Су бетінде тығын тәрізді қалқитыныңыз анық.

 8-тәжірбие

«Мыстан шеңберлері» (Намибия)

Тақырыбы: Табиғаттың тылсым күштері

Намиб шөлінің қуаң топырағында өскен шөптен айрықша құбылысты байқай аласыз: диаметрі 2-ден 15 метрге дейін баратын дөңгелек тақырлар 2 500 километр аумақта жиі орналасқан.

«Мыстан шеңберлері» деп аталатын бұл тақыр жер телімі алып күйе көбелек жеген шөп кілемі сынды бүкіл шөлді алып жатыр.

Бұл шеңберлердің пайда болу себебін бүгінгі күнге дейін ешкім түсіндіре алмағандықтан, олар жұмбақ құбылыс болып көрінеді. Десе де аумақта ешқандай кемшілік жоқ.

Ғалымдар бұл аумақ топырағы радиацияға ұшыраған не қандайда бір өсімдік бөлетін улар маңайдағы өсімдіктерге зиян тигізуде деп топшылайды.

Тағы бір себебін аумақтағы ресурстардың бәсекелестігімен түсіндіреді. Шөлді аймақтың қатқыл климаты өсімдіктерді су мен қоректік заттар үшін күресуге мәжбүрлейді. Нәтижесінде әлсіз өсімдіктер жойылып, күштіректері өсе береді. Ал жасыл жабын түрлі пішінде өздігінен қалыптасады.

Не де болса, бұл құбылыстардың айрықша әсемдігіне қарап тұрып, жергілікті халықтың «мыстан шеңберлерін» құдайлар ізі деп сенетін тұжырымына еріксіз келісесіз.

 Қортынды

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады. Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау, табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт бағдарды болжаған. Табиғат біздің сыраушымыз, байлығымыз, күнделікті тынығатын сарайымыз. Табиғат –адамның еңбегінсіз,адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. Өйткені адам баласы табиғатта, тіршілікте өсіп-өніп, жетілген. Қажетін алып, өз пайдасына жаратқан.

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. Камбар К.А., Казахский национальный календарь, Астана, 1985-2018, 824 страниц, на казахском языке, публикация в 2019 году

2. Астрономия майя: научные достижения древней цивилизации, April 24, 2014 By Rajib Mukherjee

3. Диего де Ланда, Уильям Гейтс, переводчик (1937), 1978 год. Юкатан до и после завоевания. Английский перевод Landa's Relación

4. Элизабет Хилл Бун, Уолтер Миньоло (1994). Писать без слов: альтернативные грамотности в Мезоамерике и Андах. Пресса университета Дьюка.

5. «O Códice de Dresden». Мировая цифровая библиотека. 1200-1250., https://www.wdl.org/pt/item/11621/

6. Казахские жилища: Казахская культура и национальные традиции: https://kazakhstan.orexca.com/kazakhstan_culture5.shtml

7. Отрар или Утрар ( казахский: Отырар); также называемый Фараб: https://en.wikipedia.org/wiki/Otrar

8. Советский Союз: Казахская Советская Социалистическая Республика, Голод в Казахстане 1932-33: https://en.wikipedia.org/wiki/Kazakhstan

9. Саймон Эртц (2005). «Казахская катастрофа и орден Приоритетов Сталина, 1929-1933 годы: данные из советских секретных архивов» (PDF). Стэнфордский студенческий журнал российских, восточноевропейских и евразийских исследований.

10. Мой отец – эксперт казахской народной астрономии Алисейт Камбарулы, внук (немере) Байкабил-кажи (1922-2003).


Автор: admin | 24-12-2020, 21:50
Қарау саны: 54
    
Жарнама

Пікірлер -
3


Dbes - 20 қаңтар 2021 21:05
Онлайн-геймс определенно сделались неотъемлемой элементов нашей с вами жизни и для этого, надо исполнить ход любой геймс больше сочным к тому же https://irongamers.ru/ интересным наш ресурс предлагаем именно для ценителей качественного времяпрепровождения настоящий онлайн-страничку игровых паролей, кабинетов также руководств на известным играм. Именно на данном площадке pillars of eternity гайд по классам онлайн среды юзер может подобрать необходимый инструкцию исходя из геймс, каковы вмещают лаконичное воссозданию касательно ведения игры, к тому же возможно купить под себя игровой страничку либо пароль совместно из игрой Икс бокс, Steam, Epic Games Store, EA play, Юплей к тому же иных сервисов. Применение нашей многосторонней ресурса посодействует пользователю быстро отыскать именно то, необходимое что игроки хотели к установленную геймс, также легко сделать транзакцию чтобы снова возобновить упиваться новой игрой из применением справочника плюс кодов. Спешите IronGamers.Ru, только сейчас идет распродажа геймс гайдов и аккаунтов к премьерных играм текущего времени года именно по очень невысоким расценкам!

Приветствуем пользователей в гейм площадке электронных изделий – гейм входов к тому же ключей! Наша коммерческая https://gamakey.ru маркет онлайн варианта рекомендует геймерам всевозможные инструкции, ключи также личные аккаунты в приемлемой цене с определенных цифровых сервисов, по Твич, Стим, Ориджин, Xbox, Epic Games Store, Uplay PC. Выбрать необходимые игры с помощью гейм источнику Gemakey магазин компьютерных игр gamakey.ru имеет возможность всякий кто хочет, для вас мы продумали удобный инструменты именно для того, чтобы сделка среди клиентом совместно с торговой платформой происходила достаточно устроенно и свободно. Необходимую формат Вы сумеет определить по каталога по стартовой странице ибо найти в окне поиска, к тому же рекомендации исходя с аккаунтов также рекомендаций просто оформить согласно цене, рейтингу игроков или возрастанию. Самые распространенные игры, вышедшие новинки, оптимальная GamaKey.Ru стоимость также каталог лишь на одном веб источнике – игровой торговой сайте, кликайте, выбирайте также оплачивайте на одном сайте!

Dkiz - кеше, 02:29
А вы сами так пробовали делать?


------
voip number


Идея потрясающая, поддерживаю.


------
канадский номер телефона континент телеком


Эта тема просто бесподобна :) , мне очень нравится )))


------
yacht charter barcelona


Забавный топик


------
аренда яхты хорватия

Sskege - кеше, 22:42
На мой взгляд это очень интересная тема. Предлагаю всем активнее принять участие в обсуждении.


--------
DSBF-C-50-100-PPSA-N3-R | https://avenue17.ru/

Я согласен со всем выше сказанным. Давайте обсудим этот вопрос. Здесь или в PM.


--------
https://novopet.ru/pet-preformi | https://novopet.ru/

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :