» » Нөмірленген және маркерленген тізімдер


Нөмірленген және маркерленген тізімдер

Балқаш аудандық білім бөлімінің «Топар орта мектебі МДШО» МКМ
информатика пәнінің мұғалімі Калибекова Алма Жамбуловна
Нөмірленген және маркерленген тізімдер
Сабақ жоспары
Пәні
Информатика Күні 30.01 Сыныбы 6a
Оқушылар саны:
Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер
Сілтеме оқулық 6сынып , журнал «Информатика негіздері» әдістемелік нұсқау т.б
Жалпы мақсаты:
Оқушыларға нөмірленген, маркерленген тізімнің түрін қоя білу ұғымы туралы ақпарат беру. Нөмір мен маркер түрін ажырату, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже Күнделікті іс -әрекетте нөмірленген және маркерленген тізім құра біледі.
Түйінді идеялар Күнделікті өмірде құжаттар құру кезінде нөмірленген және маркерленген тізімнің баптай алуына мүмкіндік береді.
Оқыту әдістері:  Диалогтік оқыту, «бастама жауап кейінгі әрекет» нысаны бойынша түрткі болатын сұрақтар қою. СТО әдісі,топтық жұмыс
Ақпарат көздері: АКТ,интербелсенді тақта, тест , сөзжұмабақ, фигуралар
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс- әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.
1 мин ЕТК Қауіпсіздік ережесін еске түсіру; Оқушылармен амандасу;
Сыныпты түгендеу;
Оқушыларды топтастыру бейнелерді құрастыру арқылы;
Психологиялық тренинг.
Өз аттарының бас әріптеріне сипаттама беру; Кезекші оқушы тізімі бойынша түгендейді
Топқа бөлінеді
Өздері туралы сипаттайды
Үй тапсырмасын тексеру 3 мин
Топтық жұмыс Өткен тақырыптық білімдерін сұрақ қою арқылы анықтау
1. Мәтіндік құжат пішімдеу деп нені түсінесіңдер?
2. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар?
3. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?
4. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар? т.б Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Қосымша әр топ бірлесе отырып топтарға арнап бір сұрақтан қояды?
Ой қозғау жаңа тақырыпқа шығу 5 мин
Диалог Бүгінгі сабақта жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін, Мәтінді қандай редакторда тереміз? үлкен және қарапайым редакторда жұмыс істеудің ерекшелгі. Оқушылар есепті шығару арқылы белгілі бір реттілікпен амалдарды орындау керектігін табады.
Білу
Түсіну 8 мин
Диалог,АКТ, жұптық жұмыс Ереже:Word бқл мәтіндерді енгізуге , түзетуге.пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор.
1. Пішімдеу құралдар үстелінен нөмірленген және маркерленген тізімнің түрін (сандармен әріптермен,жақшамен немесе нүктемен)таңдауларыңа мүмкіндік беріледі.
Электронды оқулықпен танысады.

Әр топ жеке-жеке постерде орындайды.
Талдау 8 мин СТО Әр жұптағы оқушылар алған мәліметтерімен бөлісіп, топта талдайды.Сұрақтарға жауап береді Қажетті мәліметті жазып түртіп алады.
Сергіту сәті 3 мин «Физминутка» жасайды. Оқушылар қимыл қозғалыста болады.
Қолдану 10 мин
Жеке-дара жұмыс Практикалық тапсырма ДК
1. Нөмірленген тізім таңдап, компьютерлік жабдықту мәтінді жазып, баптау.
2. Маркерленген тізімді таңдап, баптау Оқушылар компьютерге оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындайды
Синтездеу 5 мин
СТО Сабақты қорытындылау.

Қорытындылау
Оқушылар топтастырады

Бағалау 3 мин Бағалау парағына сүйене отырып, жиынтық бағасын шығару.
Оқушының
аты - жөні Үй тапсырмасы Түсіну Практикалық
жұмыс Қорыту

Оқушы өзін өзі бағалайды
Рефлекция 1 мин Бүгін мен не білдім қызықты болды
Қиын болды.Мен енді білемін Өз ойларын жазып смайликке іледі
Үйге тапсырма 1 мин Тақырыпта оқу. Мәтінге әр түрлі маркерленген тізімді қос Күнделікке жазу
Автор: dauke | 4-04-2015, 19:45
Қарау саны: 1181
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :