Менің педагогикалық ұстанымым » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Менің педагогикалық ұстанымым


Менің педагогикалық ұстанымым

Сансызбаева Ранай Бисенбаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
 Менің педагогикалық ұстанымым«Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» кмм

«Мектеп – кеме, білім – теңіз» демекші, «білім» атты алып теңізде жүзіп келе жатқан ұстаздар қауымының жалғыз нысанасы - ел болашағы. Ал ел болашағы дегеніміз сол алып теңіздің арман жағалауы. Осы жағалауда бізді не күтіп тұр?.. Осы сұрақтың дұрыс жауабы біздің, ұстаздардың қолында тұрған жоқ па? Сондықтан да ұстаз деген алдында қандай қиыншылық тұрса да, алған беттен тайынбайтын берік ұстанымның адамы болуы тиіс қой!
Мен сол ұстаздардың бірімін. Мен өзімнің ұстаздық жолымның қасиетті жол екенін шын жүрегіммен сезіне отырып, биік ұстанымыма, болаттай берік берік төзімділік пен еліме деген ыстық махаббатымды серік қылып, аянбай еңбек етуге дайынмын. Менің осынау талпынысыма қанат бітірген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып отырған ұстаздар білімін, шеберлігін көтеріп шығармашылықпен жұмыс істеуге бағытталған үш айлық курста жүрген күндерім. Мен бұл уақыт ішінде өз тәжірибемді шыңдаумен қатар, «педагог» немесе «ұстаз» деген ұлы ұғымды жаңа қырынан таныдым, өз мамандығымның сырын терең ұғындым. Мұндағы ұлағатты ұстаздардың берген бағытымен жаңаша көзқарастар туындады, шығармашылыққа, нәтижеге деген талпыныс пен өз мамандығыма деген ерекше сүйіспеншілік пайда болды. Мен алдымдағы әрбір шәкіртімнің жүрегіне жол тауып, ұстаздық махаббатпен білім нәрін сіңірудің жаңа әдіс-тәсілдерін үйрендім. Мен енді, бұрынғы бір сарынды баяндау мен жауап алудың ұстазы емеспін. Мен – бүгін шәкірттеріме өздері еңбектеніп білім алуды үйретуші, болашағына бағыт-бағдар беруші, ұйымшылдық пен елге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, оның ертеңіне деген сенімін арттыра түсуші тәлімгер ұстазбын. Ұлы бабаларымыз да айтпаушы ма еді: «Балаға балық ұстап берсең бір күндік азық, ал, оны қалай ұстауды үйретсең - өмірлік азық», - деп. Менің педагогикалық ұстанымым да дәл осы. Бұл әрине, біздің дана бабаларымыздың өмірден түйген, ұрпағын берген аманат-өсиеті ғой. Ал, осы өсиетті заман талабына сай жаңғырта отырып, әрі қарай ұрпақтан-ұрпаққа жалғай түсу – халқымыз алдындағы қасиетті парызымыз. Осы парыздың алтын тұтқасы біздің, немесе, ұстаздардың қолында. Сондықтан да мен өзімнің осы үш айлық курстан алған білімімді одан әрі жетілдіре отырып, ел болашағын ешкімнен кем түспейтін, бәсекелестікте баса озатын, биік таудай мұратты, қырандай талмас қанатты, алмастай алғыр талапты, білімі теңіздей шалқыған, жүрегі толқындай тулаған шәкірттер тәрбиелеуге бар күшімді сала отырып, еліме қызмет етуге дайынмын! Осы ұстаным – менің педагогикалық еңбегімнің нәтижелі жемісі болады деп сенемін!
Абайдың қара сөздерін оқыту арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға баулу
«Ұлыларды анда-санда бір еске алып отырмаса, олар да ұмытылып қалады» ( Шыңғыс Айтматов.)
Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына екендігін есепке ала отырып 9-сынып оқушыларын Абай даналығынан сусындатуды жөн санадым. Сабақта сыни тұрғыдан ойлау модулі стратегияларын пайдалана отырып сыныптағы 26 оқушыны жыл мезгілдерінің суреттері арқылы төрт топқа бөлдім. Психологтардың зерттеуі бойынша ұлттық мінез- құлық – белгілі бір ұлтты басқа ұлт өкілдерінен айырып көрсететін сол ұлт өкілдерінің басым көпшілігінің бойынан табылатын ерекше қасиеттер. Кез-келген ұлт зиялыларының ұлттық мінез-құлыққа қатысты еңбектерінен сол халықтың басқа ұлт өкілдерінен бөліп көрсететін ерекше қасиеттерін көретініміз айдан анық.Абайдың қара сөздері арқылы қазақ ұлты болашағын тәрбиелеу ХХI ғасырда біздге берген Алланың сыйы деп қабылдай отырып, Абай тәлімінің мән-мағынасына оқушы жас ерекшеліктерін ескере отырып саралап алдым.
Кембридж университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебінің жаңа Бағдарламасынан білімімізді шыңдаған бізге Абай тәлімін дәріптеуді, жас мамандарға кеңес ретінде ұсынуды перзенттік борышымыз ретінде сезіне отырып қазақ педагогикасы атты теңізге тамшы боп үлес қосуды жөн санадым..
Автор: dauke | 31-03-2015, 19:21
Қарау саны: 2962
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :