» » Тұскиіздің жасалу жолдары.


Тұскиіздің жасалу жолдары.

Сабақтың тақырыбы: Тұскиіздің жасалу жолдары.
Тұскиіздің  жасалу жолдары.Сабақтың мақсаты: Ұлттық қолөнерді игере отырып, оның маңызын, мағынасын және орындалу әдістерін меңгерту.
Білімділігі: оқушыларға тұскиіз туралы мағлұмат беру, тұскиіздің жасалу жолдарын үйрету.
Дамытушылығы: ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын дамыту.
Тәрбиелілігі: халықтың өнерін бағалай білуге, ұқыптылыққа, төзімділікке,
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қорыту.
Пәнаралық байланысы: тарих, геометрия, сурет,сызу.
Көрнекілік: Буклет, дайын тігілген тұрмыстық бұйымдар, тұскиіздің суреті. Ою- өрнектерді сызу технолгиясы.
Керекті құрал-жабдықтар: Ине, жіп, қайшы, бор, мата, киіз,сабын.
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Өткен сабақты қайталау.
1. Жүн түрлері ?
2. Жүн өңдеудің жолдары?
3. Жүннің адам денсаулығына пайдасы?
Сөз жұмбақ шешу:

3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Тұскиіз –сәндік және жылылық үшін, әрі төсек тұсына ілетін үй жиһаздарының бір түрі. Тұскиіздің екі түрі болады, біріншісі жүннен жасалған, екіншісі матадан жасалған тұскиіз. Жүннен жасалған тұскиізді жасау үшін күзгі маусымда қырқылған күзем жүннен тығыздап басылған жұқа киіз дайындалады. Матадан дайындалған тұскиізді тігу үшін түсті барқыттар, жібектер, шұға, т.б. маталардың әр түрлі етіп алынған ою-өрнектер тігіледі. Қазақ қонақ жай болғандықтан арнайы бөлек үйді қонаққа арнап дайындаған. Оның жасау- жабдығы да күнделікті қолданып жүргендей емес өте сәнділікпен безендірілген бұйымдардан құралады. Тұсқа айшықты тұскиіз ілініп, төрге оюлы текемет төселеді.Тұскиіз үйдің жасауы ретінде сән берер жиһаз болғанымен, қыста суықтан қорғану мақсатында керегеге ұстаған. Тұскиіз жасаудың алуан түрлі жолдары мен көптеген түрлері кездеседі. Ірбір адам өзінің өнерін, қажымас қайратын жұмсап, тұскиізді жасап, безендіруге уақытында, өнерін де аямаған. Қазіргі кезде де тұскиізді матаның бетіне кесте жіптермен өрнектеп салып, не матаны матаға оюлап бастырып жасайды.


4. Жаңа сабақты пысықтау сұрақтары.
1. Тұскиіздің неші түрі бар?
2. Киізден жасалған тұскиізге қандай жүн қолданылады.?
3. Тұскиіздің тұрмыстағы орны?
4. Қана, қыздар кимнің үйінде ою бастырылған тұскиіз бар?
5. Тұскиізге матаның қандай түрлері қажет?
6. Тұскиізге қандай оюлардың түрлері қолданылады?
Міне, қыздар сендер тұскиіз туралы біраз мағлұмат алып, сұрақтарға дұрыс жауап қайтардыңдар. Олай болса сарамандық жұмысымызды бастайық.
5. Сарамандық жұмыс:
1. Жұмыс орнын ұйымдастыру.
2. Техникалық қауіпсіздік ережелері
3. Нұсқау қағазы бойынша оюды матаға жапсыру.
Енді сендеге нұсқау қағазын таратып шығамын. Сол бойынша тұскиіз тігіп бастаймыз.
6. Ағымдағы нұсқау.
Оқушылардың нұсқау картамен жұмыс істеуін бақлау, түсінбегендерін көрсетіп, түсіндіру.
7. Қорытындылау.
1. Тұскиіздің неше түрі бар?
2. Киізден жасалған тұскиізге қандай жүн қолданылады?
3. Тұскиіздің тұрмыстағы орны?
4. Тұскиізге қандай матаның түрлері қажет?
5.Тұскиізге қандай ою түрлерін қолданылады
Оқушылардың білімдерін жасаған бұйымдарына байланысты бағалау.
Үйге тапсырма.
Жұмыстарын аяқтау.


Автор: dauke | 1-04-2015, 22:42
Қарау саны: 2854
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :