» » М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы


М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Акылова Жанар Ашербековна
Алматы облысы
Балқаш ауданы,
Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен МКМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні:
Акылова Жанар Ашербековна Қазақ әдебиеті 8 -сынып

Сілтеме Қ.Әбдезұлы, Г.Д.Рыскелдиева, С.Ч.Тұрсынғалиев 8-сынып оқулығы. 182-216 бет.
Тізбектелген 2 сабақ жоспарының 2-күні
Сабақтың тақырыбы М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың түрі Білімді бекіту
Сабақтың жабдығы, көрнекіліктер Оқулық, интерактивті тақта, ноутбуктар, слайдтар, портрет, ашық журнал
Мұғалім дайындығы Нені үйретемін? Не үшін? Қалай? Нәтижесі?
Жалпы мақсаты
Шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу;
Міндеттер:
1. Ақынға деген құрметі артады, поэманы түсініп оқу, сөз астарына үңіліп, мағынаны түсініп сын тұрғысынан ойлап, өз пікірін қорғай білуге дағдыланады, пәнаралық байланыс арқылы білімдері артады.
2. Өлең жолдарына әдеби-теориялық талдау жасауға машықтанады, дербес ізденуге үйренеді, шығармашылық қабілеті дамытады.
3. Еліне, жеріне, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімі артады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері, жұмыс түрлері Сабақ жоспарымды Блум таксономиясы бойынша күтілетін нәтижеге негіздеп құрдым, тиімділігі: оқушы іс шығармашылық сатыға өзінің іс-әрекеті арқылы жетеді, нәтижесінде «Мен» тұжырым деңгейіне көтеріледі. Ол үшін:
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын:
1) Қызығушылығын ояту, 2)мағынаны ашу, 3) ой-толғаныс.
СТО стратегияларын қолдану арқылы метатану аспектілерін анықтайды.
Қызығушылықтарын ояту және компьютерді тиімді қолдануды бағыттау үшін АКТ-ны қолданамын.
Талантты және дарынды балалардың үш тұғырлы тілді терең меңгерулеріне ықпал етемін.
Білім беру үшін және оқуды бағалу тәсілдері бойынша жиынтық бағалау қолданылады.
Күтілетін нәтиже Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділіг артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарындыны үлгі етеді, үш тұғырлы тілді меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдуру арқылы сөз байлығы молаяды.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері 1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу
2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру
3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Сабақта туындаған негізгі идеялар Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау
Сабақтың барысы, уақыты Жұмыс түрі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру

Білім Сәлемдесу
Оқушыны түгелдеу
Топқа бөлу

«5 сұрақ қою тәсілі» Үйге берілген тапсырманы (М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы) тексеремін.

Мұғалім бағыттайды Ұнаған үзінділерін мақаммен жатқа айтады, ақын туралы қосымша сұрақтарды сыныптастары қояды:
Үй тапсырмасына қатысты керек сұрақтардың әрқайсысы түрлі сұрау есімдіктерінен басталуы тиіс. Қашан? Қалай? Қайда? ...
Түсінік І.Қызығушылығын ояту:
«Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсетіледі Мұғалім сұрақ қою техникаларын қолданады:
-Кино кім туралы?
-Кинода ойнаған күй қалай аталады?
-Фильмнің авторларын білесіңдер ме?
-Ақынның поэмасына арқау болған тақырып? Оқушылар метатану аспектілері: сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
Тарих пәнімен байланыс жасайды.
Қолдану ІІ.Мағынаны ашу
«Шарлау»
стратегиясы Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды Жеке кейіпкерлерді талдайды, салыстырады, талқылайды, пікірін ортаға салады, сын көзбен қарайды, пікір алмасады
Талдау Поэманың композициялық құрылысына талдау Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады, кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды
Ана аққуды неге атпақ болды?
2. Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне баға беріңдер.
3. Құсты құлатқаннан кейінгі ана өкініші.
4. Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген?
Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы: теңеу сөздерді тауып жазыңдар.
1. Поэмадан аққудың жарасымды әрекетін табыңдар.
2. Оқ тиген аққудың мүшкіл халін өрнектеген детальды табыңдар. Оқушы кітапқа қайта үңіледі, ізденеді, дәптермен жұмыс жасайды.

Жинақтау Талантты және дарынды балалармен жұмыс.

Топтық жұмыс

«Автор орындығы» Мұғалім бағыттайды, бақылайды.
Ана, бала туралы үш тілде сипаттама жазу.

Қасиет, сұлулық сөздеріне постер құру

Сабақ барысы ұнады ма?

Өздеріңді ананың орнына қойып көріңдер Талантты және дарынды балалар қазақша, ағылшынша, орысша сипаттама жазады.
Оқушылар осы сөздерге байланысты постер құрады, өздері қорғайды.
Бір оқушы шығып ана болып сөйлейді
Рефлексия:
Не үйрендім?
Қалай?
Несімен ұнады?
Бағалау
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы ескеріліп, жиынтық баға қойылады.
Үйге тапсырма:
«Аққу және ақын» еркін шығарма жазу Мұғалім тапсырады, бағыттайды. Күнделіктеріне жазып алады.
Автор: dauke | 4-04-2015, 20:45
Қарау саны: 2314
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :