» » Гимнастика.Акробатикалық жаттығулар


Гимнастика.Акробатикалық жаттығулар

Талдықорған қаласы
№14 орта мектеп-гимназиясының
дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Жомарт Сетерхан
Сабақтың тақырыбы: Гимнастика.Акробатикалық жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
А) Әр түрлі биіктіктегі арыс жасалатын жаттығуларды жетілдіру.
Ә) Акрабатикалық тепе-теңдік жаттығуларын дамыта үйрету.
Б) Күштілік ептілік икемділік қасеиттерін дамыту.
Сабаққа керекті құралдар-жабдықтар: Әр түрлі биіктіктегі арыс, гимнастикалық
төсеніш, гимнастикалық орындық, бөрене,
гимнастикалық қабырға.
Сабақтың әдісі: Жаппай, топпен.

№ Сабақтың мазмұны Уақыт мөлшері Әдістемелік нұсқаулар
І Дайындық бөлім 15 мин
1 Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың мақсатын таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!» «Алаңды айналып алға бас!» жаттығулары 2 мин
Арнайы киімдеріне сабаққа даярлығына және берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару. Ара қашықтықты сақтау.
2 Жүру бағытында орындалатын жаттығулар
Алға жүру:
1.Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру
2.Қол белде өкшемен жүру.
3.Қол желкеде жартылай отыр жүру.
4.Қол тізеде, отырып жүру, секіру. 2 мин
Қолды бүкпеу, денені тік ұстау.
Кеудені тік ұстау.
Кеуде тік, басты көтеріп ұстау.
Жоғары секіру.
3 Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары:
1.Жеңіл жүгіріс
2.Тізені алға көтеріп жүгіру.
3.Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру.
4.Аяқтың басын алға сілтей жүгіру.
5.Оң қапталмен қолды алға айналдыру.
6.Сол қапталмен қолды артқа айналдыру. 3 мин

Ара-қашықтық сақтау.
Тізені алақанға тигізу.
Аяқты алақанға жеткізу.
Барынша жоғары секіріп, қолды толық айналдыру.
4 Тыныс алу жаттығулары,сапқа 2 қатарға тұрғызу.
5 Жалпы дамыту жаттығулары 8 мин
1 БҚ қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы тұру. Бір қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артта ұстау.
2.БҚ
3.Екінші аяқпенен де осылай жасау.

Гимнастика.Акробатикалық жаттығулар4-6 рет Барлық оқушылардың бірдей жасауын қадағалау.
2 БҚ қолдарын төмен ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.
1.Сол аяғын ұшымен жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді.
2.БҚ Екінші жаққа да осылай жасау. 6-8 рет
Гимнастика.Акробатикалық жаттығулар
Аяқты бүкпей түзу жасауын қадағалау.
3 БҚ Бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама-қарсы тұрады. Аяқтардың арасы алшақ ұсталады.
1.Алға қарай серіппелі түрде еңкею
2.Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасай, осылай істеу. 6-8 рет Гимнастика.Акробатикалық жаттығуларАяқты бүкпеу керек.

4 БҚ қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.
1.Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю.
2.БҚ екінші аяқпен де осылай жасау.

8-10 рет

Гимнастика.Акробатикалық жаттығуларҚолдарын жібермеуін қадағалау.
5 БҚ Қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұру.
1.Жартылай отыру.
2.БҚ келу.
10-12 рет

Гимнастика.Акробатикалық жаттығуларАрқаларын түзу болу керек.

6 БҚ серіктерінің иығына қолды салып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады.
1.Сол аяқты алға-оңға қарай сілтеу.
2.БҚ келу. Екінші аяқпенда осылай жасау. 10-12 рет
Аяқтарын түзу көтеруін қадағалау.
Гимнастика.Акробатикалық жаттығулар
7 БҚ табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстасып, гимнастикалық төсеніште қарама-қарсы отыру.
1.Сол аяқты жоғары көтьеріп, созып ұстайды.
2.БҚ
3-4 Оң аяқпен де осылай жасау. 6-8 рет Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау.
8 БҚ табандарын тіреп аяқтарын алшақ қойып бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады.
1.Біреуі алға еңкейсе, екіншісі шалқайды.
2.БҚ
3.Екінші жаққа еңкейіп шалқаю.
4.Бұл да сондай, бірақ сол қолмен ұстайды. 6-8 рет Гимнастика.Акробатикалық жаттығуларАяқтарын түзу ұстауын қадағалау.
9 БҚ арқаларын бір-біріне беріп, аяқтарын тіке жазып отырады. Қолдарын көтеріп басынан ұстайды.
1.«А» алға еңкейеді. «Б» аяқтарын бүге, табанмен еденге тіреле «А»- ның иығына жатады.
2.БҚ
3.Қайталау. 6-8 ретГимнастика.Акробатикалық жаттығулар Бір жаққа құламай қолдарын басынан ұстауын қадағалау.
ІІ Негізгі бөлім 25 мин
6 Оқушыларды 1 сапқа тұрғызу.
1.Гимнастикалық скамейкадан секіру;
2.Гимнастикалық төсеніште алға домалау.
3.Ағаш аттан аттау
4.Гимнастикалық төсеніште артқа домалау.
5.Тепе-теңдік сақтап жүру.
6.Гимнастикалық қабырғада мініп-түсу. Жаттығуларын жасату.
7.Демді қалыпқа келтіру жаттығуларын жасатып 3 топқа бөлу.

7 мин

Оқушылардың тұрып қалмай, дұрыс жасауын қадағалау
І топ
Әртүрлі биіктіктегі арыста
1.Тартыла секіріп, аяқты ашып міну.
2.Шалқаю
3.Қолын арыстан ұстап жабдықтың үстінде отыру.
Гимнастика.Акробатикалық жаттығулар

4.Қарлығаш жасау.
Гимнастика.Акробатикалық жаттығулар

5.Бұрыш жасап
Гимнастика.Акробатикалық жаттығулар

6.90о-қа айналып секіріп түсу, жаттығуларын жетілдіру.

18 мин

Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, сыныптасының, мұғалімнің көмегімен жасауын қадағалау.
ІІ топ
Акробатикалық жаттығулар
1.Алға домалау
2.Көпір жасау.
3.Артқа домалау
4.Жауырынға тұру.
5.Аяқты басынан асыра жерге тигізіп, алқанын жерге қою.
6.Жарты шпагатқа келіп отыру жаттығуларын жетілдіру. Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сыныптасының көмегімен жасау.
ІІІ топ
Тепе-теңдік жаттығуларын
1.Қарлығаш жасау.
2. Қолды жайып, аяқтың ұшымен жүру.
3.Жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылу.
4.Тізені жоғары көтере жүру, жаттығуларын дамыта үйрету. Топтарды жаттығуларын бірнеше рет жасағаннан кейін орындарын алмастыру. Сыныптасының көмегімен жасау.
ІІІ Қорытынды бөлім 5 мин
7 Оқушыларды сапқа тұрғызып. Сабақты қорытындылау. Мадақтау. Бағалау. Қателік жіберген оқушыларға ескертіп түзеу. Үйге тапсырма беру.

Автор: dauke | 4-04-2015, 20:08
Қарау саны: 5763
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :