» » Мағжан Жұмабаев"Түркістан"


Мағжан Жұмабаев"Түркістан"

Султангереева Гулайым Орынгалиевна
БҚО Тасқала ауданы Тасқала селосы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ
1-санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі[/b]
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділігі:- Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отыра, тарихи кезеңге назар аудару, поэманың тақырыбын, идеясын ашу.
Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың тілін,ой-өрісін дамытып, ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелігі: ақынға және туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.
Міндеттері:
-балалардың бойына ізденімпаздық қасиеттерді қалыптастыру, өткен тарихқа көздерін жеткізу.
-оқушыларды өз ұлтын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу және патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» поэмасы
Сабақтың ойқазығы: Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
(Мағжан Жұмабаев)
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділігі:- Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отыра, тарихи кезеңге назар аудару, поэманың тақырыбын, идеясын ашу.
Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың тілін,ой-өрісін дамытып, ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелігі: ақынға және туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.
Міндеттері:
-балалардың бойына ізденімпаздық қасиеттерді қалыптастыру, өткен тарихқа көздерін жеткізу.
-оқушыларды өз ұлтын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу және патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: іздендіру,сатылай кешенді талдау ,«Канбан»әдісі.сұрақ-жауап, баяндау, салыстыру, поэма мәтінімен жұмыс.
Интеграциялық мүмкіндігі: 1. Тарих
2. География
Сабақтың көрнекілігі: сызба, слайд, бейнефильм, теледидар, сурет.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Жылдар сөйлейді» әдісі арқылы
Міржақып Дулатұлы:
1885,1897-1902,1909,1910,1911,1913, 1922,1924,1928,1930,1935;
- Балалар, бүгін сабағымызды бастамас бұрын мен сіздермен мынадай психологиялық тренинг жүргізгім келіп отыр.Қазір, оқушылар біз бір сәтке көзімізді жұмып алдымызға түнгі аспанды елестетейікші. Сұрақ:
-Біз не көріп тұрмыз, балалар?
-Түнгі аспан, жарық жұлдыздар т.б
Олай болса, қазір барлығымыз сол қою қара аспаннан өз жұлдызымызды таңдап алайықшы, және оны алақанымызды соза отырып, жүрегімізге жақын тартып, сонан соң жай ғана босатайық. Сол сендер таңдаған жарық жұлдыздарың болашақта сендарге анық жол көрсетіп, сендерді жақсылыққа жетелеп, арман-мақсаттарыңа жеткізеді деген сенімдемін.
Сұрақ: - Балалар, «Жарық жұлдыз» - деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Қазақтың маңдайына біткен «Жарық жұлдыздардың бірі –Мағжан»
Мағжан Жұмабаев – қазақ әдебиетінің ұлы тұлғаларының бірі болған.
Мағжан – әдебиетте қайталанбас өзіндік қолтаңба қалдырған дарынды тұлға.
-Олай болса, дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып, назарларыңызға ұсынылатын мына бейнетаспаға көңіл бөлулеріңізді сұраймын.
Ақынның өмірбаянын бейнетаспадан көру.
ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту.
1. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ӨЗЕКТІЛІГІ.
1) ХХ ғасырдың басындағы жалғыз қазақ емес, күллі Тұран жерінен шыққан түркі текті халықтардың мақтанышына айналған, көзі тірісінде-ақ мәңгілік сөнбес Шолпан жұлдызындай жарқырап шыққан Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы толығырақ мәлімет алу, «Түркістан» өлеңін оқып талдай отырып, тұран,түркілер жайлы түсініктер мен білімді дамыту.
Өлеңге талдау жасау арқылы ақынның өзіндік ерекшеліктері мен тіл шеберлігін білу. Еліміздің тарихын тереңірек білу.
2) Өзектілігі: Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын жас ұрпаққа саналы тәрбиені әдебиет арқылы қалыптастыру. М.Жұмабаев шығармаларын оқу арқылы жас ұрпақ бойында туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, елінің тарихын білуге және құрметтеуге тәрбиелеу.
І дидактикалық кезең.Бейнебаянда:
1) М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы
Қазақ әдебиетінің хх ғасыр басындағы шоқ жұлдыздарының бірі-М.Жұмабаев XIX ғасырдың аяғы мен хх ғасырдың басында өмір сүріп,қазақ әдебиетіне ерекше сәнімен, өлмес әдеби мұрасымен,бай сезімімен, сыршылдығымен келген. М.Жұмабаев1893жылы Солтүстік Қазақстан облысы,Булаев ауданы «Молодежный»совхозында дүниеге келген.
Мағжан Жұмабаев алғаш білімді ауыл мұғалімінен алып, ертерек хат таниды.1905жылыҚызылжардағы медресеге түсіп, 1910жылы бұл медресені жақсы бітіріп шығады.Содан кейінгі жылдары Уфадағы медресе-Ғалияда дәріс алады. 1913-1917 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясын, 1923-1926 жылдары Мәскеудің әдеби-көркем институтын бітіреді.
1913 ж.Қазан қаласында «Шолпан»атты тұңғыш жинағы жарық көрді.
1927ж.М.Жұмабаев еліне оралады.Оқытушылық қызметпен айналысады,жаңа өлеңдер жазады.Осы кезде жала жабылып,он жылға концлагерьге айдалады.Одан 1936ж.босанып шығып,бір жылдан кейін қайта ұсталып,1938 жылы 19наурыз күні атылады.Ақынға «халық жауы»деген қара таңба басады.Оның шығармалары да қараланады.Тек жарты ғасыр өткеннен кейін ғана ақын аты елімен, жерімен қайта қауышты.
ІІ дидактикалық кезең.
Біз бүгін сіздермен Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» поэмасымен танысамыз.

М.Жұмабаев «Түркістан» өлеңін 1923 жылы жазды. «Түркістан» өлеңі- Мағжанның Шығыстық,Тұрандық өлеңдерінің шыңы және Мағжанды түрікшілдікпен айыптатқан туынды.
Отанын сүйген ақын көк түріктерді өзгелерден өзгеше көреді. Ақынға сенер болсақ, дүниеде түріктен асқан халық жоқ. Шаңқобыз шабытына мініп, қиял көгінде шарықтаған ақынды туған халқын соншалықты сүйіп, жырға қосқандығы үшін кінәлау қиын.
«Түркістан» өлеңін мәнерлеп оқып,талдау
Ақын бұл шумақтарда метафораны, эпитетті, теңеуді, эпифораны, аллитерацияны шебер қолданған.
б) 8-15-шумақ.талдау.(жазбаша СКТ).
Метафора, риторикалық сұрақ, эпифора, эпитет, эпитеттік метафора т.б.көркемдеуіш құралдарды қолданған.
3.а) Жаңа сабақты қосымша деректер мен мәліметтер арқылы толықтыру(ауызша).
Йасы қаласының орнында ІV-Х ғ. Шауғар мекені болған. ІV-Х ғ. ол ірі қалалар қатарына қосылып, сол кезден бастап Йасы аталған. Ал ХV ғ. бастап Йасы қаласы Түркістан деп аталды. Түркістан қаласы казіргі Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде орналасқан. Түркістан атауы «түріктер елі», «мекені» деген мағынаны білдіреді. Түріктер – Орталық Азияны мекендеген көшпелі тайпалар. VІ ғ. Түрік қағандығы құрылды. Монғолия мен Орта Азияны мекендеген түркі тілдес тайпалар мен ұлыстар Түрік қағандығына бағынды. Алтай тауынан Каспий теңізіне дейінгі ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпалары даТүрік қағандығының қол астына қарады.
Түркістан қаласында атақты Орта Азия билеушісі ӘмірТемірдің бұйрығымен ХV ғ.соңы ХVІ ғ. басында қасиетті Қожа Ахмет Йасауи кесенесі салынған. Атақты Есім ханның тұсында Түркістан Қазақ хандығының астанасына айналып, көп жылдар бойы хан ордасы қызметін атқарған.
Ақын Тұраннан шыққан тарихи қайраткерлерді мақтаныш тұтады. Өлеңде Афрасиябтың, Кей-Қысыраудың, Зұлқарнайдың, Шыңғысханның, Ақсақ Темірдің, Ұлықбектің Әл-Фарабидің т.б. аттары аталады. Мағжан осы тұлғаларды түркі халықтарына ортақ деп санаған. Мағжан Жұмабаев Тұраннан шыққан ұлылар қатарына Шыңғысханның да есімін қосады. Осы уақытқа дейін Шыңғысханды басқыншы, жауыз деген пікірлер басым болып келсе, Мағжан оны Тұран мақтанышы ретінде жырға қосады.
Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
Данышпан,тұңғиық ой,болат жігер.
Шыңғыстай арыстанның құр аты да
Адамның жүрегіне жігер берер.
Мағжанның ойынша, қазақтар-түріктердің қара шаңырағына ие болып қалған халық.
2. Поэма мәтінімен жұмыс.
1. Поэма мәтінін мәнерлеп оқу және әр шумаққа ат қою. (оқушы)
1 шумақ - Түркістан – екі дүние есігі ғой.
2 шумақ - Тұран – ер түрік мекені.
3,4,5,6 шумақтарда – Тұран табиғаты.
6,7 шумақтарда - өзен-көлдері, жер-су аттары – Оқыс, Яқсарт - Жейхун- Сейхун - Амудария - Сырдария
8 шумақта – Тұран таулары Тянь-Шань,Тарбағатай, Памир, Алтай, Қазықұрт.
3. Поэма бойынша сұрақтар құрастыру.
1) Түркістан қайда орналасқан? (картадан көрсету)
2) Түрік және түркі сөздерінің мәнін қалай түсінесің?
(Түрік – ұлт атауы, түркі - туыстас халықтар атауы)
3) Поэмада «Алаш» деген сөз жиі кездеседі оны қалай түсінесің?
(Тілімізде алты Алаштың балалары деген ұғым бар. Алаштың арыстаны –Абылай еді)
4. Поэманы қысқаша мазмұндау.
ІІ дидактикалық кезең.
Поэмаға сатылай кешенді талдау:
1.Авторы: Мағжан Жұмабаев «Түркістан» поэмасы
2.Тақырып – бұл тарихи туындының іргетасы. Бұл – тарихи поэма.
Тарихи поэма – бұл белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықтың
сәулесі
3.Жанр түрі – өлең, поэзия, себебі өлең дегеніміз – белгілі бір
өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып
келетін өрнекті сөз жүйесі.
4. Идеясы: автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін
суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан
бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.
5. Поэма 8 шумақты. Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды
білдіреді.
6. 32 тармақты. Тармақ – өлеңнің әр жолы.
7. Поэманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні – поэмада туған жерді,
Отанды сүю, қорғау, әрбір оқушыны өздеріне артылған әлеуметтік,
азаматтық жүкті сезінуге, тәрбиелеуге арналған.
ІV.Сабақтың қорытынды бөлімі.
ІІІ дидактикалық кезең. «Түркістан – ұлы ойшылдар мекені»
а/ «Ұлы ойшыл» - деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Балалар, бұл жерде халқымызға белгілі адамдар туған. Олар:
1. Әл-Фараби – ұлы ғұлама ғалым. Отырарда туған. Ғылымның барлық түріне дерлік үлес қосқан.
2. Ибн Сина (980ж) – медицина ғылымдарының негізін салушы.
3.Ұлықбек (1394ж) – астрономия ғылымының негізін салушы.
Осындай ұлы адамдар туған жер өте қасиетті мекен болып саналады.
ІҮ дидактикалық кезең «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді».
Ойды бекіту:
1-топ. Түркістан – екі дүние есігі ғой.
2-топ. Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
3-топ. Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң дейтін.
Поэма бойынша шығармашылық деңгей: «РАФТ» стратегиясы
Ү дидактикалық кезең «Үй жұмысы» Деңгейлік тапсырмалар
1. «Тарихи қайраткерлер» тақырыбында қысқаша эссе жазамыз.
2. Поэмадан өзіңе ұнаған кез-келген өлең шумағын жаттау
3. «Түркістан – қасиетті мекен» тақырыбы бойынша пейзаж.
Бағалау.
Ілмек сөздер: мағжан түркістан
Автор: Рауан | 31-03-2015, 11:48
Қарау саны: 6094
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :